Бүгінгі білім-ертеңгі байлығым бастауыш сыныптарға арналған интелектуалды ойын-жарыс-

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бүгінгі білім-ертеңгі байлығым

бастауыш сыныптарға арналған интелектуалды ойын-жарыс-

Талапты тұлпар.

Мақсаты:оқушылардың білімдерін,өнерлерін сайысқа түсіріп,білімді,жан-жақты болуға,өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу,білуге,үйренуге деген қызығушылығын арттыру.Жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту,білімді,дарынды,озық болуға тәрбиелеу.

Жарыстың өту барысы:

Білімімен тәнті етеді тектілер,

Мұратыңа білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Армысыздар,

Бармысыздар,

Бала қыран,жас шәкірт,

Намыс туын жоғары ұстаңыздар.

-Қазір сіздер осы уақытқа дейінгі алған білімімізді көрсететін «Бүгінгі білім-ертеңгі байлығым» атты интелектуалды ойынымызды тамашалайсыздар.

Мәңгі бақи есте қалар

Қызықты бір ойын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын-дей келе 4 топқа әр сыныптан 1 оқушыдан ойыншыларды таңдаймыз.

4-сынып.

1.Есептеу шапшаңдығын дамытатын ұлттық ойын?(тоғызқұмалақ)

2.1 кг-да неше грамм бар?(1000гр)

3.Сәлелі жұлдыз іздеген адам?(Ы.Алтынсарин)

4.«Жетім» әңгімесінің авторы?(М.Әуезов)

3-сынып.

1.Екіге қалдықсыз бөлінетін сандар?(2,4,6,8,10 ...)

2.Екінің кубы?(8)

3.Өсімдік мүшелерін ата?(тамыр,сабақ,жапырақ,гүл,тұқым)

4.Қазақстан неше елмен шектеседі?(5 елмен-Қытай,Ресей,Түркменстан,Қырғызстан,Өзбекстан)

2-сынып.

1.Мал сүйегінен жасалған ойын құралы?(асық)

2.1 дәптер 5 тг,ал қалам одан 3 тг қымбат.Дәптер қанша тұрады?(8 тг)

3.Б.Саттарханов олимпиада чемпионы атанған спорт түрі?(бокс)

4.Шахтада жұмыс істейтін адамды кім деп атаймыз?(шахтер)

1-сынып.

1.Абайдың шын есімі?(Ибрһим)

2.Жуан дауысты дыбыстар?(а,о,ы,ұ)

3.Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?(кім? Кімдер? Не? Нелер?)

4.Ұзынсары дегеніміз не?(көктемнің ұзақ күні)

Ал келіңдер,келіңдңр,

Бір-біріңе еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойын ойнап көріңдер-дегендей ойынға қатысушы топ оқушыларын анықтап алдық.

Ашық-жарқын жүзді

Әділқазылар біздің.

Тыңдап баға беруге

Шақырайық төрге,

Төрелік өздеріңізде. (әділқазыларды сайлау)

I кезең «Бәйге»

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына.

Қадамдарың оң болсын,

Сәт-сапар енді тілейік (логикалық есептің жауабын топ оқушылары тез табу керек.Көп жауап берген топ оқушыларының ұпайы да жоғары болады)

1.3 түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы оның бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды?(Түйеқұс ұшпайды)

2.3 кг ет 3 сағат піссе,5 кг етқанша сағат піседі?(3сағат)

3.Екі қарғаның біреуі оңтүстікке,екіншісі солтүстікке қарап отыр.Достым,мен сені көріп отырмын,дейді.олар бір-бірін қалай көреді?(Бір-біріне қарама-қарсы отырған)

4.Сағат 22-де жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(Жоқ,ол кезде түн болады)

5.Адам бір аяғымен тұрғанда 55кг тартса,екі аяғымен тұрғанда қанша кг тартады?(55 кг)

6.Ағаш үстінде 30 торғай қонып отыр еді.балалар бір торғай ды тұзақпен ұстап алғанда қанша торғай қалды?(Қалмайды,үркіп,ұшып кетеді)

II кезең.Көкпар.

Уа,халайық,халайық,

Мұнда назар салайық.

Бүгінгі сайысқа арналған

2-кезеңді бастайық.

1тоннада неше кг бар?(1000кг)

2.200 бен 300 сандарының қосындысын 5 есе кеміт.(100)

3.64 пен 36 сандарының қосындысы нешеге тең?(100)

4.Ең үлкен үш таңбалы сан?(999)

5.Ұзындығы 9см .ені 7см тіктөртбұрыштың ауданы(63 см)

6.Орнынан қозғалмай жүретін не?(Сағат)

7.Жер бетіндегі ең ірі жануар?(Піл)

8.Ең жоғары спорттық көрсеткіш?(Рекорд)

9.Баһадүр сөзінің мағынасы?(Батыр)

10.Соңында досы үшін көзінен айырылған ертегі қалай аталады?(Екі дос)

IIIкезең.Полиглот.

Жұмбақ-сұрақ тез шешіп,

Тек жауабын беріңдер.

Дұрыс тауып жауапты

Ұпай жинап көріңдер,-деп келесі сайысымызда жұмбақтың жауабын және мақалдың айтылмай қалған сөзін 2 тілде қазақша және орысша айтамыз.

Ж.1.Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар.(Киіз үй-юрта)

М.2.Күш білімде,

Білім ... (кітапта-книга)

Ж.3.Өзі қалып орнында

Бізді алға көшірді (сынып-класс)

М.4.Талабы жоқ жас-қанаты жоқ ...(құс-птица)

Ж.5.Сақталады 6 ай жаз,

Сандығымда сары аяз(тоңазытқыш-холодильник)

М.6.Бас кеспек болса да,

... кеспек жоқ.(тіл-язык)

Ж.7.Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.(доп-мяч)

М.8.Білім-теңіз, ... -кеме.(мектеп-школа)

Ж.9.Ағайынды 5 туыс,

Жамылатын тоны бар.

