Ана тілінен сабақ жоспары: Мемлекеттік тіл

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Мемлекеттік тіл
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың буын туралы білімдерін кеңейту, мемлекеттік тіл туралы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сөздерді буынға бөліп, 1,2,3 буынды сөздерді ажырата біледі. Мемлекеттік тіл туралы түсінік алады.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, доп, магниттер
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, топтық жұмыс

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқытуды басқару және көшбасшылық
Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық.
Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

(құшақтасып көріседі, қол алысып амандасады.)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Біздің елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Ой қозғау «Допты қағып ал!»

  1. Буын туралы ереже айт.

  2. Қазақстан сөзінде қанша буын ба?

  3. 1 буынды сөз айт.

  4. 2 буынды сөз айт.

  5. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

  6. Туда не бейнеленген?

  7. Елтаңбада не бейнеленген?

  8. Елтаңбаны қайдан көруге, кездестіруге болады?

  9. Елбасшымыз кім?

  10. Астанамыз қай қала?

  11. Ұлтымыз қалай аталады?

  12. Мемлекеттік тіліміз ше?

Қазақ тілін тағы қалай атаймыз? Мемлекеттік, ана тілі, туған тілі тағы да...?

«Туған тілім» өлеңін жаттап едік? Кімнің есінде бар? 6 бет

Тақтамен жұмыс: Тіл деген сөзге дыбыстық талдау жасау. Көркем жазғызу

Ондағы дауысты дыбыс қанша? Неше буынды сөз?

ІҮ. Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқушылардың өздеріне оқыту, түсінгендерін сұрау.

Сұрақ - жауап.

Тізбектей оқыту.

Ү. Сергіту сәті. Ән айту

Ортақ мекен - жер шары,

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

№1 ана тілі жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

ҮІІ. Қорытынды: Топтық жұмыс. Топ жұмыстарын Дильназ бен Арайға тексерту

1 топ: 1 буынды 4 сөз жазу.

2 топ: 2 буынды 4 сөз жазу.

3 топ: 3 буынды 4 сөз жазу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 55 -56 бет оқу, маз.

ІХ. Бағалау.


© 2010-2022