Үйден оқытылатын балаларға білім берудің тиімді әдістері

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үйден оқытылатын балаларға білім берудің

тиімді әдістері

Баланы оқу - тәрбие үрдісі негізінде дамыту-көп жылдар бойы көптеген ғалым, психологтардың, мұғалімдердің пікірталас тудырып келген және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселе. Әрбір ата-ана өз баласының дені сау болып, мектеп табалдырығын уақытында, өз құрдас- тарымен қатар аттағанын қалайды. Ал мұндай мүмкіндік бұйырмаған балалардың бабын жасау оңай емес. Оларды қоғамға бейімдеп, білімділер қатарына қосуда арнайы мамандардың ықпалы зор. Үйден оқыту ата-ана үмітін еселей түседі. Бұл жұмыс Білім және ғылым министрлігінің «Оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсетутәртібі туралы» ережесі-не сәкес жүзеге асып келеді. Қаладағы №212 мектеп-гимназиясы да аталмыш заң шеңберінде баланы үйден оқытатын педагог мамандарымен балаларды оңалту,тәрбиелеу мен оқыту, әлеуметтік қолдау көрсету және қатарға қосу мақсатында жұмыс жасауда. Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерде, теориялық материалдарда көрсетілгеннен баланың жалпы дамуын негізгі үш факторға сай жүзеге асады. Олар: биологиялық фактор, әлеуметтік немесе қоршаған орта, тәрбие яғни оқу-тәрбие үрдісі.

Туғаннан дені сау баланың белгілі дәрежеде дамитыны сөзсіз. Алайда әрбір баланың педагогика-

лық, психологиялық тұрғыдан даму ерекшеліктерін ескерсек, барлық баланың бірдей дәрежеде дамуы мүмкін емес.Балаларды бірыңғай бөліп, даралап тастауға болмайды. Олар құрдастарымен белгілі уақытта кездесіп, бірге танымдық ойындар ойнап тұғаны жөн.

Үйден оқылатын оқушыға оқу үдерісінде төмендегіндей әдістерді қолдаса, жоғарғы нетижеге қол жеткізуге болады. Оқушының денсаулығына жеңілдете отырып, баланы жалықтырып алмас үшінқозғалу стратегиясын сын тұрғысынан ойлау мен жазу дамыту, ассоцациялау әдістерін жиі пайдалануға болады. Осылардың ішінде бастауыш сыныптың үйден оқытылатын оқушыларына білім беру мен оқутыда дидактикалық ойындардың манызы зор. Бұл ойын түрлеріне дидактикалық сипат беріліп, білімдік, тәрбиелік мақсат көзделіп, іріктелініп алынады.

Дидактикалық ойлау мақсат - оқушының пәнге деген қызылушылығын, белсенділігін арттыра отырып, менериал берік меңгеру. Әрбір мұғалім сабақ барысында қандай дидактикалық ойын қолданатынын күні бұрын сабақ мазмұнына, мақсатына сай аяқтап, баланың денсаулығы көтеретіндей етіп, таңдап алады. Өйткені ойын үйден оқытылатын балалар үшін қызықты және оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Сабақта ойын элементтерін пайдалану арқылы дидактикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып, қызықтыруға, сабаққа белсенділігін арттыруға,алған білімін жинақтауға көмектесе аламыз.Ойын элементтерін қолдана отырып өткізілген сабақтарда жаттығу жұмыстары баланың сөз байлығын көбейтіп, ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейтіп, білім сапасын, өмірге деген қызылушылығын тереңдете түседі.

Дидактикалық ойындар заттық , ойыншықтар және түрлі ойын материалдары болып бөлінеді. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындарға « Лото», «Динамо» және т.б.Сөздік дидактикалық ойындар да жиі қолдалынады. Дидактикалық ойынның маңызы қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп нақтылай түседі. Үйден оқытылатын оқушыны денсаулығын ойын арқылы сауықтырып, ақыл-ой қызметін дамыту арқылы өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландырады. Дидактикаклық ойынды жүргізуші, әрі ұйымдастырушы ол-мұғалім. Мұғалім бұл ойындарды үйден оқытылатын оқушының физиологиялық, психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақта қолданған кезде оған қойылатын талаптарға, оны ұйымтастырыу, жүргізу әдісіне жете мән беріу қажет. Дитактикалық ойындар арқылы жүгізілген жаттығыулар мен қайталаулар үйден оқытылатын оқушы жалықтырмайды. Өйткені олар біркелкі болмайды. Мұңдай ойындар әртүрлі сыныпта және әртүрлі мақсатта қолданылады. Осы дидактикалық ойын элементтерін « Тәй-тәй» Бағдарламасымен

ұштастыра отырып, оқыушының өз бетінше оқып үйренуге өмірге деген талпынысын арттыруға

болады.

