7-модульдың сабақта ықпалдасуы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тізбектелген сабақтар топтамасына модульдер қалай және неліктен ықпалдастырылғаны туралы толық рефлексивтік есеп.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық техналогияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптастыруын қамтиды. (Barber and Moushad, 2007)

Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері - орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009)

Осы бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрінде ұсынылады. (Нұсқаулық 12- бет)

Негізгі бөлім:

1.Әлеуметтік - сындарлы тұрғыдан білім беруді түсіну

(Vygotsky 6 1978; Woot, 1998) осы бағдарламада айтылған "Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер" негізінде жатыр. Жеті модульдің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдіс - тәсілдер ретінде "Диалог арқылы оқыту" мен "Қалай оқу керектігін үйретуді" қарастырамыз. Себебі олар әлеуметтік - сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Бразилиялық педагог Фриери, әр адам оқу үдерісіне сыни тұрғыда қатысатын, басқа адамдармен диалогтік әңгімелесуге қабілеттілігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Фриери теориясының негізіне осы тәсілге жағымды энергияны енгізуге арналған "педагогиканың мүмкіндіктері" термині алынған. Педагог Фриери пікірінше білім келесідей болуы тиіс:

1.Бірлескен - интерактивті және ынтымақтастыққа дайын.

2.Сыни - өзіндік рефлексивті және әлеуметтік рефлексивті.

3.Жариялық - мұғалімдер мен оқушылардың бірлесуі арқылы құрылған.

4.Диалогтік - диалог шеңберінде қарастырылып, шешілетін мәселелер жинақталған.

5. Зерттеуге бағытталған - мұғалімдер мен оқушылар тәжірибеге, қоғамға және оқу материалына байланысты мәселерді анықтайтын зерттеушілер болып табылады.

6. Аффективтік (эмоционалдық )- сезімдерді дамыту мен әлеуметтік зерттеулерге қызығушылық білдіріп, қайғыға ортақтасу.

Фриери, мұғалімнің міндеті - оқушының білімін толықтыру, байыту тенденсиясы емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқарас тұрғысынан оқушылармен диалогқа түсу деп санайды (2007 ред., 43-б). Бұл пікір жаңа болып табылмайды: оқытуға диалогқа басты рөл беруді алғаш рет Л.Г. Выготский ұсынған; ол енгізген «таяу даму аймағы» түсінігі (сілтеме) мен Сократтың «эленхос» (ABBS бойынша цитата 2003, 15-бет) пайымдауы, диалогтік әңгіме қатысушылардың біліміндегі кемшіліктерді көрсететіндігін дәлелдейтін теорияның мағынасын анықтайды. Фриери осы теорияның әріқарай дамытуда, оқушы мен мұғалім арасындағы диалог үдерісінің рөлі мен қатынасын қарастыруда, диалогтың мақсаттарын анықтауда көп еңбек сіңірген ғалым. Осындай типтегі диалогты бақылау кезінде Фриердің назары үдеріс пен сол үдерістегі мұғалімге бағытталмай, негізінен оқушыларға бағытталды.

Мысалы: «Диалогтік оқыту» оқушылардың өзара сұхбаттасуы, мұғалім мен оқушының арасындағы диалог оқушының ой - пікірін жүйелі жеткізе білуіне, дамуына көп көмектеседі. «Қалай оқу керектігін үйрету» оқушылардың өз бетінше білім алуы мен жауапкершілікті сезіне білуге дағдыландырады.

«Диалогтік оқыту» әдісін іс - тәжірибеде қолдану барысында мен «Айтыс» өнерін пайдаландым. «Қалай оқу керектігін үйрету» бойынша оқушыларға жеке «Құндылық», «Мәдениет» туралы өз ойларын ортаға салуды тапсырдым. Осы екі тапсырманы орындау барысында балалар ойларын еркін жеткізе білді

2. «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту»

Сын тұрғысын ойлау -оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

«Сыни тұрғыдан ойлау» бағдарламасының мақсаты: оқушылар мен мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлану дамыту. Осы тәсілді пайдалануда оқушылардың ақпарат пен идеяларды синтездеу, маңыздылығы туралы ойлау,

таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс - тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлануына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушыларының ізденісі әрдайым жемісті болып келеді. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрене отырып оқушылар төмендегі жетістіктерге жетеді:

1) Сенімділікпен жұмыс жасай отырып сын тұрғысынан ойлауға ;

2) Бар ынтасымен оқуға берілу арқылы ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға;

3) Сыныптастарының пікірлерін тыңдауға, құрметтеуге, әр - түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдауға;

4) Оқу барысында белсенді болуға;

5) Бағалай білуге, өзінің берген жауабына нақты дәлел айтуға;

3. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

Бағалау - білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Формативтік және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бір мәнге ие болатын бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқытуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуіне арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания

академиктерінен құрылған Бағалау Реформасының Тобы (Assessment Reform Group)автор болған осы аттас (ОүБ) кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды.

