Тәрбие сағаты Әліппе - білім бастауы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы : Әліппе - білім бастауы

Мақсаты : Оқушылардың білімдерін бекіту,олардың алған білім,білік

дағдыларын көрсету,тілін дамыту,сөздік қорын молайту,

ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : интерактивті тақта, әліппе макеті,Ы.Алтынсарин суреті,

шарлар,рәміздер,мақал -мәтелдер,суреттер.

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру сәті.

  2. Кіріспе сөз : Армысыздар , құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар.

Міне,бүгін біздің шәкірттеріміз бар ғылымның атасы Әліппені бітірді.

« Әліппе - білім бастауы » атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Қымбатты оқушылар ,білім жолына бастаған қадамдарың құтты болсын !


  1. Әнұран орындалады.

Ата -ана : Шашу,шашу шашыңдар,

Ақ сандықты ашыңдар.

Бұл мереке бұл тойдың,

Бастаңғысын жасаңдар./шашу шашылады/

Оқушы :

Армысыздар, аналар,

Бармысыздар,балалар!

Сөзіме құлақ салыңыз,

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі ән-жырымыз.

Оқушы :

Бүгін біз шексіз қуаныштымыз.Өйткені,алғаш қолымызға ұстап хат танытып,сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

Оқушы :

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе -ғылым ағасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Оқушы :

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе!

Оқушы :

Ең алғаш алғанымда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Оқушы :

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат ашып тойладық.

-2-

Мұғалім :

Балалар мен сендерге сұрақ қояйын.

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не ?

Хормен : Әліппе

Мұғалім :

Олай болса,бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен : Әліппе,Әліппе,Әліппе!

Әліппе :Сәлеметсіңдер ме ,достар! / оқушылар амандасады /

Әліппе : Достар сендер менен не оқыдыңдар, не үйрендіңдер ?

Хормен : Оқуды,жазуды,жұмбақ,жаңылтпаш,санамақ,өлең,ән үйрендік.

Мұғалім : Балалар,олай болса,сүйікті Әліппемізге рақметімізді айта отырып,Әліппеден алған білімімізді көрсетіп,өнерімізді ортаға салайық.

Оқушы :

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Оқушы :

Үйретіп алғаш бізге Әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Ән : « Мұғалім ол біздің »

Мұғалім :

Балалар , қазақ тілінде неше әріп бар?

Хормен : 42 әріп бар.

Мұғалім :

Ендеше тақтаға қарайық. Мұнда әріптердің біразы қызыл көйлек, біразы көк көйлек,ал мына екеуі қара көйлек киіп алыпты.Бұлар қандай дыбыстар екенін кім айтады?

Оқушылар : Қызыл көйлек дауысты дыбыстар,көк көйлек дауыссыз дыбыстар, ал қара көйлек жіңішкелік, жуандық белгілері.

Мұғалім : Ендеше неше дыбыс бар екен ?

Оқушылар : 40 дыбыс бар.

Мұғалім : Алфавит дегеніміз не ?

Оқушы : Әріптердің белгілі бір тәртіппен орналасуы.

Мұғалім: Енді алфавит сырын айтайық.

Оқушы :

Алфавиттің « А » тұрады басында,

Әрқашанда « Ә » тұрады қасында.

Байқадың ба « Б » тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде,түсінші ?

Оқушы :

« А » деген ол -аналар ғой ардақты,

« Ә » деген ол- әкелер ғой салмақты.

« Б » деген ол- балалар ғой әдемі ,

Біздің елде үшеуі де кәделі.


-3-

Би :

Оқушы :

А әрпіне Т әрпін

Қосып едім ат болды.

Қосып едім атқа А-ны,

Атам оқып шаттанды. /ата /

Оқушы :

Екі тіреу,

Басқышы біреу.

Бұл қай әріп ?

/ Н /

Оқушы :

Арқасын тіреп жабысып,

Екі Р қалған жабысып.

Бұл қай әріп ?

/ Ф / Оқушы : Сақинаға қарайық , Ұқсайды оған қай әріп ? / О / Мұғалім : Балалар, ең алғаш мектеп ашқан кім ? Оқушылар : Ы.Алтынсарин. Мұғалім : Ы.Алтынсарин атамыз сендерге қандай өсиет қалдырды ? Хормен : Бір аллаға сиынып, Кел,балалар ,оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық ! Ән :Сәлем ,саған мектебім. Оқушы : Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріпте. Оқимыз қазір ертекте, Үйреткен оны Әліппе. Мұғалім : Балалар, енді жұмбақ айтып жарысайық.Кім қандай жұмбақ біледі ? Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. /аю/

Парақта бар ,

Шашта жоқ.

Тамақта бар,

Аста жоқ. /Қ/

Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп.

/Күн /






-4-


Мұғалім : Балалар ,енді жаңылтпаш айтайық .

Тақпақ жатта,

Жатқа жатта.

Шұнақ құлақ лақ,

Бұлаққа барды.

Бұлақ жағасындағы Құраққа барды.

Шежіреші кісі шежіре айтты,

Ішіндегі шежіресін шешіле айтты.
Мұғалім : Балалар ,енді санамақ айтайық .


Бір дегенім -білім,

Екі дегенің -елім,

Үш дегенің -үйің,

Төрт дегенің -түйін,

Бес дегенің -бұйым,



Алты дегенің -айың, Жеті дегенің -жайын, Сегіз дегенің -сайың, Тоғыз дегенің- тайың, Он дегенің- ойын.