Сонымен қатар қазіргі уақытта әр үйде компьютерлік жүйемен қамтылған сол мүмкіндікті

пайдаланып, слад арқылыда дидактылық ойынды сабақта шебер ұйымдастыруға болады.

Үйден оқыту барысында оқушының әртүрлі қырларын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше

технология қолдану керектігіне мұғалім назар аудару қажет. Нақты өмірде бұл жағдай әрқашан іске

аса бермейді. Неге десеніз, мұғалім бір техналогияның немесе оңын бір көрнекті элеметтін ғана

тәжребиеде қолданады. Бұл дұрыс емес.Бір сарынды және бір бағытты ұзақ жүргізілген іс-әрекет

бала өміріне шексіз сиян тигізеді.Сондықтан әсіресе үйден оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері

мен формаларын алмастыра отырып, баланың денсаулығына салмақ түсірмейтіндей етіп,

жалықтырмайтын түрлі әдістерді қолданыуда мұғалім де өз шеберлігін шындай түсері анық.

Оқыушыларды үйден оқытатын мұғалімдердің ізденесі үзілмеуі керек. Баланың білім көгжиегін

кеңійтіу үшін әуелі оның ішкі жан дүнейесіне үңілу-мұғалімнің ең басты міндеті. Бала- қоғам

байлығы, еліміздің ертеңі. Оларды білім нәрімен сусындатып, адамгершіліктің асыл қасиеттерін

бойына тартып, адам зат етіп тәрбиелеу- ұстаздар қауымының борышы.

Дайындаған: Омашева Эльмира Елемесқызы




Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі. 370-374 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

1.Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда,оған I,II жақта жалғау жалғанатыны туралы түсіндіру.

2.Оқушылардың ойлау қабілетін,шығармашылығын дамыту.

3.Сауаттылыққа,ұстамдылыққа,жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап ,түсіндіру,оқыту,сөздерді талдау.

Сабақ көрнекілігі: Оқулық, суреттер, ребус, кесте

Сабақ түрі: Дәстүрлі емес саяхат сабақ.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:

Қоңырау соғылып,үнсіздік орнады

Бастаймыз сабақты 4 А-ның балғындары

Партаға отырып,сәттілік тілейін

Білімнің айдынын зерделеуге жүрейік.

ІІІ.Өткенді қайталау:

Бүгінгі сабақта біз «Білім еліне" саяхат жасаймыз.

Білім еліне саяхаттың жоспары

1. "Мектеп" аялдамасы

2. "Білгірлер" аялдамасы

3. "Тапқырлар" аялдамасы

4. "Шешендер" аялдамасы

5. "Мергендер" аялдамасы

Олай болса,саяхатымыздың басы "Мектеп" аялдамасы. Білімдеріңді тексеру мақсатында сұрақтар беріледі:

Түбір дегеніміз не? Мысал келтір.

Қосымша дегеніміз не? Нешеге бөлінеді? Мысал келтір.

Септіктерді ата?

Сөйлем мүшесі деген не? Нешеге бөлінеді.

Ереже. Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда оған І, ІІ жақта жіктік жалғау жалғанады.Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше түрде жалғанады.

Жекеше Көпше

І жақ. -бын,-бін -быз,-біз

-мын,-мін -мыз,-міз

-пын,-пін -пыз,-піз

ІІ жақ. -сың,-сің -сыңдар,-сіңдер

ІІІ жақ.

Дәптерлеріңді ашып, күн реті мен тақырыпты жазып қойыңдар.

VIІ.Жарайды,балалар,келесі аялдамағада жетіп қалдыңдар.Бұл "Мергендер" аялдамасы,яғни тест сұрағына жауап алу.

1. Бастауыш сөйлемнің қандай мүшесі?

а) Тұрлаусыз

ә) Тұрлаулы

б) Етістік

2. ІІ жақтың жекеше түрдегі жалғаулары

а) - пын, - пін

ә) - сың, - сің

б) - мыз, - міз

3. І жақтың көпше түрдегі баяндауыштың жалғаулары:

а) - сыңдар, - сіңдер

ә) - сың, - сің

б) - мын,- мін

4. Жалқы есімді тап

а) дәрігер

ә) Алматы

б) бақша

5. Кім?Кімдер?Не?Нелер? қай сөз табына қойылады?

