«Білгенге маржан» ( Білім сайысы)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Бекітемін:



«Аталар сөзі-ақылдың көзі»

(тәрбие сағаты)

Мақсаты: Оқушыларға шешендік сөздердің мәнін ұғындыру.

Оқушыларды ата сөзіне қызықтыру.

Көрнекілігі: Үлкейтіліп салынған ата мен немере суреті.Өнегелі

сөздер жазылған плакаттар.

  • Балалар, бүгін біздер «Аталар сөзі-ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымен танысамыз.

Мұғалім: Жерден ауыр не?

Судан терең не?

Оттан ыстық не?

Көктен биік не?

1-о: Жерден ауыр дегенім-ақыл,білім,

Судан терең дегенім-оқу,ғылым.

Оттан ыстық дегенім-адамның өмірі.

Көктен биік дегенім- тәкаппардың көңілі.

Мұғалім: Алты алаш деген не?

2-о: Алты алаш деген-Алаш ханың алты балалары: Қазақ , Қарақал-

пақ , Қырғыз,Өзбек, Түркімен,Жайылхан.

Мұғалім: Не жетім?

3-о: Жаңбыр жаумаса - жер жетім,

Басшы болмаса - ел жетім,

Ұқпасқа айтылған сөз жетім.

Мұғалім: Дүниеде не тәтті,не жұмсақ , не қатты ?

4-о: Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ . Әкеің жүрегі қатты

Мұғалім: «Әкім» деген сөзді ажырата білесіңдер ме ?

«Ә» дегені-әділ бол,

«К» дегені-кекшіл болма.

«І» деген-ілтипатты бол,

«М» деген-менмен болма,мейірман бол.

Мұғалім: Үш сауап туралы не білесіңдер ?

Оқушылар: Үш сауап:

Шөлге құдық қазған.

Өзенге көпір қазған.

Жолға ағаш еккен.

Мұғалім: Қазақша күн аттарын білесіңдер ме ?

Оқушылар: Бүгін-дүйсенбі,

Ертең - сейсенбі.

Бүрсігіні - сәрсенбі.

Арғы күні - бейсенбі.

Ауыр күні - жұма.

Соңғы күні - сенбі.

Азына - жексенбі.

Мұғалім: Он атаны атаңыз.

5-о: Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туа жат,жүре жат, жекжат,жұрағат.

Мұғалім: Жеті қазына дегеніміз не ?

6-о: 1. Ер жігіт

  1. Сұлу әйел

  2. Ілім-білім

  3. Жүйрік ат

  4. Құмай тазы

  5. Қыран бүркіт

  6. Берен мылтық

Мұғалім: Жеті қазына дегеніміз не ?

7-о: 1. Қыдыр

2. Бақ

3. Ақ жаулық

4. Ақыл

5. Денсаулық

6. Тұз

7. Ит

Мұғалім: Жеті жұтты атаңыз.

Оқушылар: 1. Құрғақшылық

2. Мал жұтау

3. Оба(індет)

4. Өрт

5. Соғыс

6. Жер сілкіну

7. Сел жүру (тасқын)

Мұғалім: Кім жақын ?

8-о: Тату болса-ағайын жақын.

Ақылшы болса-апайың жақын.

Бауырмал болса-інің жақын.

Инабатты болса-келнің жақын.

Алдына тартқан адал асын,

Қимас жақын қарындасың.

Мұғалім: Не қымбат ?

9-о: Алтын-Отан қымбат.

Құт-берекең -атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейрімді апаң қымбат,

Бәрінен де ұят пен ар қымбат.

Мұғалім : Не қиын ?

10-о: Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын.

Іске аспаған тсерт қиын,

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен «өрт» қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың.

Мұғалім: Қазақтың қонағы неше түрлі болады ?

11-о: Қазақтың қонағы төрт түрлі болады:

  1. Арнайы қонақ .

  2. Құдайы қонақ .

  3. Қыдырма қонақ .

  4. Қылқыма қонақ .

Мұғалім: Дүниеде не қымбат ?

Адамға не қымбат ?

Жансызда не қымбат ?

12-о: Дүниеде адам қымбат.

Адамға бала қымбат.

Жансызда гауһар қымбат.

Мұғалім: Достық нешеу ?

13-о: Достық екеу.

Бірі-адал достық,

Екіншісі-амал достық .

Адал достық- өмірлік нұсқа болады,

Амал достық-өрісі қысқа болады.

Мұғалім : Ата салтымыз бойынша бата сұраймыз.

14-о: Қуаныштың тұрағы бол,

Ұлан істің бұлағы бол.

Мерекенің құрағы бол.

Сабырлының сыңары бол.

Пәк үлгінің шынары бол,

Туралықтың тұмары бол.

Әумин.

-Балалар,біздің «Аталар сөзі-ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

- Сабақ аяқталды.

- Сау болыңыз.





№37 жалпы орта білім беретін мектебі










«Білгенге маржан»


( Білім сайысы)











Өткізген: Сарсенова Г.К






2014 жыл






Тақырыбы: «Білгенге маржан»

Мақсаты:

Балаларды Отаншылдыққа,елжандылыққа ,ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.


Армысыздар,құрметті оқушылар!

«Білгенге маржан» атты білім сайысына қош келіпсіздер.

Алтын бесік секілді,

Туып өскен жер,қызмет.

Ақыл,сезім,ой-сана.

