Тігіс түрлері (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тігіс түрлері ( көктеу тігісі)

Бухарбай Қауя Сапарбекқызы, А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Арқалық қаласы


Сабақтың мақсаты: Білімділік: тігіс түрлерін үйрету;

Дамытушылық: іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: бастаған істі талаппен бастап, талғаммен аяқтау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, дайын тігімдер

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, тарих

Сабақ жабдықтары: ине, жіп, мата, қайшы, қарындаш, үлгіқалып.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) оқушылармен амандасу.

Оқушылардың қонақтармен амандасуы.

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз

Бәріңізді құрметтеп

Бас иеміз біз.

ә) Құрал-жабдықтарын түгендеу.

Б) Назарларын сабаққа аудару.

1,2,3

Бойға жинап күш,

Жалқаулықты тастаймыз

Жаңа сабақ бастаймыз.

В)Сабақтың тақырыбымен мақсатын таныстыру.

Ой қозғау.

Жұмбақ жасыру.

Кірш-кірш етеді

Ішіне кіріп кетеді (ине)

Бір тышқанда екі құйрық.(ине мен жіп)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру.)

-Алғашқы инелер неден жасалған?

-Инелер нешеге бөлінеді?

-Тігу үшін тағы қандай құрал -жабдықтар керек? (жіп, қайшы)

-Жіптердің қандай түрлерін білесіңдер?

(мақта және жібек жіптер. Мақта жіптер жұп сандармен, жібек жіптер тақ сандармен белгіленеді).

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе сөз

  • Қазақ халқының көнеден келе жатқан кестелеу өнерінің негізі инемен тігетін қарапайым тігістерде жатыр.

  • Тігіс түрлері адамзаттың үстіне киім кие бастаған кезден бастау алуы мүмкін десек тігіс түрлерінен екі бөлек затты біріктіру үшін қолданылған «көктеу» тігістің басы ең көнесі десек артық болмас. Адамзат киім кешек тігу барысында сан ондаған тігіс түрлерін ойлап тауып, әр тігістің ерекшеліктері, көрінісіне қарай ат қойып, айдар тағып отырған.Ине тігісі қарапайымнан көркем тігіске дейін жеткен.

Тігіс түрлері (1 сынып)Көктеу жөрмеу тепшу жөрмеу

Тігіс түрлері (1 сынып)Тігіс түрлері (1 сынып)Тігіс түрлері (1 сынып)

ҚТігіс түрлері (1 сынып)иғаш сәндік

ІТігіс түрлері (1 сынып)Тігіс түрлері (1 сынып)лмек тігіс

Тігіс түрлері

ТТігіс түрлері (1 сынып)аңдай тігіс түйін тігіс

Тігіс түрлері (1 сынып)

Тігіс түрлері (1 сынып)Тігіс түрлері (1 сынып)Тігіс түрлері (1 сынып)Тігіс түрлері (1 сынып)

Қайып тігу бүгіс тігіс тышқан із тігіс шалып торлау т.с.с.

Осыларды қарапайым тігіс түрлері десек те көркем тігістің негізі деуге әбден болады. Және олардың кейбірі өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді.

Тігіс түрлеріне байланысты слайдтар көрсету.

ІҮ Негізгі бөлім.

Көктеу тігісі.

Тігіс түрлері (1 сынып)

Ежелден келе жатқан орындалуы тым қарапайым, тұрмыста жиі қолданылатын «қазақы тігіс» осы көктеу тігісі. Тігу барысында бірдей арақашықтықты сақтау керек, матаға түскен жіптің ізі «шаншым» деп аталады. Ал тігіс- бұл бір ырғақпен бірінің артынан бірі орындалып отыратын бірдей бірнеше шаншым.

Көктеу тігісі мата бөліктерін біріктіру үшін қолданылады. Сол сияқты бұл тігіспен қол орамалға салынған суретті тігуге болады. Матаға тігу үшін көбінесе кесте жібі қолданылады. Кесте жібі жұмсақ,әрі матаның бетіне біркелкі түседі. Ол түрлі түсті болады.

Керекті құрал-жабдықтар. Ине, кесте жіп, қайшы, ақ мата, үлгіқалып,қалам.

