Ц дыбысының сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ц дыбысы

Сабақтың мақсаты: Ц әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; оқушылардың сөз байлығын арттыру, қисынды ойлау қабілетін дамыту,; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу тексеру, оқу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ә) Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын!
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!

І. Үй тапсырмасы: 7жаттығу
« Сөз ойла, тез ойла» ойыны
а) Ц дыбысы бар сөздерді айту;
ә) Ц дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу
цирк, цемент, циркуль, концерт, т.б.
ІІІ. Жаңа сабақ:

«Ц дыбысы мен әрпі»
- Ол жерде аңдардың ойынын көруге болады.
- Онда сайқымазақ пен сиқыршылар өнер көрсетеді.
- Цирк сөзінде неше дыбыс бар?
- Ол қандай дыбыстар?
- Бірінші дыбыс қандай?
- Дұрыс. Ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Қане, бәріміз тақтаға қарайық. Тақтадағы суреттерге қарап, сөздерді қайталау.
Цех, цирк, концерт, цифр, цемент, цистерна
Жазылуы - Цц, баспа түрі - Ц ц
«Ц» дыбысы - дауыссыз, қатаң дыбыс
Біз ц дыбысын қай кезде айтамыз?
«Буын құра»
-----а
-----о
Ц---и
-----у
-----е
----ы
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:

8-жаттығу: сөздерді қатесіз көшіріп ждаз. Жазылуын есте сақта.

Сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

9-жаттығу: Сөйлемдерді оқып, ц әрпі бар сөздеді көшіріп жаз және дыбыстық талдау жаса.

Авиация, цирк, цистерналар.
Ребусты шеш:

(концерт) сөйлем құрастыр.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Жеке жұмыс:

13-жаттығу: Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Мектеп оқушылары концерт қойды. Құрылысшыларға цемент әкелді. Әр гектардан 26 центнерден күріш жинады. Бұл аз цифр емес.

-Ц әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Шығармашылық жұмыс:
«Концерт» тақырыбына әңгіме құрастыру
Мектепте мерекеге арналған концерт болды. Досан домбырамен күй орындады. Маржан ән айтты. Айбек өлең оқыды. Айгүл би тобы би биледі. Балалардың өнері тамаша болды.
Ү. Сабақты қорытындылау:
- Ц дыбысы қандай дыбыс?
- Ц қатаң дауыссыз дыбыс.
- Ц дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Сөздің басында, ортасында кездеседі.
« Кім тапқыр?» ойыны
Түсіп қалған әріптерді орнына қой
... ирк, кон... ерт, ... ех, ... емент
а... ы, тұ... ы, ... етка, бор...
ҮІ. Үйге тапсырма: 35бет 14-жаттығу.
Бағалау:



© 2010-2022