Урок познания мира

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Ашық сабақ:

Урок познания мира





Өткізген: Аубакирова А.М.

3 «А» сыныбы





Бүгінгі күннің сабақ жоспары:

Тақырыбы: «Қазақстан - егемен ел»,

Дүниетану 3 сынып Мақсаты: Білімдік-біліктік: Қазақстан - егемен ел тақырыбы туралы толық мағұлматтар ала отырып, өзі білімін жетілдіре түсуге машықтанады. Ұштастыра дамытушылық:Өмірмен ұштастыра отырып, елді басқару органдарының басқаратын қызметкерлердің атқаратын жұмыстарымен танысу, елді басқару органдарының мүшелеріне еліктей отырып ойлау құзыреттілігі дамыған тұлға қалыптастыру. Тәрбиелік:Өз Отанының адал азаматы болуға, адалдыққа, мейірбандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. . Міндеті: - елді басқару органның ерекшелігін тани білу;

  • негіздемені мысал бойынша дәлеледеу;
  • президенттің негізгі бағытын айқындау;
  • сабаққа байланысты қосымша материалдарды пайдалану;
  • шығармашылық жұмысты дайындату.
Типі: білімді қорыту,жүйелеу Формасы: топпен Көрнекілік: сызба, интерактивті тақта ... Пәнаралық байланыс: ана тілі ,бейнелеу өнері, тарих..
Өзектілігі: қазіргі таңдағы адамзаттың рухани басқаруына арқау болып отырған негізгі мәселе - білімнің, оқудың аздығы, жас буынның білімге ден қоймауы, қызығушылықтың жетіспеушілігі сияқты мәселерді шешу жолдары. Маңыздылығы: Елді басқару органдары туралы кең ауқымды ой тастауында. Зерттеу әдістері:
  • логикалық ойлау
  • проблемалық іздендіру, дәлелдеу
  • шығармашылық
  • салыстыру
  • анализ, синтез.
Зерттеу көздері:
  1. Президент
  2. Парламент
  3. Сенат
  4. Мәжіліс
  5. Зерттеліп отырған тақырып бойынша әдеби, тарихи деректер.
Гипотеза Елді басқару органдарының идеяларының сабақтастығы ғылыми тұрғыдан негізделіп, білім үрдісінде пайдаланудың әдістемелік кешені жасалып, сабақта енгізілсе, онда бұл үрдіс бүгінгі жұмыстарының тиімділігіне септігін тигізеді, себебі дүниетанымы қалыптасқан, оқушының білімі терең және ой-өрісі кең жеке тұлғаны рухани бай дүние арқылы қалыптастыруға болады. Нәтиже. Елді басқару органдарын жан-жақты қырынан таныту арқылы ұрпаққа өз елін басқаруға сенім ұялату.

Оқу үрдісінің тәртібі: І. Ұйымдастыру кезеңі: Бүгін конференцияға Ресей, Америкадан, Қытайдан, Франциядан делегаттар келіп отыр. Делегаттарды(оқушылар) қарсы алу. ІІ.Психологиялық кезең: Ән ұранды айту. (1-2-слайд) - Құрметті делегеттар бүгінгі конференцияның тақырыбы: «Қазақстан - егемен ел». Конференцияның ұраны «Балалардың арманы - еліміздің болашағы!» Сіздер алдын ала конференцияда қандай мәселе көтерілетінін білгендіктен, сіздердің рұқсаттарыңызбен бірден сол мәселелерді қарастыруға көшсек деймін. ІІІ.Үй тапсырмасын зерттеу : (3-6 слайд) а) зерттеп келген жұмысын, жинаған ақпаратын қорғау: - ғылыми жоба: - реферат .... б) бекіту (7-12 слайд) IV. Операциялық-орындаушылық(тәжірибелік) кезең: а) Елді басқару органдарының жұмысы: Қазақстанда барлық мерекелер өте көңілді тойланады. Ел халқы бір - бірлерін құттықтап, көшелер мен ғимараттар әшекейленеді. Бірақ Қазақстан үшін маңызды мерекелер бар. Сол мерекелерді атап өтейік 22 - наурыз - Наурыз мерекесі - 16 - 17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік күні басты мемлекеттік мереке. 25 - қазан - Республика күні. Република күнін біз 1990 жылдан бастап тойлап келеміз. 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда еліміздің ата заңы қабылданды. Сондықтан 30 тамыз мемлекеттік мереке болып тағайындалды - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. - 1 Мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі. - 9 Мамыр - Жеңіс күні. Жеңіс күні - өте маңызды мереке. Бұл Отанымызды қорғаған күн. - 1 мамыр мерекесі мен 9 мамыр мерекелерінде қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар? - жыл сайын соғыс арадагерлерінің саны азайып келеді, болашақта 9 мамыр мерекесінің атауы өзгеріп немесе тойланбай қалуы мүмкінбе? Егер сондай мәселе көтерілген болса заңға қандай өзгеріс енгізер едіңдер? - президенттің қол қоюы.
V. Танымдық ақпараттық кезең Тілшілердің қорытынды сұхбаты.

1.Қазіргі уақытта елімізде қандай ең өзекті мәселелер бар?

2. Өзекті мәселелердің бірі -мектеп, мектептер аз бұл мәселені қалай шешуге болады?

3.Менің сұрағым білім министрі Жумагулов мырзаға

Мектепрерде тіл мәселесі қандай деңгейде?

4. Оқу-құралдары неге жеткіліксіз?

5. Келесі мәселе балабақша аздығы, шешу жолы қандай?

- «100 мектеп ,100 емхана», «Балапан» бағдарламасы - Барлық іс-қағаздар мемлекеттік тілде жүргізілсін... VІ.Бекіту:

  • Нағыз азамат болу дегеніміз не?
  • Заңдарды кім шығарады?
  • Әрбір азаматтың басты міндеті?
VІI. Рефлексиялық-бағалау кезеңі(комментаримен) Оқушы өзі шығармашылығын қорғауына байланысты және белсене қатысқан тұлғаны бағалау, мадақтау. VІIІ. Үй тапсырмасын. Қазақстан халқы.(оқып талдау,зерттеу) материал жинау. (Тақтада жазулы тұрады. Балалар өзі күнделіктеріне жазып алады.) ІХ.Әр оқушы келген қонақтарға жылы лебіздерін білдіру ( әр бала бір күн шапағын алады да өз тілегін білдіріп, таұтаға барып іледі, ең соңында күннің суреті шығады). Сабақты Әрқашан күн сөнбесін Аспаннан бұлт төнбесін Қасымда болсын мамам Болайын менде аман! - деп әнмен аяқтайды. Ал құрметті қонақтар осымен конференциямыз аяқталды. Делегаттар қоштасады.

Урок познания мира



© 2010-2022