Бағалаудың мақсаты әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта және кім үшін, қалай өткізу керек екені туралы түсінігіне негізделеді.

Бағалау Реформасының Тобы (2002а) оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді:

Оқыту үшін бағалау - бұл білі алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанына, қандай бағытта даму керек және керекті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданылатын мәліметтерді іздеу, түсіндіру үдерісі.

Оқытуды бағалаудың мақсаты, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады.

Оқытуды жақсарту бес басты фактордан тұрады:

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушыларды өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4. Бағалаудың оқушылардың өзін - өзі бағалауы мен қызығушылығын едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

5. Оқушылардың - өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі.

Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту үшін оқушылармен бірге критерийлерді талдау, сыныптасын және өзін - өзі бағалау, кері байланысты қамтамасыз ету, сұрақтың дұрыс қойылуы қажет.

4.Білім беруде Ақпараттық - коммуникациялдық технологияларды қолдану

Ақпараттық - коммуникациялдық технологияларды дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесіне де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс - тәсілдері, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын тандап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі ол өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады.

АҚТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді, олардың қабылдануын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияны ойланып қолдануды қажет етеді.

АКТ басқа өңірлер мен елдердің, басқа адамдар мен қоршаған ортаның бай тәжірибесімен нақты уақыт тәртібіне қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. (электрондық пошта, веб - камера және бейне - конференция арқылы).

АКТ қолданылған сабақтардың нәтижелері бойынша мұғалім де, оқушы да ақпарат пен білімге қол жетімділікте, шығармашылық пен идеялар алмасудағы әрекеттестіктегі АКТ рөлі тани және бағалай білуге тиіс. Олар сондай-ақ, өзгеріс үстіндегі әлемде (жұмыс орында, демалу және қарым-қатынас жасау уақытында) АКТ - нің ықпалын неғұрлым көбірек сезінуге тиіс.

Мектепте пайдаланылатын АКТ түрлері:

* Теледидар бағдарламасы

* Сандық теледидар

* Интернет

* Ұялы телефон

* Ұтқыр қондырғылар

* Компьютер

5.Талантты және дарынды балаларға білім беру

Дарынды және талантты балаға білім беру жолында барынша жоғарғы жетістікке жету көп ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды қажет ететін күрделі мәселе.

Оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтауда ұғымның мазмұнды жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бір немесе бірнеше пәннен жоғары деңгей көрсете алады. М: әртістік, спорттық, музыкалық т.б . Ал бір салада дарынды болса, келесі кезеңде қабілет танытпауы мүмкін.

Бұл дарындылық пен қабілеттілікті мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқы мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктіліктерін, әлеуметті мүмкіндіктерін көрсету үшін мүмкіндік туғызу керек және бұл олардың ерте жасында қиындық тудырады.

Британдық оқыту және білім беру академиясы талантты, дарынды балалрды дамыту тәжірибесінде әртүрлі әдістерді қолданып, олармен жүргізілетін үш жобаны суреттейді:

1) Зерттеуде мұғалімдер есту қабілеті нашар, ағылшын тілі ана тілі емес балалар үшін кеңейтілген, тапсырмалары танымдық сипаттағы, мектепшілік бағдарлама жасады. Бұл тапсырмада қарапайым вербальді қарым-қатынас пен дене қимылын қолдана отырып, суретті нұсқауларды, ән таңдаған соң жауабын жазу үшін әртістік қасиеттерін пайдаланады. Сонымен қатар олар жылдам сөйлей алмаса да, жоғарғы деңгейдегі сенімділіктерін, зейінмен тыңдай алатындықтарын, тұрақты қызығушылықтары ұзаққа созылатынын көрсеткен дарынды және талантты балалар екені анықталады.

