Математика 2-сынып. Өткенді пысықтау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі

23-мамыр

2011-2012 оқужылы

Сабақтың атауы

Өткенді пысықтау

Сілтеме

Алматыкітап. /Математика/ 270 бет

Жалпы мақсаты

Өрнектерді тиімді тәсілмен орындау, теңдеулер мен есептерді шығару және өлшем бірліктері туралы алған білімдерін пысықтау.

Оқыту нәтижесі

1 амалмен және 2 амалмен орындалатын есептерді, теңдеулерді және өрнектерді тиімді тәсілмен орындай алады. Өлшем бірліктерін еске түсіріп, тест жұмысын орындайды.

Негізгі идеялары

Балықтарды құтқару арқылы қоршаған ортаны қорғауға баулу. Ұйымшылдықпен жұмыс атқару, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындау. Жыл бойы өткенді қайталау.

Тапсырмалар

Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар

Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже

Көрнекілік, слайд, видео

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастыру.

ЖИГСО стратегиясы арқылы топтарға бөлу, топ басшыларын сайлау. Сыныптын ұранын айту.

Сабағымыздың мақсаты білімімізді көрсету арқылы мысықтың шашып алған балықтарын аквариумге салып көмектесу.

Сыныптың ұраны: Күш - білімде, білім - кітапта.

Көмектесуге дайын екендерін айтады.

1-слайд

3 мин

Бағалау критерийі

Топты бағалау критерийі:

1.Топпен белсенді жұмыс жасауы-2 балл

2.Тапсырмаларды дұрыс және толық орындау -3 балл;

Өзін-өзі бағалау критерийі:

1.Ауызша есептеу -1 балл;

2.Өрнектерді тиімді тәсілмен орындау -2 балл;

3.Теңдеулерді шешу -3 балл

4.Өлшем бірліктері -2 балл

5.Тест жұмысы-5 балл

Өздерінің жұмыстары қалай бағаланатынын түсінеді.

Әр тапсырманы орындаған сайын оқушы өзі орындаған жұмысын бағалау критерийлары арқылы балдық жүйемен бағалап отырады.

Әр бөлім бойынша тарсырмаларды дұрыс орындаған оқушылар өз тобының қоржынына балық салып отырады.

2-слайд

3-мин

Үй тапсырмасы

Оқушыларға берілген үй тапсырмасын әр топ басшыларына оқытып, қалған оқушыларға тексерттім.

Сабақ соңында дәптерлеріне орындаған үй тапсырмаларын өткізеді.

2 мин

Ауызша есептеу

Қос балықты құтқару.

Мәні 86-ға және 100-ге тең болатын өрнектерді табу арқылы гүл құрастыру.

Берілген өрнектердің мәнін дұрыс тауып, гүл құрастырады.

3-слайд Флипчарт 3-мин

1-тапсырма

Екінші балықты құтқару.

Өрнектерді тиімді тәсілмен есепте:

1-топ: 250+170+150

2-топ: 480+340+120

3-топ: 560+230+170

4-топ: 390+250+110

Топ мүшелері топ арасында талқылап, әр топтан 1 оқушы шығып тапсырмаларды орындайды.

(250+150)+170=570

(480+120)+340=940

560+(230+170) =960

(390+110)+250=750

4-слайд

6 мин

2-тапсырма

Үшінші балықты құтқару.

Ақ қағазға жазылған теңдеулерді орындап қорғайды.

1-топ: 128+х=630

2-топ: а-540=60

3-топ: у+170=300

4-топ: 500-с=140

Әр топ өздеріне берілген теңдеулерді шешіп, теңдеудің шешілу жолдарын айтып қорғайды.

5-слайд

6 мин

Сергіту сәтін өткізу

3-тапсырма

Төртінші балықты құтқару.

Өрнекте:

1м=?см 3кг=?г

2дм=?см 1сағ=?мин

1тәул=?сағ 4м=?дм

1жыл=?ай 1апта=?күн

Флипчартта жылжытып әкелу арқылы орындайды.

1м=100см 3кг=3000г

2дм=20см 1сағ=60мин

1тәул=24сағ 4м=40дм

1жыл=12ай 1апта=7күн

Флипчарт

6 мин

Топтық тапсырмаларды ерте орындап болған оқушыларға арнайы деңгейлік тапсырмалар болды. Яғни оқушы бос отырып қалмас үшін сабақтың кез-келген кезеңінде орындауға болады.

4-тапсырма

Бесінші балықты құтқару.

Тест жұмысын тапсырма парағына орындау.

Тапсырма парағына орындап болған соң, жауаптарын тексереді.

6-слайд

5 мин

Қорытынды

Кері байланыс жасау

Сұрақтар:

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Несімен?

-Сабақта нені өзгерткің келер еді?

-Саған ең пайдалысы не болды?

-Саған не ерекше қиын болды?

Оқушылар өз ойларын айтады.

3 мин

Оқушыларды бағалау

Бағалау түрі: Екі жұлдыз бір тілек.

Қоржынға жиналған балықтар арқылы топтың жұмысын бағалау.

Оқушылар бағалау критерийі арқылы өздерінің жұмысын бағалайды.

7-слайд

5 мин

Үйге тапсырма беру

№3-273 бет

Күнделік толтырады.

1 мин

Шығу парағын толтыру

Оқушылардан интерактивті тақтаға өз көңіл-күйлерін білдіру сұралады.

Оқушылар өз көңіл-күйлерін білдіреді.

2 мин



© 2010-2022