а) етістік

ә) сын есім

б)зат есім

VIII. Сабақты бекіту. Балалар біз белгілі білім еліне саяхат жасап,білім көрсетіп, енді өзіміздің сүйікті сыныбымызға оралайық.

Сонымен,балалар,бүгінгі сабақта не істедік?

Қандай тақырып өттік?

Қандай тақырып өттік?

IX. Шығармашылық жұмыс

Мына жерде сөйлем жасырылып қалды,соны табайық.Әр екінші әріпті сызып, сөйлем шығарып аласыңдар.

М қ А ш Б е - т и ы р ж п а т қ з с и ы м т ы а ш п ғ с х ы я р н а б м щ ы ж з қ.

X.Үйге тапсырма: 374-жаттығу. Жекеше, көпше түрде жіктеп

жазып келу

XІ.Бағалау. "Мектебім" өлеңімен аяқтау.






Үйден оқытылатын балаларға білім берудің тиімді әдістері



Үйден оқытылатын балаларға білім берудің тиімді әдістері



Үйден оқытылатын балаларға білім берудің тиімді әдістері





Үйден оқытылатын балаларға білім берудің тиімді әдістері

Тақырыбы: Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ.

Мақсаты: 1.Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.

2. Халық ауыз әдебиетін пайдаланып, оны орынды қолдана білуге,сөз жүйесін таба білуге үйрету.

3.Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекілігі: халық ауыз әдебиеті бойынша мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер.

Кіріспе.

Жүргізуші: Құрметті көпшілік қауым!

Бүгін 2-ші сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын жарысы өткелі отыр. Мұндағы мақсатымыз-халық ауыз әдебиетін дамыту. Мақал-мәтелдер ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, онда әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан.

Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді. Жұмбақтан халықтың ойлау жүйесін танимыз. Бүгін ортамызға халық ауыз әдебиетінің ең жанашыр-ларының бір тобы келіп отыр.

Қадамдарыңызға нұр жаусын дей келе, бүгінгі «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын жарысының ашылуын жариялаймыз.

Жарыстың шарты:

  • Мақал айтыс.

  • Мақалды жалғастыру.

  • Сандар бойынша мақал құрастыру.

  • Жұмбақ жарыс.

  • Ұлттық жұмбақ және логикалық жаттығулар.

Барысы: Жүргізуші: «Мақал-сөз атасы» дегендей ортамызға сайысқа қатысушыларды шақырамыз. Жарысқа 4 оқушы қатысады.

1.Бір минутта мақал-мәтелдерін айту. Ол 1 балл болып есептеледі. Ең аз балл жинаған оқушы сайыстан шығады. Қалған 3 оқушы келесі шартқа өтеді.

2. Мақалды жалғасттыру

Әр оқушыға екі мақал айтылады.Дұрыс жауапқа 3 балл.

  • Ер қаруы-...............(бес қару)

  • Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,.......(төртеу түгел болса, төбедегі келеді.)

  • Білекті бірді жығар.......(білімді мыңды жығар.)



  • Жүз теңгең болғанша,..........(жүз досың болсын.)

  • Батыр бір өледі,..........(қорқақ мың өледі.)

  • Білгенің бір тоғыз..........(білмегенің тоқсан тоғыз.)

3. Сандар бойынша мақалдар айту.

Таңдаған сандарға мақал-мәтел құрастыру. Әр мақалға 1 балл.

1.)50 2)3 3)6 4) 2

Қатысушылардың ұпайын санап, аз балл жинаған оқушы шығады.

4.Жұмбақ жарыс.

Бір-біріне жұмбақ қойып, шешеді. Әр жұмбаққа 1 балл.

5.Ұлттық жұмбақ және логикалық жаттығулар.

Дұрыс жауапқа 3 балл.

1.Үйдің әрбір бұрышында бір-бір мысық отыр. Әрқайсысына үш мысық қарсы отыр.Үйде барлығы неше мысық отыр? (4)

2 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1 жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек? (4)

3. Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км шабады? (30 км)

4. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы 5. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?

(1, өйткені қалғаны ұшып кетеді).

  • Үш май шам жанып тұр. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? (2 , өйткені біреуі жанып кетеді)

  • Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі? ( 2,5 сағ )

  • Екі стақанға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкеге төңкердің, қайсы стаканда су көп? (бірдей)

  • Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

Ал, енді ортамызға барлық сыннан мүдірмей өткен жеңімпаздардың ұпайын санап, жеңімпазды анықтап, марапаттау.

































© 2010-2022