Көрікті көктем

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 24.02.2014

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекет түрі: қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Көрікті көктем

Мақсаты:

1. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер,адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы мағлұмат беру.

2. Үлкендер еңбегін бақылау арқылы бағалай білу,бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.

3. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, суреттер.

Әдістері: практикалық, ойын, сөздік

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалармен амандасу.

Психологиялық дайындық.

Сыныпты топтарға бөлу.

Қызығушылық білдіреді

Физминутка

Әр түрлі кәмпиттер арқылы топтарға бөлу.

Іздену ұйымдастырушы

-Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

Жұмбақ шешу.

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай-салаға ағады,

Бүршік шашып, жапырақ ашып

Гүл бәйшешек басады

Ал, балалар айтыңдаршы

Бұл қай мезгілде болады?

-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде « Көрікті көктем» деген тақырыпты өтеміз.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарынды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Үнтаспадан «Көктемгі дыбыстар» тындату. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Балалар, көздеріне қандай жыл мезгілі елестеді?

Экраннан көктем көріністерін тамашалайық.

-Балалар бұл көріністен қандай жыл мезгілін көрдіндер?

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Көктемде адамдар қандай жұмыс жасайды?

- Көктемде ең алғаш қандай гүл шығады?

- Көктем туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Топтық жұмыс. «Суреттер сөйлейді»

Берілген суреттердің ішінен көктем мезгілі бейнеленген суретті тап, және сол сурет бойынша әңгіме құра.

Жұптық жұмыс. «Кел, бояйық!»

Берілген суретерді бояу.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар.

Су құйғанда өседі.

- Балалар біз табиғатты қорғап, табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек.Табиғат туралы тиым сөздерді қайталатып, мағынасын түсіндіру.

Жеке жұмыс. «Кім шапшаң?»

Әр заттың жұбын тап және олар бір - біріне

не үшін керек?

Бұл суреттердің ішінде келмей тұрған

суреттерді тап.

-Қыс,көктем,жаз,күз.

- Көктем

Үнтаспаны тыңдап балалардың көздеріне елестегендерін айту.

-Көктем

-Көктем мезгілі.

- күн жылынып,қар ериді Жер беті көгереді, ағаштар бүршік атады, жаңбыр жиі жауады, құстар жылы жақтан ұшып келеді.

-Гүлзаларға гүл егеді,жер жыртады,егін салады, бау-бақша салады, ағаштардың түптерін қопсыту, құстарға үя жасайды.

- Бәйшешек.

Тақпақтар айтады.

Суретпен жұмыс жасайды.

Суретті бояйды.

Сергіту сәтін қимыл- қозғалыспен жасайды.

Гүлді үзбе.

Құстың ұясын бұзба.

Ағашты сындырма.

Суға түкірме.

Құсты атпа.

Рефлексиялық коорекциялаушы Сендер бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Сондықтан сендерге бәйшешек гүлін беріп жіберіпті. Кәнекей балалар шеңбер құрып тұрайық. Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық.

Балалар мәз болып сыйлықтарын алады . Рахмет

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

- көктем мезгілінің ерешеліктерін;

Нені игереді:

  • көктем туралы өз ойларын айтуды;

  • суретпен жұмыс жасауды;

Нені білді:

  • табиғатты қорғап, қамқорлық жасауды



© 2010-2022