Әдебиеттік оқу Абай Құнанбаев Қыс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С/тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»

С/мақсыты: Абай Құнанбаев өмірі оның шығармалары туралы

білімін кеңеиту»Қыс» туралы өлеңнің мазмұнын

ашу.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау

таныш мүмкіндіктерін анықтау

2 Оқушылардың сөздік қорын, ойын,

Көз алдына елестету, есте

Сақтау қаблеттеррін дамыту

3 Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызық-

тыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге

баулу жаман әдеттерден аулақ болуға ,бойларына

жақсы касиеттер жинай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже;Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев

Туралы білімдерін толықтырады.Жеке ойларын

Ортаға салады,пікірін дәлелдейді.

Сабақтың әдісі;Ой қозғау,сұрақ-жауап ,сын тұрғысынан ойлау

стратегиялары көрнекілік әдісі

Сабақтың түрі; Кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ

С/көрнекілігі;Абай суреті,қыс мезгілі суреті.

Сабақтың барысы; 1.Ұйымдастыру.

Психоллгиялық дайындық.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын Сиқырлы шырша ойыны арқылы сұрау

3.Жаңа сабақ:Ой шақыру

-Қыста не болады

-Қар қандай болады

-Мынау қандай дыбыс

-Дыбыс, боран.Боран кезінде кун қандай болады

-Суретте нелер бейнеленген

-Алдымыздағы шыны ыдысты үрлеп боранның дыбысын салайық.

Ал,балалар олай болса,жұмбақ шешейік

1.Қыста барда ,жазда жоқ.

2.Көлге жапқан қақпақ,сіресіп тұр.

-Қатты-ақ

3.Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып

Суретпен жұмыс.

Суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген. -Олай болса Қыс мезгілін топтастыру ой қозғау Топпен жұмыс

Боран қар тұман

Аяз Қыс мезгіліндегі табиғат қырау

құбылыстары

қар аралас жаңбыр

Суретте Абайдын келбеті

-Бұл кім

-Ұлы Абай.Абай туралы не білесің

Абай-ағартушы, дана,жазушы,педагок,сыншы табиғат суретшісі

Олай болса,біз Абай атамыз туралы біраз білетінімізді байқадық

Абай атамызды бүкіл әлем таныды дедік.

Енді Абай атамызды бүкіл әлемге танытқан жазушы туралы кім біледі.

Абай атамызды танытқан Мұхтар Әуезов

-Қандай шығармасы арқылы таныдық

-Абай жолы романы арқылы таныдық. Сұрақ-жауап жүргізу.

-Жауып тұррған қарды бақыладыңдар ма

-Қар жауған соң айнала қалай өзгереді

-Қыста дала қандай болады

-Жауған қарды неге ұқсатар едіңдер

-Бүгін біздің тақырыбымыз жылдың қай мезгіліне тиісті екен.

-Дұрыс қыс туралы өтеміз.Абай Құнанбаевтың Қыс турылы өлеңі

1.Өлеңді оқу.Мұғалімнің оқуы

2.Өлеңнің шығу тарихынан

-Қыс өлеңінАбай атамыз 1884жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен.Қыста жауған қар сәір айында бір-ақ еріген екен .Бұл өлең сол кезде жазылған екен.

Сондықтан ақын қысты«Ақ киімді,денелі,ақ сақалды» зер тұлғалы зор адам ретінде сипаттаған.

Өлеңнің ішкі мәнін сұрақ-жауап арқылы ашу.

-Автор қысты кімге теңеп тұр?

-Қысты адамға,кәрі шалға теңеп тұр

-Шалдың киімдері қандай?

Ақ киімді үстін ақ қырау басқан

-Киім деп отырғаны не?

-Ол жауған қар, қатқан мұз.

Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (Аяз атаға).

-Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?

-Ол қатал ,соқыр,мылқау адам сияқты.

-Соқыр мылқау дитін себебі не?

-Ол ештеңені көрмейді,аямайды,бәрін тоңдырады.

Түр түсі қандай?Түсі ақ қырау сияқты түсі суық болады.

-Түсі суық дегенге қалай түсінесіңдер?Қатал,ашулы,адамның түсі суық болады.

8.Сергіту сәті

Шаңғымен сырғанаймыз

Боран болып уілдейміз

Қар болып жапалақтап,

Бұршақ болып түсеміз

4.Өлеңді оқушыларға іштей оқыту(түсініксіз создерді оқыту)

5.Сөздік жұмысы, талдау(дәптерге жазып алу)

1)Соқыр,мылқау-ештеңені көрмейді , ештеңені естімейді.

2)Домбығып-суықтан ісіп,қыздыру

3)долданғанда-ашуланғанда

4)үсік шалу-үсу,тоңу

5)Шиделі-қой жүнінен тоқылған сырт киім.

5.Тізбектей оқу.

Әр қатардан бір оқушыға мәнерлеп оқыту

6.Шығармашылық тапсырма.

1-қатарға «Қыс» өлеңінен түсінгенін әңгімелеу

2-қатарға Жұмбақ айту

3-қатарға «Қыс» тақырыбына сурет салу

7.Тауып оқу

-Ақын өлеңдегі қысты суреттеген тұсын тауып оқу

1-оқушыға мәнерлеп оқыту

Сабақты «Ақ қала» ойыны арқылы бекіту сұрақ-жауап алу

-Қыс айы қандай болады екен?

Суық,әрі ызғарлы,боранды.

-Абай атамыз сонымен қысты қалай бейнеледі,кімге теңеді?

Ақ сақалды шалға

-Тақырып ұнады ма?Несімен ұнады?

8.Үйге:Өлеңді жаттап келу «Қыс» тақырыбына суреттерін аяқтау.

9.Оқушыларды бағалау

© 2010-2022