Күзгі табиғат 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Күзгі табиғат

Сабақтың мақсаты:

1.Табиғатта болатын өзгерістерді, олардың жыл мезгілдерін сипаттайтын басты ерекшеліктерін түсіндіру.
2.Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беру барысында, табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратынын түсінуге жағдай туғызу. Танымдық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік жасау.
3. Жыл мезгілдерін салыстыру барысында табиғатты сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Интерактивті

Көрнекілігі:
1. Интерактивті тақта
3. Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер

Сабақтың өтілу барысы:

І.Үй жұмысы:Көкжиек тұстары

Күзгі табиғат 1 сынып

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықтарын ояту
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.
Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

II. Жан-жақты тексеру Ойын: «Кімнің ойы жүйрік?»

Күзгі табиғат 1 сынып


- Ол сендердің көңіл күйлеріңе әсер ете ме?
Сұрақтар мынадай:
1.Жыл мезгілдерін ата.
2.Күз айларын айт.
3.Қандай күз мерекелерін білесің?

1.Күз белгілерін ата?
2.Табиғатта қандай өзгерістер болады?
3.Жер беті неге бөленеді?

1.Күзде қандай жұмыстар басталады?
2.Бұл мезгілді неге "алтын күз" деп атайды?
3.Күзде ауа райы қандай болады?

III. Жаңа сабақ

1. Хабарлау
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Күзгі табиғат».
Сендер табиғатта болатын әр түрлі құбылыстармен танысқыларың келе ме?


2. Интерактивті тақтамен жұмыс. Түсініктерін пысықтау.

1.Сурет бойынша сөз құрау

Күзгі табиғат 1 сыныпКүзгі табиғат 1 сынып

Бәрін білгім келеді

Табиғат

Тірі табиғат Өлі табиғат

Күзгі табиғат 1 сынып

Күзгі табиғат 1 сынып

Күзгі табиғат 1 сынып

Бойы сергектің,ойы да сергек (қимыл-қозғалыс арқылы көрсету).

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым ақылды

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған

Есіңде болсын!

1) Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады, төмен ұшса,жаңбыр жауады.

2)Мысық босағыны тырмаласа ауа райында өзгеріс болады.

3)Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.

4)Жаңбыр жауарда қарғалар у да шу болады

IV. Жаңа білімді қолдану

Шығармашылық жұмыс. - Енді балалар, қазір мен сендерге Ш. Ахметов ағамыздың «Бұл қай кезде болады?» өлеңін оқимын сендер өлеңде не жайында айтылатынына зейін қойып, мұқият тыңдап отырыңдар.

Күз

Күзгі табиғат 1 сынып

Бұлттар төніп,
Жерге төгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай...
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Күз суретін көрсету).

- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Күзде қандай жауын-шашын түседі?
- Күз айларын ата.Тұман деп нені айтады?
-Жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістерді байқадыңдар?

Қыс

Күзгі табиғат 1 сынып

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Қыс туралы суретпен жұмыс).

- Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
- Қыс мезгілінің басты ерекшелігі не?
- Қыста өлі табиғатта қандай өзгеріс болады?
- Қыста қандай құстарды көресіңдер?
- Неге күн қысқарып, түн ұзақ болады?
- Қыстағы ағаш қандай болады?



Көктем

Күзгі табиғат 1 сынып

Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (суретпен жұмыс).
- Көктемде ауа райы қалай өзгереді?
- Қар қандай өзгеріске түседі?
- Көктемде қандай жауын-шашын болады?
- Көктем айларын ата.

Жаз

Күзгі табиғат 1 сынып

Өрік, алма,
Шие, алша,
Жидек, жүзім піседі
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Астық пісіп,
Орақ түсіп,
Қырман дәнге толады
Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (суретпен жұмыс).
Жаз айларын кім атап береді?
Жаз мезгілінде өлі және тірі табиғатта қандай өзгерістер болады?
Жазда қандай жаңбыр жауады?
Жаздың қай айы өте ыстық?
Неге күн ұзақ болады?

V.«Кім шапшаң?» ойын

Ағаш толы сары шымшық,

Сілкіп көрсең түседі ұшып.

( Оқушылардың жауабы: Жапырақтар).

9. Ой толғанысы: Ребус шешу

т10 қ10ақ к3 5ік 2лік

Қайсысы ненің қанаты?

Күзгі табиғат 1 сынып

Табиғатта қандай дыбыстар бар?

Күзгі табиғат 1 сынып

V І Бақылау күнделігі

Жұмбақ

Ал керемет бұл қандай?

Төгіледі төбеден.

Көк теңізден құйғандай

Көл-көсір су не деген?! Күзгі табиғат 1 сыныпКүзгі табиғат 1 сынып

а)Жұмбақтың шешуінің суретін сал

VІІ. Қорытындылау:

Табиғат құбылыстарына нелер жатады?

Жаңбырдың қандай түрлерін білдіңдер?
Найзағай туралы не білеміз?
Қар қай кезде жауады?
Неше жыл мезгілі бар?

VІІІ. Мадақтау

ІХ.Үй жұмысы: Күзгі табиғатты бақыла.

Жаз бен күздің табиғаттын салыстыр.





© 2010-2022