Ана құшағында 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 22. 01. 2016 ж.

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ана құшағында. Ғабит Мүсірепов.

Сабақтың мақсаты; Оқушыларды Ғабит Мүсіреповтың әңгімесімен таныстыру.Ананың бала өміріндегі рөлін көрсету. Тез оқу дағдыларын қалыптастыру, сұрақтарға айқын жауап беруге, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Еңбекті қадірлеуге, кәсіптік бағдар беріп, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақтар, топпен жұмыс,,

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, топтық тапсырмалар,

Күтілетін нәтиже: Әңгіменім түсініп оқу арқылы негізгі идеясын ашу.

Топта өз пікірін еркін айтуға, топ мүшелерінің пікірін

тыңдауға үйренеді

I. Психологиялық дайындық.( Шеңберге тұрып, өлең шумақтарын айтып, бір-біріне тілек айту,топқа бөлінеді)

Қол ұстасып бәріміз,

Жылылықты сезейік.

Күндей болып әрқашан,

Күлімсіреп жүрейік!

II. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Үлек әңгімесін оқушылардан сұрау.

  2. Мамытбек Қалдыбаев кім?

Үлек дегеніміз не? «Үлек» - жалғыз өркешті, айбарлы, нар түйе. Сынар өркеш түйенің ұрпағы. Биіктігі 183 см, тұрқы 155 см, салмағы айыр түйеден жеңілдеу, мойны ұзын әрі жіңішке. Үлек өте ұшқыр түйе.

  1. Түйенің қандай пайдасы бар?

Шығармашылық тапсырмалар:

Топпен жұмыс:

  1. - Топ: А) Мүлікбай атаны суреттеп бер.

Ә) «Түйе» сөзіне «Бес жолды өлең» құру.


  1. Топ: а) Жануарлар жайлы мақал-мәтелдер дайындау.

  • Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

  • Семіздікті қой ғана көтереді.

  • Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.

  • Мал баққанға бітеді.

  • Нар долында жүк қалмас.

Ә) Әңгімеден түйе жейтін шөптің атын тауып жазу.

  1. Топ:

  • А) Мәтіннен жер аттарын тауып жазу.

  • Ә) Әңгімені пайдалана отырып үлікке сипаттама бер.

Қызығушылықты ояту Ой қозғау

  • Ғабит Мүсірепов жайлы не білеміз?

  • Солдат деген кім?

  • «Ана құшағы» дегенде ойларына не келеді?

  • Күннің құшағы жылы, ананың құшағы жылы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

III. Негізгі бөлім: Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында» әңгімесі.

  • Ақын жайлы мағлұмат беру

  • Әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндап беру

  • Оқушыларға оқыту.


Ақын жайлы мағлұмат:

Ғабит Махмұтұл ымүсірепов 1902 жылы 22 наурызда СҚ облысы Жамбыл ауданы Жаңа жол ауылында дүниеге келген. 1985 жылы 31 желтоқсанда Алматыда 83 жасында қайтыс болған. Қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. 1925 ж «Едіге» әңгімесі, 1928ж «Тулаған толқында», «Американ бидайығы» шығармалары ең алғаш шыққан. Ең алғашқы романы «Қазақ солдаты» 1945 ж «Қазақ батыры» деген атпен жарық көрді. Бұл шығарма соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды еді. Романның басты кейіпкері - Қайрош Сарталиев . Қайырғали Смағұлов 1941-1945 жылдары соғысқа басынан аяғына дейін қатысып, Кеңес одағының батыры атағына ие болған. Біз бүгін осы романнан «Ана құшағында» деген үзіндісімен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс

Мұғалім әңгімені қысқаша баяндап береді:

Ең алғашқы романы «Қазақ солдаты» 1945 ж «Қазақ батыры» деген атпен жарық көрді. Бұл шығарма соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды еді. Романның басты кейіпкері - Қайрош Сарталиев шын есімі Қайырғали Смағұлов 1941-1945 жылдары соғысқа басынан аяғына дейін қатысып, Кеңес одағының батыры атағына ие болған. Біз бүгін осы романнан «Ана құшағында» деген үзіндісімен танысамыз. Әңгімеде Қайроштын қалада оқып жүрген кезі әңгімеленеді. Ол ауылда қара мұрттың 10дасынан бастап сиырын, бұзауын бағып жүрген. Мұрт ған егер 1 бас малым жоғалып кетсе, 10 жыл бойы қораға қамап қоямын дейтін. Бір күні бір бас мал жоғалып кетіп, қалаға қашып кетеді. Ол Гурьев қаласындағы балалар үйіне түседі. Сөйтіп Қайрошты анасы қалаға іздеп келеді. Анасының даусын естіген Қайроштың қолынан қасығы түсіп кетеді. (Әңгімені оқушылар жалғастырады....)

Әңгімемен жұмыс

  1. Әңгімені тізбектей оқиды

  2. Сұрақ жауап.

  • Анасы Қайрошты қайда іздеп келді?

  • Досының есімі кім? (Шеген)

  • Мария апай дегент кім?

  • Қайрош неге анасымен бірге ауылға кетіп қалмады?

  • Егер сен Қайроштың орнында болсаң не істер едің?

  • Анасы Қайрошты құшақтағанда ол қандай сезімде болды?

Сергіту сәті: « Балапан»

Сабақты бекіту: Дәптермен жұмыс: топтық тапсырмалар:

1 қатар: «Бес жолды өлең» Ана

2- қатар: Ана жайлы мақал-мәтелдер

3-қатар: «Менің анам» эссе.

Сатылай талдау: (Әңгімеге сатылай талдау)

Авторы

Тақырыбы

Жанр түрі

Идеясы

Мәтіннің тәрбиелік мәні

Қорытындылау

Үйге : Әңгімені түсініп оқу. 184-185 б


Сатылай талдау:

Авторы

Тақырыбы

Жанр түрі

Идеясы

Мәтіннің тәрбиелік мәні

Сатылай талдау:

Авторы

Тақырыбы

Жанр түрі

Идеясы

Мәтіннің тәрбиелік мәні

Сатылай талдау:

Авторы

Тақырыбы

Жанр түрі

Идеясы

Мәтіннің тәрбиелік мәні

Сатылай талдау:

Авторы

Тақырыбы

Жанр түрі

Идеясы

Мәтіннің тәрбиелік мәні


© 2010-2022