«Негізгі және туынды сын есім»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: «Негізгі және туынды сын есім»

Мақсаты:

Білімділік: Негізгі және туынды сын есім туралы білім

қалыптастыру; Туынды сын есімнің жасалу жолын

түсіндіру

Дамытушылық: Сауатты, көркем жазуға төселдіру, ойлау әрекетін,

шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу.

Тәрбиелік: Өздік жұмыс жасауға, ізденуге баулу.

Ұқыптылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.

.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың типі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО техн.: Ой-шақыру, топтастыру, мағынаны

тану, ой толғаныс, Венн диаграммасы, ойын.

Сабаққа қажет құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, кесте, житондар, қима қағаздар, түрлі гүл суреттері.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (6 слайд)

1. Оқушылар назарын сабаққа аудару;

2. Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізбен амандасып алайық. Ол үшін: «Сәлем, досым» деп қолдарымызбен амандасайық,

2) аяқтарымызбен амандасайық,

3) құлақтарымызбен амандасайық,

4) кішкенатай саусақтарымызбен амандасайық,

5) бастарымызбен амандасайық.

- Жарайсыңдар, достар! Міне барлығымызда қуаныш сезімі туды ма? Олай болса көтеріңкі көңілмен барлығымыз саяхатқа аттанайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (7 слайд)

Үйге берілген тапсырманы (18,20-жаттығу) ауызша тексеріп өту.

«Негізгі және туынды сын есім»

ІІІ. Ой шақыру (8слайд)

  • Біз кай сөз табы туралы оқудамыз?

  • Сын есім дегеніміз не?

  • Етістікті топтастыру

ІҮ. Жаңа сабақ

Мағынаны тану. (9 слайд)

Слайдпен жұмыс, берілген кестедегі сөз топтарын салыстыру.

Олар туралы не айтуға болады?

1-жұп қай сөз табы?

2-жұп қай сөз табы?

Сын есімдер қалай жасалған?

Таза

Әдемі

Ащы

биік

ақыл - ақылды

тәртіп - тәртіпті

біл - білгіш

айна - айнадай

Түйін:

  • түбір сөзден болған етістікті негізгі сын есім дейміз.

  • түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.

Көркем жазу минуты(10слайд): Гүлді алқап, әдемі қызғалдақ, көгілдір аспан.

Жаттығу жұмысы. (12-14слайд)

23 жаттығу. Мақалды жатқа жазу, сын есімдерді тауып, негізгі, туынды екенін ажырату.

24-жаттығу. (15 слайд)

«Гүл теру» ойыны бойынша орындау. Сөздерді көшіріп жазу. Туынды сын есімді сөз құрамына талдау. Сөйлем құрап жазу.

Сергіту сәті. (16-17 слайд)

Келесі кезігетін табиғаттың қандай бөлігі екен? Ол үшін барлығымыз тез ғана:

  • Асфальтпен жүрейік (аяқтарымен тықылдатады)

  • Енді құмдақ жермен жүрейік (аяқтарын жәй ғана тырпылдатады)

  • Алда өзен, жүзу білеміз бе? Қане жүзіп өтейік.Шаршадың ба?

  • Енді қайыққа отырайық, ескекпен есейік.

  • Енді желкенді қайықпен жүзейік, желкенін көтерейік.

  • Барлығымыз желге көмектесейік, желкенге қарай үрейік

  • Енді алдымызда не тұр екен? Дүрбімен қарайық.

Жаттығу жұмысы.

25-жаттығу. (18 слайд)

Мәтінді оқу.

Сын есімдерді тауып, қайсысы туынды, қайсысы негізгі екенін айту.

Ү. Ой тоғаныс. (қорытындылау)

  1. Венн диаграммасын құру. (19 слайд)

Н

Сын есім

Қандай?

Заттың сынын

білдіреді



егізгі сын есім Туынды сын есім «Негізгі және туынды сын есім»

Түбірден жасалады түбірге жұрнақ қосу арқылы жасалады

ҮІ. Оқушыларды бағалау. (20 слайд)

ҮІІ. Үйге тапсырма: (22 слайд)

26-жаттығу. Сын есімдерді жазу, салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу. (венн диаграммасы)

27-жаттығу. Ұйқасын тауып оқу, туынды сын есімді табу

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Саға негізгі мектебінің

жоғары санатты

бастауыш сынып мұғалімі -

Г.С.Қонарова




© 2010-2022