Киіктің айласы Әдебиеттік оқу

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспарлау кестесі

(Әдебиеттік оқу 3сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ә.Қоңыратбаев «Киіктің айласы»

Сабақтың мақсаты: Мәтін бойынша түсінік беріп,Сұрақ-жауап арқылы мәтін мазмұнын ашуЖабайы жануарларға деген көзқарасын арттыру.Олардың негізгі жауынан қорғанатын белгілерін жайында ой қозғау.

Сабақтың міндеттері: Киіктің айласының маңыздылығы туралы оқушылардың көзқарасын анықтау.

Күтілетін нәтиже:

1. Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді.

2. Әр бала өз ойын еркін жеткізе біледі.

3. Жабайы жануарлардың негізгі қаруы туралы және киік туралытереңірек түсінеді.

Қамтылатын модульдер: АКТ, СТО стратегиялары,Оқытуды басқару және көшбасшылық

Сабақтың түрі: Сұрақ-жауап.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Диалогтық сұрақ-жауап, суретпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта және слайд,балаларға таратылатын ресурстар.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өзін-өзі тану.

Сабақтың жоспары:

Уақыты

Сабақты

ұйымдастыру формасы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 мин

Ұйымдастыру формасы

Сыныпта психологиялық дайындықты ұйымдастыру:

Тамаша ғой

Бүгін сен

Табиғатқа жүгінсең.

Құлақ түріп,

Көз тігіп,

Төңірекке үңілсең.

Сәлемдесіп болған соң, сынып назары сабаққа ауады.

.

2 мин

Топтасу

Ендеше, қазір біз осы жабайы жануарлардың кейбірімен топқа бөлінеміз. Әр бала өзіне ұнаған кез-келген жануардың атын айтады.

1- топ - «Арыстан»

2-топ - «Жолбарыс»

3-топ - «Киік»

Жануарларды кезегімен айту арқылы балалар үш топқа бөлінеді.

3 мин

10 мин

3мин


20мин

Диалогтық

сұрақ - жауап

Топтық жұмыс



Ой -қозғау









Мәтінмен жұмыс












Сергіту сәті




Суретпен жұмыс

-Өткен сабақта сендер қандай тақырып бойынша ой бөлістіңдер?

-Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Қайырымдылыққа тағы нелер жатады?

І тапсырма:1-топқа:

Мұхтар қандай қайырымдылық жасады?

2-топқа:

-Мұхтардың анасы қандай жан?

3-топқа: -Мұхтардың орнында сен болсаң не істер едің?

ІІ тапсырма:

-Жанураларды қандай топтарға бөлеміз?

-Жабайы ануралардың ішінде сиреп бара жатқан қандай жануарларды білесіңдер?

Осы жабайы жанурлардың ішінде киік қандай жануар деп ойлайсыңдар?

Ендеше,осы киіктің айласы мәтініне назар аударайық.Бұл мәтіннің авторы Әуелбек Қоңыратбаев.Ол 1905-1986ж.а. өмір сүрген.Ә.Қоңыратбаев Қызылорда облысы,Шиелі ауданында дүниеге келген.

Осы мәтінді «Ортадағы қаламсап» ойыны арқылы тізбектеп оқимыз.

Мәтінде түсініксіз сөздерді «түртіп алу» стратегиясы арқылы анықтап отырамыз.

ІІІ тапсырма:

1-топқа: Мәтінге сүйеніп,аң мен жануарлардың сақтанатын қару-құралымен айла -тәсілін ата.

2 - топқа: Киікті сипаттау

3-топқа: Салыстыру «қасқыр мен киік)

Топтарға сұрақ: Мәтіннен ақсақ киіктің ақылдылығын көрсететін тұсты тауып оқып бер.

«Таяқ сілтем жер» тіркесіндегі «таяқ сілтем» сөзін басқаша қалай айтады?

«Діңкесі құрыған» тіркесінің мағыналас қатарын айтыңдар?

Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құра.

Балалар берілген сұрақтарға өз ойынша жауап береді.


Ресурстармен жұмыс.

Әр топ өз ойларын айтады.


Мәтінді тізбектеп оқиды

Түсініксіз сөздерді түртіп алып отырады.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

Сөздік жұмысын жүргізеді

3мин

Сабақты бекіту

Киік туралы бес жолды өлең құрастыр.

1.Зат есім

2.Сын есім

3.Етістік

4. Сөйлем

5. Мәндес сөз

Киік

Жүйрік

Жүгіреді

Жүйрік киік жүгіреді

Айлакер,сұлу,ақылды

1мин

Сабақты бағалау

«Білім кемесі» арқылы жеке оқушыларды бағалау.

Оқушылар жақсы баға алған жеке оқушыларды мадақтап, қошеметтейді.

1мин

Үйге тапсырма

Табиғаттағы аң-құстардың тіршілігі туралы әңгімелеуге дайындалу.

1мин

Кері байланыс

Сабақтан алған әсерін өзіне тиісті смайликке жапсыру тапсырылады.

Сабақтан алған әсерін өзіне тиісті смайликке жапсырады


© 2010-2022