Бір дегенім -бесік,

Шықтың содан өсіп.

Екі деген -елім,

Далам,тауым,көгім.

Үш дегенім-үміт ,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім -төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім-бақыт,

Бағалайтын уақыт Алты деген-ақыл, Тыңдағаның мақұл. Жеті деген -жалау, Жүректегі алау. Сегіз деген -сөзің, Серт беретін кезің. Тоғыз деген-тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Он дегенім - Отан, Қорға соны ,ботам.

Мұғалім :

Балалар,енді кім қандай мақал-мәтел біледі?

Ас анасы -нан,

Нан атасы-дән.


Ата -бәйтерек,

Бала жапырақ

Жол атасы -тұяқ

Су атасы -бұлақ

Сөз атасы -құлақ.

Әдепті бала

Ата-анасын мақтатар.

Әдепсіз бала

Ата-анасын қақсатар.

« Сіз »деген- әдеп,

«Біз »деген-көмек.

«Сіз» деген сыпайылық

« Сен» деген -анайылық.

Атына заты сай.

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Ата балаға сыншы.

Ақыл жастан шығар,

Асыл тастан шығар.

Ашу -ақылдың дұшпаны.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Оқу -инемен құдық қазғандай.



Мұғалім :

Балалар,сендер Әліппеден тағы не үйрендіңдер?

Жанель:

Иә,біз ережелерді айтып үйрендік.Мысалы: Сөз дыбыстан құралады.


-5-

К.Арман :

Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.

Әсел :

Дыбыстарды айтамыз, естиміз.Әріптерді көреміз.

Дарын :

Кісінің аты-жөндері бас әріптен басталып жазылады.

Аида :

Жер-су аттары бас әріптен басталып жазылады.

Нұрдәулет :

Үй жануарларына қойылған аттар да бас әріптен басталып жазылады.

Аружан :

Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөзде жуан айтылады.

Әділет :

Сөздегі дауысты дыбыс жіңішке болса, сөзде жіңішке айтылады.

Ұлданай :

Буын дауысты дыбыс арқылы жасалады.

Мұғалім :

Балалар ,енді біз ата-аналарымызға қалай оқитынымызды көрсетейік.

« Бір уыс мақта » әңгімесінен үзінді оқытып, әңгіменің тақырыбын тапқызу.

Мұғалім :

Балалар ,енді біз ата-аналарымызға қалай жазатынымызды көрсетейік.

/тақтаға жасырынған суреттердің атын жазып , дауысты ,дауыссыз дыбыстардың астын сызады./аю,қасқыр,қоян,сағат/

Мұғалім :

Балалар,енді берілген буындардан сөз құрайық.

Бі сі

Кі лім

Кеп теп

Мек тер

Ән : Төлдер

Мұғалім :

Балалар, біз осы уақытқа дейін оқумен қатар сандарды оқуды , жазуды ,оларды салыстыруды, қосып,азайтуды меңгердік. Енді математикадан алған білімімізді көрсетейік.

Интерактивті тақтадан сандардың ретін ,көршісін атап, сандарды салыстыруды, қосындыны табуды орындайды.

Мұғалім :

Балалар,енді біз әдептілік туралы не білеміз ?

Бексұлтан :

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан.

-6-


Оқушы :

Сыйлап үлкен ағаны,

Сәлем берген баланы,

Кім дейміз?

Хормен : Әдепті екен бұл дейміз.

Оқушы :

Кітап ,дәптер,қаламы,

Кір шалмаған баланы,

Кім дейміз?

Хормен : Ұқыпты екен бұл дейміз.

Мұғалім :

Жақсы балалар, енді Әліппемен қоштасайық.

Хормен :

Қош бол,құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Әліппе :

Балалар,мен сендерге ризамын.Мені жақсы меңгеріпсіңдер.Ана тілдеріңде өте жақсы сөйлейді екенсіңдер.Енді сендерге ары қарай білім беретін мына Ана тілі болады.Ана тілін де жақсы оқыңдар.

Хормен :

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи ,жаза алғаным,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Ән : Әліппе

Мұғалім :

Әріптердің иесі ,құрметті Әліппе ! Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып,Сізді демалыс орнына жібергелі отырмыз.

Хормен :

Қош бол,Әліппе!

Ана тілі :

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Хормен :

Қош келдіңіз , Ана тілі!

Мұғалім :

Балалар, сендер көп нәрсені үйреніпсіңдер. Осының бәрін үйренулеріңе көмектескен кім?

Хормен :

Мектеп

Мұғалім

Ата-ана

Әліппе!

-7-


Мұғалім :

Ендеше ата-анамызға рақмет айтайық .

Оқушы :

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата -ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Ата-анаға рақмет!

Ән : « Ана »

Мұғалім : 1 сынып оқушыларын құттықтау үшін 5 сынып оқушылары келіп отыр. Би,ән орындалады.

Қорытынды сөз .Қымбатты кішкентай бүлдіршіндер! Өз еңбектеріңмен алған білімдерің-өздерің үшін де,еліміз үшін де таусылмас қазына.Елімізді,жерімізді сүйетін жақсы азамат болып өсулеріңе шын жүректен тілектеспін.

Ата-аналарға айтарым балаларыңыздың осындай дәрежеге жетуіне сіздердің де еңбектеріңіз көп.Сондықтан сіздерге рақметімді айта отырып, балаларыңыз жақсы азамат болып өссін деймін.

Ата-аналарға сөз беріліп ,оқушыларға тілек айтылады.



























© 2010-2022