Әдебиеттік оқу. Бала Абай

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Калиева Бибігүл Мейрамгазиевна

Сабақтың тақырыбы: Бала Абай.

Сабақтың мақсаты: Бала Абай мәтінің идеясын ашу.

1. Мәтін мазмұнымен таныстыру, Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру.

Жүйелі сөйлеуге, өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

2. Дамыта оқыту арқылы оқушылардың логикалық ойлау дағдысын, шығармашылық

қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға Абай ата өмірін үлгі ету, ұлы ақынға деген құрмет сезімдерін

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік: А. Құнанбаев, М. Әуезовтың портреті, сөзжұмбақ, сызбалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, олардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Ғафу Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңін сұрау.

2. Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар.

а) Алғаш қоңырау соққан, мектеп ашқан кім?

ә) «Қазақтың даласына білім келді» дегенді қалай түсінесің?

б) Ы. Алтынсариннің қандай әңгіме, өлеңдерін білесің?

III. Оқушы білімін тексеру.

Тест

1. Абылайдың шын аты.

А) Сабалақ В) Әбілмансұр + С) Бөгенбай

2. Батырлар туралы өлең жазған жырау.

А) Бұқар + В) Ақтанберді С) Шал ақын

3. «Көксерек» әңгімесінің авторы.

А) М.Әуезов В) М.Дулатов С) Ж.Жабаев

4. Қазақ ханы.

А) Қабанбай В) Бөгенбай С) Абылай +

IV. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

2 топқа бөліну. Сөзжұмбақ шешу. Бала Абай

1. Дөңгеленіп өседі, желмен бірге көшеді (қаңбақ)

2. Аяғы жоқ, алыстан келеді, Өзіңе сәлем береді. (хат)

3. Бұлаңдаған құйрығы, Бір айлалы қылығы (түлкі)

4. Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тонады. (қар)

5. Шымшып алады қолсыз, Сырғанақ жоқ онсыз (аяз)

6. Сырты қатты, Іші тәтті (қарбыз)

7. Қарап тұрсаң өзіңе, Сурет түсер көзіңе. Сол сурет ұқсайды, Дәл қазіргі өзіңе. (айна)

8. Орақ болып туады,Табақ болып тұрады, Көк аспан оның тұрағы (ай)

V. Жаңа сабақ.

1. М.Әуезов жайлы мағлұмат алу «Ой қозғау» стратегиясы.

Мұхтар: жазушы, Семей өңірі, туған жылы, «Көксерек», атасы Әуез, жазушы.

2. Кіріспе әңгіме.

М. Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауылында туған. Жас кезінде ұлы Абайды көріп, бата алған. Атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің тәрбиесінде болады. Алдымен молдадан хат танып, кейін Семей, Ташкент, Санкт-Петербург қалаларында оқиды. Оның балаларға арнаған көптеген әңгімелерімен осы бастауыш мектепте таныстыңдар.

3. Мазмұнымен таныстыру.

4. Мәтінді кезекпен жалғастыра оқу.

5. Мәтінді үш бөлікке бөліп, әр бөлікке ат қою.

6. Сөздік жұмыс жүргізу, «елтіп тыңдады» тіркесінің мағынасын түсіндіру.

VІ . Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

1. Абай неге үйден көп шықпайтын болды?

2. Абайға кімдер әңгіме айтатын?

3. Абайдың үйіне кімдер келді?

4. Барлас ақын Абайға неліктен ұнады?

5. Қонақтарды Абай неліктен жібергісі келмеді?

6. Барлас ақын Абайдың зеректігін қалай бағалады?

VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

1. Сонымен, балалар, бүгін кім жайлы оқып білдік?

2. Бұл әңгімені жазған кім?

3. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Абайды тану арқылы Біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.

4. Бала Абайға мінездеме берейік.

Бала Абай - жасы 13-те, денесі бір аралық кейіпте, зерек, атқа мінуге үйір, әңгімешіл, ойлы, бойы өскен, ұғымтал, қол-аяғы ұзарған.

VІІІ. Үйге тапсырма.

М. Әуезовтың «Бала Абай» әңгімесін оқу. Мазмұнын айтуға дайындалып келу.

Бағалау



© 2010-2022