- Преподавателю
- Начальные классы
- Баяндама Ата-ана қарым-қатынасының бала тәрбиесіне тигізер әсері
Баяндама Ата-ана қарым-қатынасының бала тәрбиесіне тигізер әсері
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Жусупова М.К. |
Дата | 18.11.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
Ата-ана қарым-қатынасының бала тәрбиесіне тигізетін әсері.
Бәрімізге белгілі, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Үйде баланың басты ұстазы ата-анасы. Бүгінгі күні ата-аналар мен ұстаздар алдында тұрған басты міндет-балаға кішкентайынан түзу тәрбие беру, еліміздің сауатты да саналы, инабатты, адамгершілігі мол ұрпағын тәрбиелеу. Егер ата-ана мен мұғалім өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей орынды, дұрыс талап қойып отырса тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат шығары сөзсіз. Екі жақты байланыс нығайғанда бала тәрбиесіне қатысты күрделі мәселелердің түйіні шешіледі. Сондықтан да, бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың өзара қарым-қатынасын нығайтып, жауапкершілігін арттырудың маңызы ерекше. Бала тәрбиесінде ұстаз бен ата-ана, ең алдымен баланың мінез-құлқын бақылап, оның күнделікті айналысатын ісіне бағыт-бағдар беріп, жиі әңгімелесіп, мектептегі әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа белсенді қатысуына ықпал еткені жөн. Ал, үйде әрбір ата-ана балаларының бос уақытын қалай өткізетінін жете қадағалап, зерігуіне жол бермеуі керек. Егер бала не істерін білмей босқа сенделіп жүретін болса, олар тәртіп бұза бастайды, бетімен кетуге әдеттенеді. Жасыратыны жоқ, қазір бала тәрбиесі өте қиын, күрделі жағдайда. Оқушылардың сабаққа келмеуі, түрлі тәртіп бұзушылық сияқты фактілер кездесіп жатады. Бұл жерде кейбір отбасыларда түрлі қиын жағдайлардың қалыптасуы да балалар тәрбиесіне кері әсер етуде. Отбасындағы дағдарыс, ерлі-зайыптылардың ажырасуы, заңсыз отбасы құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, маскүнемдік т.б. келеңсіздіктер сөз жоқ ол баланың жан дүниесіне ауыр соққы болып тиеді. Мұндай ортада өскен бала өте қамкөңіл, тез ренжігіш, күйгелек мінезді болып өседі, ата-аналық мейірімді қатты аңсайды. Бала тәрбиесі, оның денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету - бұл ата-аналардан көп күш-жігер мен төзімділікті қажет ететін күрделі процесс. Тәжірибеге сүйенсек, тіпті жайлы отбасыларда да, ата-аналар балаларын бар махаббатымен жақсы көріп, өздерінің бар көңілдерін баларына аударып отырса да, тәрбие процесінде қорқыту, балаларының басқалармен қыдыру және араласуларына тыйым салу, тіпті тән жазасына дейін қолдануы мүмкін. Бір жағынан, қоғамның жалпы ізгіленуінің ықпалымен ата-аналардың бұрынғы қисынды қатал шараларын мейрімсіздік деп атай бастады. Сонымен қатар, осындай тәрбие әдісінің өз балаларының құқығын бұзушылық екендігін ата-аналардың көпшілігІ түсінеді. Баланы өмір қуанышы емес, өздеріне масыл деп есептейтін мәдениеті төмен отбасылардағы балалардың жағдайы өте мүшкіл. Зорлық - зомбылық құрбандарының көпшілігінің жайсыз отбасыларынан шығуы, мәселені күрделендіруде. Әке-шешесі де ішімдік пен нашақорлыққа тәуелділігі мәселені шиеленістіре түседі. Сондықтан, бүгінгі күнде балаларға зорлық пен мейірімсіз қатынас жасау мәселесін талқылап қана қоймай, оның шешімін табу шараларын қарастыру керек. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты зорлық көрсету мәселесін педагогтар, ата-аналар мен жалпы балаларға қатысы бар үлкендердің бірігуі арқасында ғана шешуге болады. Балалар мен жасөспірімдерді қаталдық пен мейірімсіздіктен қорғау, оларға қатысты қылмыстардың алдын алу салааралық сипатта шешімін табатын, өте маңызды әлеуметтік мәндегі көкейкесті міндет. Балаларға қатысты зорлықтың кең таралуына екі жағдай себеп болуда. Біріншіден, қатал педагогика шарасын жиі қолданатын ата-аналар балаларға қатал қараудың залалды зардаптарын біле бермейді. Екіншіден, зорлық-зомбылық дерегін дер кезінде анықтауға үлкендердің жағдайы жабулы қазан ішінде қалдыруға талпынуы және заңнамадағы азаматтардың жеке өміріне сол сұғылмаушылық құқығы кедергі болуда. Бала құқығының бұзылуына, соның ішінде зорлау, ата-аналар, қамқоршылар немесе басқа да тұлғалар адамгершілік жауакершілікті ғана емес, сонымен қатар заңды тәртіпті, әкімшілік, қылмыстық, отбасылық және азаматтық құқықты мойындарына алуы тиіс. Зорлық-зомбылықтың түрлері: дене зорлығы, жыныстық зорлық, сезімге әсер ететін (психологиялық) зорлық, кемсітетін қатынас. Дене зорлығы - баланың дамуына және балаға ауыр тиетін қатыгездік және адамгершілікке қарсы әдейі бағытталған іс-әрекет (денеге ауыр тиетін соққы, тістеу, өртеу, баланы әдейі тұншықтыру, суға батыру сонымен қатар балаға у беру немесе оған пара-пар дәрі беру. Жыныстық зорлық - ересектер балаларды нәпсіқұмарлық қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдалану. Балаларды жыныстық әрекетке қоқан-лоққы, күш, қулық қолдану арқылы тарту. Балаларды порнографиялық өнімді дайындау үшін, сонымен қатар оларды көрсетуге пайдалану. Балаларды жезөкшілікпен айналысуға қатыстыру. Сезімге әсер ететін (психологиялық) зорлық - бала ұдайы махаббат пен көңіл аударудың аздығын сезіну, қоқан-лоққы мен келемеж, олар баланың өзіне деген сенімін, абыройын жоғалтуға әкеледі. Кемсітетін қатынас - тұрғын үй, тамақ, киім, емдеу баланың өмірлік қажеттілігін қанағаттандырмайды. Сонымен қатар балаларды қараусыз қалдыру. Баланың негізгі қажеттіліктерін елемеу «моральдік қатыгездік» - бұл ата-ананың немесе олардың орнындағы қамқорлыққа алған ересектердің қарапайым қамқорлығының жоқтығы және баланың тәрбиесіне жауапсыздықпен қарау, дамуына және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады. Бала қажетілігінің негізгі қанағатсызданбауының негізгі себептері:
- баланың жас ерекшеліктеріне сай тамақтанбауы, киім-кешегінің, баспанасының жайсыздығы, білім алуының, медициналық көмектің болмауы;
- балаға қамқорлықпен қараудың болмауы;
- балаға деген назар мен сүйіспеншіліктің болмауы;
- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу.
- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.
- Тұрмыстық зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу.
- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квалификацияланады: денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.