Рабочие программы на тему Үйшік

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Үйшік (орыс ертегісі)

Сабақтың мақсаты:

1) Ертегі мазмұнын түсініп оқуға үйрету. Диалог құрап ертегіні сахналау.

2) Ертегідегі негізгі ойды анықтау, сөздік қорын дамыту.

3) Оқушыларға адамгершілік, мейірімділік тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Ертегідегі негізгі ойды анықтады, ертегі кейіпкерлерін диалог құру арқылы сахналап көрсете алды.

Көрнекілігі: Слайдтар, бейнебаян, интербелсенді тақта.

Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық

Бір-біріне сәттілік тілеп сабақты бастау.

II. Өтілген материалдарды еске түсіру.

«Наурыз жыл басы» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Сұрақ-жауап алу:

  1. Өлеңнің авторы кім, әңгімелеп айтып бер.

  2. Өлең неше шумақтан тұрады?

  3. Өлеңнің 1-ші бөлігінде ақын нені жырлады, 2-ші бөлігінде ше?

  4. Наурыз мейрамын сен қалай тойлайсың?

III. Жаңа сабақты меңгерту.

1) «Ерте ерте, ертеде» -деп басталатын халық шығармасы қалай аталады?

2) Ертегілердің қандай түрлері бар?

Ертегілер

1. Жан жануарлар туралы

2. Қиял ғажайып

3. Шыншыл ертегілер

3. Мәтінмен жұмыс.

а) Мәтінді оқып беру.

ә) Ертегінің мазмұнын бейнебаян арқылы түсіндіру.

б) Ертегіні іштей оқыту

в) Жеке - жеке тізбектеп оқыту

IY. Дәптермен жұмыс.

V. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

VI. «Ас картасы» ойыны.

  1. Ашық алаңқайда ... тұрды.

  2. Үйшікті жүгіріп бара жатып .... көрді.

  3. Үйшікке секіре жүріп ... келеді.

  4. Үйшікке ...-... қоян жетеді.

  5. Ақырын басып .... .... .

  6. Алақ-жұлақ қарап ... да жетеді.

  7. Барлығы ....-...... өмір сүреді.

  8. Аю қорбаңдап ... ... шығады.

  9. Сол кезде үйшік ... ... қалады.

  10. Аюға ренжімей ... ... соғып алады.

VII. Шығармашылық жұмыс.

  • Ертегі саған ұнады ма?

  • Сен ертегіні қалай аяқтар едің?

Топтық жұмыс. Кейіпкерлер арасында сөйлесу диалог құрап, ертегіні сахналап көріңдер.

  • 1 - топ Тышқан мен бақа

  • 2 - топ Қоян және басқа аңдар

  • 3 - топ Түлкі және басқа аңдар

  • 4 - топ Қасқыр және басқа аңдар

  • 5 - топ Аю және басқа аңдар

VIII. «Адасқан сөздер» ойыны.

Берілген іс-қимылдың қай аңға қатысты екенін сызықтармен көрсет.

IX. Мақалдарды толықтырып айт.

X. Бағалау. Қорытындылау. Үйге тапсырма

Ертегіні түсініп оқу, ертегінің мазмұнына сурет салу



© 2010-2022