Бесеуінде бір қуыс

Сырттан кірер жолы бар.(қолғап-перчатки)

М.10.Көсем ел бастар,шешен ... бастар.(сөз-слова)

Ж.11.Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.(қоян-заяц)

М.12.Өнер алды ... тіл.(қызыл-красный)

Ж.13.Бір қораға қамалғандар,

Жану үшін жаралғандар.(сіріңке-спички)

М.14.... көңілі балада(ананың-мать)

Ж.15.Болса көкте мекені

Кездеспейді екеуі(ай,күн-луна,солнце)

Ж.16.Тіріден өлі туады,

Өліден тірі туады.(жұмыртқа-яицо)

М.17.Досы жоқ адам- ... жоқ тағам.(тұзы-соль)

Ivкезең.Тамаша төрттік.

Математика

10

20

30

Ана тілі

10

20

30

Қазақ тілі

10

20

30

Дүниетану

10

20

30

Математика:

10.Оған қай санды қоссақ та сол қосқан санымыздың өзі шығатын сан?(0)

20.Көлемнің өлшем бірлігі?(куб)

30.30-ды 60 рет алдым жәнеоған 7 қостым,барлығы неше?(1807)

Ана тілі:

10.Қазақтың 3 биі?(Төле,Қазыбек,Әйтеке)

20.Бұзылмай сақталатын қазақтың ұлттық тағамы?(құрт)

30.Әке мен бала кімнің әңгімесі?(Ы.Алтынсарин)

Қазақ тілі.

10.Қиын сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөз?(оңай)

20.Малшы сөзін сөз құрамына талдап бер.(мал-түбірі,шы-жұрнақ)

30.Қасқыр сөзімен мәндес сөз(бөрі,ұлыма,итқұс)

Дүниетану.

10.ҚР рәміздерін ата.(елтаңба,ту,әнұран)

20.Жерге жақын орналасқан жұлдыз (Күн)

30.Шахталар маңында бос жыныстан тұратын төбе?(террикондар)

V кезең.Қызықты тренингтер.Сиямдық егіздер.

Балалар екіге бөлінеді,бөлінген балалар иықтарын бір-біріне тигізіп,белдерінен құшақтап үұстап,аяқтарын бірге қояды.Енді олар бірге өскен егіздер,2 басы,3 аяғы,1 денесі, 2 қолы бар.Оларға мынадай тапсырма:дөңгелек пен төртбұрыш салып, оны қиып, үй жапсыру.

VI кезең.Дода.

Мақалдың алғашқы жолы оқылады,ал ойыншы жалғастырады.Жалғастыра алмаса көрермен жалғастырады.

1.Ананың көңілі балада,

(Баланың көңілі далада.)

2.Ананың сүті-бал.

(Баланың тілі-бал.)

3.Ұлдың ұяты әкеге,

(Қыздың ұяты шешеге.)

4.Анаңды Меккегк 3 рет арқалап апарсаң да,

(Қарызыңнан құтыла алмайсың.)

5.Көп жасаған білмейді,

(Көпті көрген біледі.)

6.Әдепті бала-арлы бала,

(Әдепсіз бала-сорлы ала.)

7.Қарт кісіні қадірле.

(Өзің де қарт боларсың.)

8.Ата көрген оқ жонар,

(Ана көрген тон пішер.)

9.Туған жердің қатірін

(Шетте жүрсең білерсің.)

10.Батыр туса-ел ырысы,

(Жаңбыр жауса- жер ырысы.)

11.Қына тасқа бітеді,

(Білім басқа бітеді.)

12.Үлкенге құрмет,

(Кішіге ізет.)

13.Еңбектің наны тәтті,

(Жалқаудың жаны тәтті.)

14.Білекті бірді жығады,

(Білімді мыңды жығады.)

15.Ақыл-тозбайтын -тон,

(Білім-таусылмайтын кен.)

VII кезең.Жанкүйерлер сайысы.

Ұшқыр ойға серік болсын алғырлық,

Білімдерін жанкүйерлердің көрелік.

Көңі ауған топтарыңа аямай,

Көмек беріп,ұпай қосып берелік,-деп жанкүйерлер сайысын бастаймыз.

1.2 2 2 2 2 2=26 (2+22:2*2+2=26)

2.1+3-2+4-2+1+5-3=? (7)

3.До,ре,ми,фа,соль,ля,си ноталарының біреуін таңдап,берілген тапсырманы орындау.

До-ұстаз туралы ән айту.

Ре-Абайдың бір өлеңін жатқа айту.

Ми-Қошақаным әнін қозының дауысымен орындау.

Фа-ұнағатқан әншісінің пародиясын салу.

Соль-жанкүйер болған топтан бір ұпай шегеру.

Ля- жанкүйер болған топқа бір ұпай қосу.

Си-Айгөлек әнін мысықтың дауысымен айту.

VIII кезең.Егер де мен ...

1.Егер де мен,ақшасы көп қалталы адам болсам, ...

2. Егер де мен,мектеп директоры болсам, ...

3. Егер де мен,президент болсам, ...

4. Егер де мен,ұстаз болсам, ...

Қорытындылау.

Жеңімпаз болу шарты сол:

Еңбектену,жалықпау!

Жарыс заңы ежелден:

Жеңімпазды анықтау! (Әділқазылар сөз алады.)

Жеңген топтарды марапаттау.



© 2010-2022