Ү.Қауіпсіздік ережелері.

  • Жұмыс бастар алдында және жұмыс соңында инелерді сана.

  • Инені аузыңа салма! Оны киіміңе шаншып қойма!

  • Инеге жіпті ұзын сабақтама.

  • Жіпті қолмен тартып, тіспен үзуге болмайды. Оны қайшымен қиыңдар.

  • Тігу кезінде түзу отыр. Тігіп отырған жұмысыңды көзіңе жақындатпа.

  • Қайшыны тұқыл жағымен бер.

  • Жұмыс барысында басқаға көңіл бөлмеу т.с.с.

ҮІ. Сарамандық жұмыс.

Көбелек бейнесін көктеу тігісімен жүргізу арқылы өзімізге қол орамал дайындап алайық.

Сергіту сәті.

Нұсқау картасы.

Бұйымның орындалу тәртібі

Бұйымның нобайын салу

Құрал-жабдықтар

Көбелектің суретін үлгіқалыппен көшіру

Тігіс түрлері (1 сынып)

Мата, қарындаш, үлгіқалып

Көбелекті көктеу тігісімен жүргізу

Тігіс түрлері (1 сынып)

Мумине жіп, ине, қайшы

Дайын болған бұйымды сәндеу

Жұмыс кезінде екі топқа бөліп, әр шаншым сайын сұрақтар беру. «Ия , жоқ» ойыны (музыка ойнап тұрады)

  1. 4 пен 3-тің қосындысы 6-ға тең ( жоқ.)

  2. 2 мен 5-тің қосындысы 7-ге тең (ия)

  3. Зат атын білдіретін сөздерге кім? не? сұрақтары қойылады? (Ия)

  4. А дыбысы д/сыз дыбыс? (Жоқ)

  5. Көбелек құстар тобына жатады? (Жок)

  6. Еңбектің наны тәтті ......

(жалқаудың жаны тәтті)

  1. Сейтжан Аружан сыныбымыздың нашар оқушысы? (Жоқ)

  2. Қойдың төлі-қозы (ия)

  3. Ас атасы-тәтті кәмпит (жоқ)

  4. Еңбек етсең ерінбей ,...

(тояды қарның тіленбей)

11.Дәрігер машина жургізеді? (Жоқ)

12.Қар астынан алғашқы гүл бәйшешек шығады.(ия)

13.С дыбысы дауысы дауысты дыбыс? (Жоқ)

14.Заттың атын білдіретін сөздерге не істейді? деген сұрақ қойылады? (Жоқ)

15.Спортпен айналасу денсаулыққа зиян. ( жоқ)

16.Бунақденелілердің алты аяғы бар? ( Ия)

17.9 санының көршісі 7саны. (Жоқ)

18. 60 санын 10-ға арттығанда 70 шықты ( Ия)

19. О дыбысы жіңішке д/ты дыбыс? (Жоқ)

20.Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болмайды? (Жоқ)

21.Торғай ең ұлкен құс? (Жоқ)

22.Жануарларға қатысты сөздерге не? нелер? деген сұрақтар қойылады? (Ия)

23.Бүгін аптаның төртінші күні? (Жоқ)

24. Көбелектің алты аяғы бар?( Ия)

25.Көбелектер қыста інге немесе қуыстарға тығылып ұйықыға кетеді.(Ия)

26.Балық қос мекенді жануарларға жатады? (жоқ)

27. Қазақ тілінде 42 әріп бар?( ия)

ҮІІ. Қорытынды.

Флипчартпен жұмыс . ----------------------------------------

Қандай тігіс?

А) Тігіс не үшін қажет?

ә) Тігістің қандай түрлерін білесіңдер?

Б) Тігіншілікке немесе тігіс түрлеріне байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

« Оймақтының өнері-өмірде жоқ өлері»

«Көргенсіз көктеумен жүреді»

( Көктеу тігіс - іс аяқталғанда сөгіліп тасталатын тігіс.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау. Жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау, көрме ұйымдастыру.

ІХ. Үйге тапсырма . Гүлді көктеу тігісін жүргізу арқылы тігіп келу.







© 2010-2022