Қыс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қыс. Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
  1. Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру.
  2. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.
  3. Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: жасқанбаймын, шаттана. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету. Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қыс мезгілінің суреттері, слайдтар, үнтаспа. Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі. - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілі неше айдан тұрады? - Қыста қар неге жауады? - Қардан не жасауға болады? Балалар бүгінгі ауа райын бақылап, табиғат күнтізбесіне белгілейді. Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін жаттау. Жас ұланмын шыныққан, Жасқанбаймын суықтан. Қардан жасап аққала, Сырғанаймыз шаттана. Педагог: - Сендерге аққала соққан ұнай ма? - Аққаланы неден соғады? - Ендеше аққала соғып көрелік. Сергіту сәті: Қарды жинаймыз, дөңгелектейміз, тағы да біреуін дөңгелектейміз. Дайын қарларды бірінің үстіне бірін қоямыз. Қолын жасаймыз, көздерін, мұрнын, аузын жасаймыз. Мінекей, аққаламыз да дайын болды. (Қимылмен көрсетеді). Қимылды ойын: «Қар жинау». Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқа да бірдей етіп қар үйілген. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек. Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап. Шанамен зырлап желетін, Шаңғы, коньки тебетін, Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі). Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыр». Ойын шарты: Қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға апарып ретімен орналастыру керек. Балалардың көздері байлаулы болады. Ойын осылайша жалғасады. Қорытынды: - Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері бар? - Қыс айында қандай мерекелер болады? - Қыс мезгілі несімен ұнайды? - Қардан тағы не жасауға болады?

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы

© 2010-2022