2) Жобада балалардың қуанышын және сыныптың сауалнамасына қатысуға дайын екендігін бағалау үшін «бірегей», «үлгерімі нашар» дарынды, талантты оқушылардың тұрмыстық ахуалын бағалайтын тест пайдаланды. Алған деректер бойынша үлгерім қалған талантты оқушының табыстылығын мен қызығушылығының төмен болғандықтан, сонымен қатар оның нақты іс - әрекеттердің түрлеріне қабілетті және оң көзқараспен қарайтындығын көрсетті. Мұғалімдер осы ақпаратты оның білімдік мүмкіндігін өзгерту үшін пайдаланды, оның сыныптағы пәндерге қызығушылығын, өз ортасына құштарлығын жоғарлатып, идеяларының дербестілігін арттырады.

3) Дарынды және таланты балаларды айқындауға ата -аналарды тарту арқылы олардың ақыл-ой қабілеттері туралы әңгімелесіп, ата-аналардың қарапайым сауалнама толтыруын өтінді. Бұл сауалнама олардың балаларының мінез-құлқынан келтірілген мысалдарды, үйде, мектепте ойланатын ойындарды талдауға негіз болады, дамудың келесі кезеңіне өтуге шешім қабылдауға көмектесті.

Фирман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды, талантты балаларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында зерттеуден мысал келтіреді. Бірақ тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдері тиімді қолдануға болады. Олар :

* Есте сақтау және білім

* Өз білімін жетілдіру

* Ойлау қабілетінің жылдамдығы

* Мәселені шешу

* Икемділік

* Күрделілікке деген сүйіспеншілік

* Шоғырлану

* Ерте символдық белсенділік

Осы белгілерді анықтау оқу үрдісінің барысында оқушыларды мұқият бағалауға алуды талап етеді.

Эйр Выготский талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасын өзгерту арқылы мектептегі барлық оқушылар үшін күрделендіру және акселерация модельдерін қолдана алатынын айтады. Ол үшін тармақты пайдалану арқылы Мерсер және Нильсонның оқу жоспарын өзгертудің моделін бейімдеп жасады:

* Мазмұнына өзгерістер енгізу

* Әдістік өзгерістер

* Білім беруді өзгерту

6. Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу

* Когнитивті даму және жас ерекшеліктері

Когнитивті даму - баланың оқу және проблемаларды шешу қабілет. Ол оқуға деген қабілеттілік, зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік қабілеттерді дамыту, тұрақтандыруға қатысты.

* Бихевиоризмнің негізін салушы болып саналатын Джон.Б. Уотсон психология бағдарланған ішкі тәжірибені бақылауға болмайтындықтан, тиісті түрде зерттеу мүмкін емес деп есептеген. Нәтижесінде «түрткі - реакция» модельі әзірленді. Эдвард.Л. Торндайк сияқты зерттеушілер осы идеяны негізге ала отырып, Т-Р теориясын әзірледі. Сабақ өткізу барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп отырдым. Мысал келтіріп өтетін болсам, қазақ тілі сабағында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріп отырдым.

* 1- деңгейді дарынды оқушылар орындады;

* 2- деңгейді орташа білім бар оқушылар орындады;

* 3- деңгейді үлгерім төмен оқушылар орындап отырды;

Сабақта деңгейлік тапсырмалармен сабақ өткізген өте тиімді болды, себебі оқушылардың жас ерекшеліктері сақталып отырды.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясы сын тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасы мен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Көшбасшылық бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Әр сыныпта көшбасшы оқушы болды. Менің дарынды оқушымды сыныптастары көшбасшы оқушы ретінде қабылдайды. Көшбасшылық тек қана оқушыларда болмайды, басқа жәндіктерде де тағы басқа жан-жануарларда да көшбасшы болады.

Мысал келтіріп өтетін болсам, қашықтықтан оқыту барысын да мектептегі жас мамандар мен семинар өткіздім. Осы кез де модель бойынша саралап өткен кезде «көшбасшы»модуль бойынша бейнетаспа көрді. Бейнетаспа құмырсқалардың көшбашысы тарапынан көрсетіледі. Мұғалімдер көргендері

бойынша «сын тұрғыдан ойлауға оқыту» модулімен де тығыз байланысты болды, талдау жұмыстары жүргізілді.

© 2010-2022