План Малта тастардан түрлі мозайка құрастырып үйрену 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еңбекке баулу

Мұғалімі: Утегенова А.Т

Сабақтың тақырыбы

Малта тастардан түрлі мозаика құрастырып үйрену (шеберлерден үйренейік) 2-сағат

Сабақтың жалпы мақсаты

Оқушыларды мозаиканың түрімен,жасалу жолдарымен таныстыру қандай мозаика жұмыстарының түрлерінен жасалатының айту.

Оқушылардың жұмыс істеу ептілігін қалыптастыру,еңбек мәдениетіне баулу.

Көрнекіліктер

Мозаика тастардан жасалған бұйымдар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Арива»

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Қызығушылықты ояту

Қауіпсіздік ережесі: Тастармен жұмыс істегенде ,ауызға салмаймыз,жұмыс істеп болған соң қолымызды жуып,сүртеміз.

Оқушыларға сұрақ қойылады:

Тағы да қандай бұйымдар жасауға болады?


Жаңа сабақ

План Малта тастардан түрлі мозайка құрастырып үйрену 2 класс

Тастардан мозаика құрастыру өнері туралы түсінік.

Мозаика (французша, италянша. - музаларға арналған) - жылтыр тас, қыш тақта, шыны сынықтарынан құрастырылған ою-өрнек, сурет-бейне (инкрустация), байырғы өнер саласы. Ежелгі Мысырперғауындары заманында патша маскалары, тақ-орындықтар, саркофагтар мозаикамен әшекейленген. Тутанхамон патшаның тағы (б.з.б. 14 ғ.) түрлі асыл тастармен зерленген мозаика өнерінің үздік туындысы. Мозаика Ежелгі Грекияда, Италияда жақсы дамыған. Помпей, Пергам қалаларында жүргізілген археологиялық, қазбалар нәтижесінде б.з.б. 4 - 1 ғасырларға жататын мозаика шығармаларының тамаша үлгілері табылған. Көне қала үйлері мен әуіздерінің қабырғасы, едені, төбесі өсімдік, жәндік, балық бейнелерімен көркемделген. Вавилонда б.з.б. 6 ғасырда тұрғызылған Иштар қорғанындағы нақыштар мозаика өнерінің бірегей туындысы болып табылады. Қорғанның өзі майоликалық кірпіштермен көмкеріліп, аңдардың кескіні мозаика тәсілімен нақышталған. Б.з. 6 - 9 ғасырларында Византияда(қазіргі Түркия аймағы) мозаика кеңінен өркендеді. Мұндағы көне патша сарайлары, шіркеу үйлері (мысалы, Равенна қаласындағы Равеннад шіркеуі), т.б. құрылыс орындары мозаика үлгілерімен өрнектелген. Византия мозаика мектебінің ықпалы 10 - 11 ғасырларда Киев, Владимир-Суздаль қаласында тұрғызылған шіркеу ғимараттарын безендіруде анық байқалды. Түркістан қаласында тұрғызылған Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде мозаика кеңінен пайдаланылған. Қазақстанда монументті-сән өнерінің қанат жаюымен байланысты 20 ғасырдың 60 - 70 жвлдары мозаика кеңінен қолданыла бастады. Техникалық орындалуы тұрғысынан сәтті туындылар қатарына М.Кенбаев пен Н.В. Цивгинскийдің "Қазақстан кинотеатры фойесі" (1971, Мәскеу), Е.М. Сидоркин мен Г.И. Дандерфердің "Алматы музыкалық колледжі үйіндегі бедерлі мозаика" (1969 - 70), М.Кенбаевтың "Қазақстан" дүкені алдындағы, С.Қаракөзовтың Алматы эстрада-цирк колледжіндегі мозаика туындыларын жатқызуға болады.


Сергіту сәті

Мен неге өйттім?

Кім айтра себебін?

Шаршадым: - УҺ! дедім

Ренжідім: - ТУҺ! Дедім

Қорықтым: - Ой! дедім

Өкіндім - Ах! дедім

Шарасыз - Ех! дедім

Таңырқап - О! дедім

Кейідім - И! дедім

Біліп ап - Е! дедім

Үйге тапсырма беру.

Жұмысты аяқтау

Бағалау

Оқушылардың істеген жұмыстарын қарап,тексеріп бағалау

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер



© 2010-2022