Есеп. Не қымбат? (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Уақыты:28.01

Кабинет:7

Шаргабаева Ж

Сабақтың атауы

Есеп. Қанша қымбат?

Мақсаты:

Ертегі сабаққа тарта отырып, есепті шығару және есеп шешуде қанша қымбат екенін табу, заттың бағасын салыстыру және айырмашылықты табу дағдысын қалыптастыру.

Нәтиже:

Есептің мазмұнын түсініп, тапсырманы өз бетімен орындай алады. Заттың құнын салыстырып, қанша қымбат тұратынын таба алады. Достарымен бірігіп шешімін таба алады.

Әдіс-тәсілдер

Интербелсенді оқыту. Ертегі сабақ. Оқыту үшін бағалау: табыс критерийлері арқылы кері байланыс жасау. Өзін-өзі бағалау. Кері байланыс.Жиынтық бағалау. Диалогты оқыту. Жоғары деңгейдегі сұрақтар мен түрткі беру жетелеуші сұрақтар қою.

Көрнекілік әдістер.

Ресурстар

Интерактивті тақта, фолипчарт, видеофильм, музыка, цифрлар мен санау заттары.

Психологиялық ахуал

Ертегілер әнін орындау арқылы оқушының қызығушылығын арттыру.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Біз бақытты баламыз,

Биікке қанат қағамыз.

Болашаққа талпынып,

Оттай лаулап жанамыз.

Мақсатымыз білім алу

Міндеттіміз еңбектену

Еңбектену арқылы

5 - ке қолды жеткіз

-Бүгін қонаққа Алдар көсе мен бай келеді. Қарсы алуға дайынбыз ба?

Оларды қарсы алмай тұрып үй тапсырмасын талдап алайық.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Өткенді бекіту.

Үй тапсырмасын бекіту. Өткенге кері байланыс жасау. №4 тапсырманы талдау.

Оқушыларды бағалап өту.

Әр тапсырмадан күлегештер жинаймыз. Кімде күлегеш көп жинаса сол оқушы тапқыр, білімді болғаны.

Проблеманы анықтау бөлімі:

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Тақырыппен таныстыру.

-Бүгінгі сабағымыз ертегі абағы болады. Алдар көсе ертегісінен біздер не аламыз? Біз үшін пайдасы қаншалықты? Сендер Алдар сияқты болғыларың келе ме? Оның көздеген мақсаты не?

Ал бүгін біз алдардың алдап жүрген істері халқы ұшін пайдалы ма екенін білеміз. Ол үшін оның ертегісін еске түсіріп, тапсырмаларын орындаймыз.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ. Ертегіні тамашалау. - Не байқадыңдар? Олардың ортасында не туралы әңгіме болды?

Қанша қымбат? Есеп.

Оқулықпен жұмыс. №1 тапсырмаларды талдау.

-Иә, біз бүгін Алдар мен байдың шапанының бағасын салыстырамыз. Кімнің шапаны қымбат? Қанша қымбат екенін табайық. Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы есептерді талдап, шығару.

Шарты: Байдың ш.-7 алтын ↓ ? қымбат

Алдардың ш.-3 алты.

Шешуі: 7-3=4 Жауабы: 4 теңге қымбат.

Ә) Шарты: Байдың ш.-7 алтын

Алдардың ш.-3 алты.

Барлығы -? теңге

Шешуі: 7+3=10 Жауабы: барлығы 10 алтын тұрады.

(Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға күлегентер беріліп отырамын.)

Сергіту сәті

Мен Алдармын, Алдармын әнін орындау.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Бой сергіту.

Байдың тапсырмасы.

Кел, ойнайық!

Балдырғанның қатесін табайық.

Бай қатесін таба алмай отырған сияқты. Көмектесеміз бе?

Флипчарт тақтадан қатесін тауып, жазады. Әр оқушыға күлегеш жапсырылып отырады.

Өз бетімен жұмыс.

Алдардың тапсырмасы

№2 тапсырмасын қолдарына таратпа материал беріледі. Сондағы тапсырмаларды ауызша орындайды.

Қалай ажыраттыңдар? Айырмашығы бар ма?

Ой толғаныс

Байдың тапсырмасы

№3 тапсырманы жұппен орындату. Өз жұмыстарын қорғап шығады. Талдайды.

Шығармашылық тапсырма

Алдардың тапсырмасы

№5 Ауызша орындайды. Кірпінің есебіне көмектесу.

Логикалық тапсырманы орындау.

Кері байланыс

Табыс критерийлерін құру. Мен бүгін есеп шығаруды үйрендім.

Қымбат не арзан екенін қалай табу керек екенін таба білемін. Енді сауда жасағанда қымбат арзан екенін біліп отырамын. Алдар көсенің халықтың қамы үшін байды алдап сазайын тарттырғанын білдім.

Рефлексия: Бүгін сабақ ұнады ма? Өзіңе не алдың? Ертең не үйренгің келеді?

Бағалау. Жинаған күлегештерін санап, нәтижесіне қарай бағалау жасау.

Үйге тапсырма

№4 тапсырма.

Күнделіктеріне жазып алады.



© 2010-2022