Урок на теме Түйе

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Түйе.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың төрт түлік туралы білімдерін пысықтай отырып, төрт түліктің төресі түйе туралы мағлұмат беру.

2.Тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаштар айту арқылы оқушылардың тілдік, сөздік қорын байыту. Қызығушылығын ояту.

3.Төрт түлік туралы нақыл сөздер айтқыза отырып, оларды құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сызба,схемалар,суреттер,интерактивтік тақта.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,оқулықпен ,тақтамен жұмыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. 3,4 оқушыдан «Сиыр» жырды жатқа айтқызу.

  2. Хормен айтқызу.

  3. Жырға сүйене отырып сиырды сипаттау.

  4. Сиырдың пайдасы туралы әңгімелеу.

ІҮ. Қызығушылығын ояту.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде адамдар қандай жұмыстар істейді?

-Малдың шөбін дайындайды?

-Төрт түліктің адамға қандай пайдасы бар?

-Төрт түлік малдың етін,сүтін тағам ретінде,жүнін,терісін киімге тұтынады және көлік ретінде пайдаланады.

Ү. Жаңа сабақ.

Мына жұмбақты шешсеңдер бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер тамағы.

Шөлге шыдап бағады.

Сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау. Сурет бойынша түйені таныстыру. Төрт түліктің төресі -түйе. Түйе -таптырмас көлік. Оның еті -тамақ.,шұбаты- сусын,жүні -киім.Түйе шөлге өте төзімді.Ол қос өркешті және сыңар өркешті болады. Сыңар өркешті түйені «нар мая» деп атайды. Түйе екі жылда бір боталайды.

ҮІ. Оқулықпен жұмыс:

1.Мақал мәтелдерді оқыту.

2.Жырды оқып шығу.

3.Хормен оқыту.

4.Сурет бойынша Жырға сүйеніп,сұрақтарға жауап беру.

ҮІІ. Дәптермен жұмыс:

  1. Төрт түліктің - атасы

Қой атасы - Шопаната,

Жылқы атасы - Қамбарата.

Ешкі иесі - Сексеката,

Түйе атасы - Ойсылқара,

Сиыр иесі - Зеңгібаба.

2.Төрт түлік туралы тақпақтар айтқызу.

Кім тапқыр?

Қай мал қайтеді?

Түйе боталайды, боздайды

Сиыр бұзаулайды, мөңірейді

Қой қоздайды, маңырайды

Жылқы құлындайды, кісінейді.

ҮІІІ. Сабақты бекіту.

Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы. 56-57жаттау. Сызбаны толтыру.



© 2010-2022