Сабақ жоспары Информатика, ақпарат 5 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: информатика сыныбы: №_____ cабақ күн реті_______

Сабақтың тақырыбы: Информатика, ақпарат

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасиеттері мен таныстыру.

Оқушылардың салыстыра білу қабілеттерін дамыту

Оқушыларды тиянақтылыққа тәрбиелеу

Оқушылар үйренуі тиіс: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді.

Сабақтың түрі: аралас

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, ауызша, дәптермен жұмыс

Сабақтын барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Оқушыларды түгендеу, журналмен жұмыс

ІІ Білімді өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Информатика дегеніміз не?

  2. Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар?

  3. Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?

  4. Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыңдар?

  5. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?

ІІІ Өткен сабақты қорытындылау

Осы сұрақтар арқылы мұғалім оқушылардың алдынғы сабақта алған білімдерін тексереді

ІV Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

Ақпарат туралы түсінік беру

VЖаңа сабақты оқып-үйрену

Мүғалім «информатика» және «ақпарат» ұғымын енгізеді.

Ақпараттың түрлері:

Мұғалім оқушыларға ақпарат алу (кабылдау) көздерін атап шығуды сұрайды. Ақпарат арналарын жетік меңгеру үшін Мұғалім окушыларға тест тапсырмасын береді (2-сурет). Оқулықтың 1-қосымшасы.

Мұғалім: Ақпарат қалай ұсынылады? Өмірде және компьютерлік программаларда ақпараттың қандай түрлері кездеседі?

Акпарат түрлері ұсыну тәсіліне қарай түжырымдалады.

Ақпараттың қасиеттері:

Мұғалім алдымен көз жанарын алдауға бірнеше суреттер ұсынады.

Мысалы: (1, 2, 3-суреттер)

Сабақ жоспары Информатика, ақпарат 5 сынып

Сабақ жоспары Информатика, ақпарат 5 сынып

Сабақ жоспары Информатика, ақпарат 5 сынып

З-суретте үшпайтын құстардың суреті бейнеленген

Оқушылар осыдан кейін әр ақпарат шынайы (объективті) болмайтындығы туралы қорытынды жасайды. Шынайылық - ақпараттың негізгі қасиеттерінің бірі.

Оқулықта оқушылар үшін ақпараттың барлық қасиеті берілмеген, өйткені олардың көбісі осы жастағылар үшін күрделі. Сабақта интуиция арқылы ақпараттың келесі қасиеттерін беруге болады:

  1. Өзектілік (акпараттың өз уақытында берілуіне байланысты).

  2. Толықтық (ақпараттың көлеміне байланысты).

  3. Объективтік (адам факторына байланысты).

  4. Жеткіліктілік (қойылған талаптарға байланысты).

  5. Адекваттылық (шындыққа сәйкестігі).

  6. Қолжетімділік (қазіргі кезде қажетті ақпаратқа қол жеткізе аламыз ба?).

VІЖаңа сабақты меңгергенін тексеру кезеңі

Информатика дегеніміз ..

Ақпарат дегеніміз -...

Ақпаратты қабылдау түрлері Ақпаратты үсыну түрлері -...

Ақпараттың қасиеттері

Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақта нені білдік?

VІІІҮй тапсырмасы

Оқулықтан §2 оқу, сұрақтарға жауап беру, 7-тапсырманы жұмыс дәптеріне орындау.

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

С

С

А

Д

В

В



© 2010-2022