Қазақстан Республикасының рәміздері. Елтаңба

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сыныбы:1

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Елтаңба

Сілтеме

Сын тұрғыдан ойлау. Жұптық, топтық жұмыс

Жалпы мақсаты Сөздегі дауыссыздардың жуан айтылуы туралы түсінік беру. Дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту.Әдеби мәтін бойынша түсінік беру. Сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Үлкенді тыңдауға, достыққа, адамгершілікке тәрибелеу.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Оқушылар тақырып бойынша әркелкі жұмыстар атқару арқылы сыни ойлауға дағдылана бастайды, сонымен бірге сабаққа деген қызығушылықтары арта түседі. Топпен жұмыс жасау арқылы бір-бірімен қарым-қатынасы жақсарды.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Амандасу, түгендеу

3.Сыныпты топқа бөлу

4.Күн мен айды жазу

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мақсат қою кезеңі

3 мин

Біз бүгін дауыссыздар сөзде қай кезде жуан айтылатыны туралы білеміз және Т.Молдағалиевтың «Елтаңба» өлеңімен танысамыз. Елтаңба авторы кім екеніні білетін боламыз.

Жаңа сабақ:

5 мин Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан болып айтылады. Кестемен жұмыс. Жаттығулар орындату. 78-жаттығу. Өлеңді оқыту. Дауыссыз дыбыстары жуан айтылған сөздерді тапқызу

10 мин 79-жаттығу Жаңылтпашты жаттату. Ақ матадан ақ мақта ақ па? Ақ мақтадан ақ мата ақ па?

Сөздердегі дауысты жуан және дауыссыз дыбыстарды атап, олардың біркелкі жуан айтылғанын байқату.

Оқулықпен жұмыс

15 мин

Елтаңбаны көрсетіп, ол туралы қысқаша әңгімелеу. Авторлары Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқып беру, түсіндіру. Өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту.

Бекіту кезеңі:

5 мин Карточкаларға жауап беру, тапсырмалар орындату арқылы жаңа материалдарды меңгергенін тексеру. «Әдеп» тақырыбында диктант жаздыру

Бағалау

2 мин

Оқушыларды әрбір тапсырмалар соңында бас бармақ, шапалақтау арқылы бағалау.

Үйге тапсырма:

2 мин 1.Жаңылтпашты жаттау 2.«Елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқу 3.Ережелер жаттау

Бағалау:

Оқушылардың белсенділіктеріне қарай білімдерін бағалау.

Дереккөздер және жабдықтар: карта қиындылары,

Сәтті және сәтсіз тұстары





© 2010-2022