Адалдық,достық,ар қызмет.


Адамзатқа дүниеде

өмір-ау десем ең қымбат.

Дарқан тірлік мекенім

Бәрінен Отан сен қымбат!

-Бүгінгі кеште қатысатын топтарды қарсы алайық.

І. «Достық» тобы

ІІ. «Отан» тобы

-Оқушылардың өнеріне әділ төрелік етпек қазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар.

(қазылар алқасымен таныстыру)

-Біздің кешіміз мынадай бөлімдерден тұрады.

1. «Сен білесің бе» -сәлемдесу, топтарды таныстыру.

2. «Жаздыгүні шілде болғанда» атты мәнерлеп оқу жарысы.

3. «Әрі оқу, әрі ойын»-ойын

4. «Менің кішкентай әлемім»-өз хоббиін айту

5. «Тапқыр болсаң, тауып көр» -жұмбақ шешу

6. «Өрнекті сөз-ортақ қазына» - мақалды жалғастыру

7. «Ұшқыр ой-жылдам жауап» -пәндер бойынша 10 сұрақ

-Қазір мына қоржынның әр топтың мүшесі өз кезек нөмірлерін таңдап алады.Сол кезекпен өздерін таныстырады.


Әртоп өздерін таныстырады.

2. «Өлең сөздің патшасы -сөз сарасы» -деп Абай атамыз айтқандай келесі жарысымыз

«Жаздыгүні шілде болғанда»деп аталады. Бұл мәнерлеп оқу жарысы. Әр топтың бір мүшесі өлең оқиды.

3. Келесі сайысымыз «Сөйле, тілім,сөйлеші» деп аталады.Әр

топ жаңылтпаш айтып айтысады.

4. «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталатын бұл бөлімде біз сендермен жұмбақ шешеміз.

«Достық» тобына арналған жұмбақтар.

1.Кішкене ғана ұлым бар ,

Кірген -шыққан сүйеді. (кесе)

2.Зулап түсіп төменге ,

Шықпас менсіз төбеге (шана)

3. Бұл анық сыпайы,

Бұралып тұрады.

Бұралып еніп ,

Бұралып шығады. (бұрғы)

4. Шөптің арасында жездемнің

Қамшысы жатыр. (жылан)

5. Жалт-жұлт етеді,

Өз еркіне жіберсен

Дүниені бүлдіреді. (от)


«Отан» тобына арналған жұмбақтар.

1. Бесікте тентек бала шырылдайды,

Көтерсең құлағына сыбырлайды. (телефон)

2. Екі семсер айқасқан,

Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)

3. Қозғалса-ақ орнынан,

Келетіні қолынан,

Әркімді бір төмпештеу,

Мінезі оның шәлкектеу. (балға)

4. Ауызы бейне орақ,

Шөп емес, бірақ мал орады. (қасқыр)

5. Екі бала қатар тұрса да,

Бірін-бірін көрмейді. (көз)

Келесі кезекте «Өрнекті сөз-ортақ қазына » деп аталады.Бұл бөлімде мен мақал оқимын ,әр топ мақалды жалғастырады.

  1. Ана сүтін ақтамағанды,ешкім мақтамайды.

  2. Жақсы туса-ел ырысы,

Жаңбыр жауса-жер ырысы.

  1. Кісі елінде сұлтан болғанша,өз елінде ұлтан бол.

  2. Аяғына қарап асын іш,

Анасына қарап қызын ал.

  1. Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

  2. Еңбек түбі -береке.

  3. Отан-оттан да ыстық.

  4. Отан үшін отқа түс-күймейсің.

  5. Тіл қылыштан-өткір.

  6. Басқа пәле-тілден.

Келесі кезекте «Әрі оқу, әрі ойын» . Мұнда сіздеоге «Достықтарымыздың» атты сөз беріледі.Сол сөзден бірнеше сөз құрастыру керек.

Сайыстың келесі бөлімі- «Ұшқыр ой-жылдам жауап» деп аталады.Екі топтың ойыншыларына 8 сұрақ. Әр сұрақтың жауабы 1 ұпаймен есептеледі.

  1. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?ъ

  2. Қазақтың ұлы ақаны кім?

  3. «Тәуелсіздік монументі» қай қалада орналасқан?

  4. Қатаң дауыссыздарды ата.

  5. Қ.Р-ның Тәуелсіздігін қай жылы алды?

  6. Тұңғыш президентіміз кім?

  7. Бетіне түрлі түсті ою -өрнек түсіріп басылған үй жиһазы не?

  8. «Жақсылық пне Жамандық» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.

1.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

2. Еліміздің аса ірі тас көмір кен орны қай қалада?

3. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

4. Ұяң дауыссыздарды ата.

5. «Бөбек» қорының президенті кім?

6. Қазақ халқының аспапта орындайтын музыканы не дейміз?

7. «Әліппе» атасы кім?

8. «Ұр,тоқпақ!» ертегісіндегі кейіпкерледі ата.

-Міне ,білім сайысы да өз мәресіне келіп жетті.Білім сайысында білімділігін,тапқырлығын,қабілетін сынға салып ,өз өнерін танытқан «Достық» тобы мен «Отан» тобындағы оқушыларға үлкен алғыс айтамыз.

Сайыс қорытындысын шығару үшін қазылар алқасына сөз беріледі.

Оқушылар дипломмен марапатталады.

© 2010-2022