Аққала Мәди Қайыңбаев ашық сабақ әдебиеттік оқу

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аққала Мәди Қайыңбаев ашық сабақ әдебиеттік оқуАққала Мәди Қайыңбаев ашық сабақ әдебиеттік оқуАққала Мәди Қайыңбаев ашық сабақ әдебиеттік оқуАққала Мәди Қайыңбаев ашық сабақ әдебиеттік оқуАққала Мәди Қайыңбаев ашық сабақ әдебиеттік оқуАққала Мәди Қайыңбаев ашық сабақ әдебиеттік оқуАққала М.Қайыңбаев

2-сынып

ЗАКИРИШ Г.

Бозайғыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі, АКТ, интербелсенді тақта

Сабақтың жабдығы

Оқулықпен жұмыс, сурет салу, маркер, флипшарт, слайд

Жалпы мақсаттар

1. Жалпы мақсаты: «Нені дамыту керек?» деген сұраққа жауап іздей отырып, баланың сезім түйсігін, қабылдауы мен ынтасын, зейінін, есте сақтауын, ұғыну, ойлау, қиялдау, болжау қабілеттерін ашу.
Мерсердің БЖӘ арқылы балалардың тіл байлықтарын, сөздік қорын молайту. СТО стратегиясы бойынша ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жауапкершілік жүктей отырып, өзін - өзі дамытатын жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
2. Оқыту нәтижесі: Пәндік нәтиже: қыс туралы түсініктерін кеңейту.
Уақыт, жаратылыс, табиғат туралы ұғымдарының кеңеюіне мүмкіндік жасау.
Жүйелік іс - әрекет нәтижесі: мәнерлеп оқу дағдыларын, көркем сөзбен сөйлеу тілін, дүниетанымдарын кеңейту арқылы өз беттерімен ізденуге үйрету.
3. Негізгі идеялар: Мерсердің пікір - алмасу және диалог арқылы іске асыруын түсіндіру. Оқушылар үшін топтық жұмыстың мәнін ашу, қарым - қатынас, пікір - алмасу

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Түрлі түсті жүрекшелер арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық.

Өнер де, ой да білім де,

Өркендер ана тілінде.

Ананың тілін сүйгендер,

Саналы білім үйренер.

-Ендеше бізде қазір әдебиеттік оқу сабағы.

Алу үшін сапа білім,

Ардақтаймыз ана тілін.

Үй тапсырмасын сұрау


  1. Қызығушылықты ояту.

- Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырғым келіп тұр.

1.Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? ( Қыс)

2. Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны. (Аққала)

Ендеше «Аққала» деген сөзді естігенде ойларыңа не келді сол жайында жаза қойыңдар.

Аққала

Қызығушылықты ояту

ІІ. Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

АКТ Қысқы ойындар туралы бейнежазбаны тамашалайық.

-Қыста қандай ойын түрлерін ойнауға болады екен?

-Саған қандай ойындар ұнайды? Несімен ұнайды?

Ендеше оқулығымызды ашып, 77 беттегі Мәди Қайыңбаевтың «Аққала» деген өлеңін оқи қойыңдар.

1. Өлеңді іштей оқып шығады.

2. Өлеңді мазмұнына қарай мәнерлеп оқу.
3. Әр топ мүшелері кезектесіп, мәнерлеп оқу.

4. Өлеңнің күлдіргі жолдарын кім тауып оқып береді?. Неліктен олай ойлайсыңдар?

Дәптермен жұмыс: Бүгінгі ай күнді жазу

Сөздік жұмысы:

Мамық қар-жеңіл қар.

Қасат қар-тығыздалып қалған қатты қар.

Қырбақ қар- жұқа жауған қар.

Сергіту сәті

Интербелсенді тақтадан аңдардың биіне қарап қимыл жасап, бойларын сергітеді.

Оқушылар денелерін жаттықтырады, көңіл күйлерін көтереді.

ІІІ. Ой толғаныс

Ой толғау
- Аққала жасаудың әдістерін білесіңдер ме?
- Оны жасайтын қар қандай болу керек?
\мамық қар, қасат қар, қырбақ қар\

1-топ Аққаланың суретін сала қойыңдар.

2-топ «Қыс қызықтары» деген тақырыпта сурет салыңдар.

3-топ Аққалаға биопоэма жазыңдар.

4- топ Бес жол өлең құрастыра қойыңдар.

5- топ «Аққала» туралы сипаттау мәтінін құрастыра қойыңдар.

Үй тапсырмасы

77-78 бет өлеңді жаттап келу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағдаршам арқылы бағалау

Ең жақсы түсінген оқушы жасыл көзіне

Жақсы түсінгендер сары көзіне

Орташа түсінген оқушылар қызыл көзіне жапсыра қояды.

Сөйтіп өте жаксы түсінген оқушыларды атай отырып, бағаларын күнделіктеріне қойып беремін.

Кері байланыс

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату.

Аққала Мәди Қайыңбаев ашық сабақ әдебиеттік оқуАққала Мәди Қайыңбаев ашық сабақ әдебиеттік оқуАққала Мәди Қайыңбаев ашық сабақ әдебиеттік оқуАққала Мәди Қайыңбаев ашық сабақ әдебиеттік оқуАққала Мәди Қайыңбаев ашық сабақ әдебиеттік оқу


© 2010-2022