Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары. Ы. Алтынсарин Таза бұлақ 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ

Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқу.

Сабақ міндеттері: Білімділік: Мәтінді оқу, талдау.

Дамытушылық: Оқушының өз ой-пікірін айтуға, сөз мағынасын түсінуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Түрі: Ауызша сабақ - 1. «БжС» технологиясы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Мақсатты айту
• Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі
1. ӨТБҚҚС (Өтілген тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақ)
2. ТСЕС (Тірек сөздерді есте сақтау)
3. ҚҚС (Қарама-қарсы сұрақ)
4. СТС (Сын тұрғысынан сұрақ)
5. ТСҚ Тақырыптық сөздік қор)

63 % -ға неше бала жету керек ененін жазу.
ІІ. Көшбасшыға сөз
Үй тапсырмасын тексеру ӨТБҚҚС (Өтілген тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақ)

  1. Ғалым қайда келе жатты?

  2. Неге сүрініп жығылды?

  3. Тастың астынан не шықты?

  4. Сандықтың ішінен не шықты?

  5. Жылан ғалымға не деді?

  6. Ғалым не деді, қандай сұрақ қойды?

  7. Жылан не деп жауап берді?

  8. Ғалым не істейік деді?

  9. Екеуі неге жолықты?

  10. Түйе не деді?

  11. Түйе адамға қандай қызмет көрсеткен?

  12. Адам оны қалай ренжіткен?

  13. Мұнан шығып неге жолықты?

  14. Жеміс ағашы не деді?

  15. Жеміс ағашының адамға қандай пайдасы бар?

  16. Ағаштың жемісін адам қалай түсіріп алып жейді екен?

  17. Одан кейін неге жолықты?

  18. Ит не деді?

  19. Ол адамға қандай қызмет көрсеткен?

  20. Адам оған қандай жамандық көрсеткен?

  21. Екеуі кімдерге жолықты?

  22. Ғалым қай балаға істің мән-жайын айтты?

  23. Бала неге сенбеймін деді?

  24. Жылан баланы сендіру үшін не істеді?

  25. Бала не істеді?

  26. Ғалымға не деді?

ІІІ. Жаңа сабақ

2. Мәтін бойынша тірек сөздерді тақтаға жазу
(Мұғалім тақырыптан 14 кілтті сөз таңдап, жаттап алуға 1 мин 15 секунд уақыт береді)

Тірек сөздермен жұмыс.

  1. Бұлақ

  2. тас

  3. жазу

  4. үш жолаушы

  5. өзен

  6. қызмет

  7. мұрат

  8. шөл қандыру

  9. ақы дәметпеу

  10. жақсылық

  11. шөп-шалам

  12. айуан

  13. таза

  14. ашық көңіл

Тірек сөздерді дәптерге жатқа жазу (ООМ енгізу )
(Тақта жабылады да, балалар жаттап алған сөздерді 30 секунд көлемінде жазады. Егер 63% оқушы 7-6 сөз жазса, норматив тапсырылды деп есептелінеді)
Тексеру
(Оқушылар сөздерді жазып болғаннан кейін блок ашылады да, қалып қойған сөздерін толықтырып жазады)
Мәтінді оқушылардың өз бетінше оқуы
(Оқушылар берілген мәтінді іштей оқып, тірек сөздерді мағынасын ашуға дайындалады. Сонымен бірге мәтінді өте көңіл бөліп оқу керектігі жөнінде нұсқау алады, өйткені мұғалім сын тұрғысынан сұрақ қою кезінде көңілін әрбір детальға аудару керек)
Оқу уақыты: 1 бетке - 4 минут, 2 бетке - 8 минут

Қарама-қарсы сұрақтар

( Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау.) 1. Бұлақ басында неше жолаушы кездесті? 2. Бұлақтың қасында не бар? 3. Суы қандай? 4. Бұлақтың қасына не қойылған? 5. Тасқа не жазылған? 6. Үш жолаушы не істеді? 7. Неге көздері түсті? 8. Бұлақ қандай жерлерге барады? 9. Бұлақтар қосылып не болады? 10. Мұнан қандай ғибрат алуға болады? 11. Қай уақытта мұратыңа жетесің? 12. «Адал қызмет қыл, жалқауланып тоқтап қалма» Кімнің сөзі? 13. Ыстықтағанда бұлақтың қандай пайдасы бар? 14. Не үшін ақы дәметпейді? 15."Біреуге жақсылық етсең, міндет етпе» Кімнің сөзі? 16. Жолаушының үшіншісі қандай жігіт еді? 17. Бұлақтың суы бір орында тұрса, бұлаққа не ынтық болар еді? 18. Не үшін адам бұлаққа ынтық? 19. Бұлаққа ненің сәулесі түсіп тұрады? 20. «Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта» Кімнің сөзі?

Сын тұрғысынан сұрақтар

(Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау.) 1.Бұлақ басында үш жолаушы кездесті. + 2. Бұлақ құмды жерден шығып жатыр. - 3. Айнала қалың ағаш.+ 4. Суы мұздай салқын, мөлдір таза. + 5. Бұлақтың қасында тас жатыр. + 6. Таста: «Бұлақтан шөл қандыр» деп жазылған. - 7. Үш жолаушы жазуды көрмеді. - 8. Бұлақ бір жерде тұрады. - 9. Бұлақ үлкеймейді. - 10. Бұлақтың өзен болуынан ғибрат алуға болады. + 11. Тынбай еңбек етсең, бұлақ сияқты үлкейесің. + 12. Бұл сөзді екінші жолаушы айтты. - 13. Бұлақ шөл қандырады. + 14. Бұлақ ешкімнен ақы дәметпейді. + 15. Біреуге жақсылығыңды міндет ету керек.- 16. Жолаушының үшіншісі - көркем жас жігіт. - 17. Бұлаққа шөп-шалам түссе, айуан ынтық болады. + 18. Бұлақ таза болғаны үшін адам оған ынтық. + 19. Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта. + 20. Бұл бірінші жолаушының сөзі. -

Тақырыптық сөздік қор. 37 сөз (5 минут)

(Оқытылған мәтін бойынша сөз қысқартылмаған түрде немесе шығарма түрінде де жазуға рұқсат етіледі)

1) Матрицаны толтыру
2) Ең көп сөз жазған оқушы сөздерін оқып береді.
3) ТСҚ - ның пайызы есептеледі.

ҮІІ. Бағалау
Оқушылардың ОММ + белгілері саналады.
«5» - 4 -5
«4» - 3
«3» - 2

«2» - 1
ҮІІІ. Үйге тапсырма (4 белгіден аз алған оқушы үйге тапсырма алады)
1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.



© 2010-2022