Тәрбие сағыты Біз бірігіп жеңіске жеттік (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Біз бірігіп жеңіске жеттік! Мақсаты:
  1. Ұлы Жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін дәріптеу, жас ұрпақтарды бейбітшілікті сақтауға, нығайтуға, өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу;
  2. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап, қаза болған батырлардың ерлігін ешқашан ұмытпауға тәрбиелеу. Үлгі өнеге тұту.
Көрнекілігі: батырлардың суреттері. Қанатты сөздер. Сабақтың барысы: Мұғалім: Бұл 1941 жылы 22 маусым еді. Фашистік Германия қарақшылықпен Кеңес Одағының шекарасын бұзып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды. 1-оқушы: Орыс, қазақ, қырғыздан, Құрылған бұл шағын топ. Жауға үрей туғызған, Жайнап түсер жалын боп. Даңқ қосып даңқына, Сұрапылға төтеді. Борыштарын халқына, Ерлігімен өтеді. 2-оқушы: Фашистер күшті армия жасақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру мақсатында соғыс ашты. Фашистер күзге дейін-ақ Кеңес Одағын талқандап, жеңеміз деп даурықты. Фашистерге қарсы бүкіл халық көтерілді. 3-оқушы: Партия халыққа «Бәрі де майдан үшін!», «Бәрі де жеңіс үшін!» деген ұран тастады. Бұл ұранды бүкіл ел қолдады. 4-оқушы: Дәл осы кезде «Отан-Ана шақырады!» деген ұранмен бүкіл кеңес халқы майданға аттанды. Қазақстанннан 1 200 000 адам Қызыл Армия қатарына алынды. Жауға атылған әр бір оқтың 9-ы Қазақстанда өндірілді. 5-оқушы: Неміс - фашист армиясының түпкі мақсаты- Москваны басып алу еді. 1941 жылдың күзінде жау Москваға шабуыл жасады. Москваны бүкіл ел болып қорғады. Зұлым жаудың ниеті, Жеңілмеді астана Москваны құлатпақ. Берілуге болмайды Кремльді күл етіп, Артымызда Москва Жер жүзін шулатпақ. Шегінуге болмайды! Ән: «28 батыр» Орындайтындар:Шәйлан Фатима,Есімсейітова Ділназ,Құлатай Бексұлтан Тастар көкке атылды, Орман шулап, тау құлап. Жиырма сегіз батырды, Жеңе алмады жау бірақ, Жау жеңілді ақыры. Атты бейбіт таң күліп, Жиырма сегіз батырын, Ұмытпайды ел мәңгілік. 7-оқушы: Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова Калинин майданында соғысып, Невель қаласын қорғауда қаза тапты. Ән: «Мәншүк апай» орындайтындар Мүстажап Елдос,Сәлімбек Аққу,Шәймұрат Гауһар Сталинград үшін шайқаста Нүркен Әбдіров пен Қарсыбай Сыпатаев ерен еңбек көрсетті. Гитлершілер соғыстың бас кезінде бізге 190 дивизияны, 5 млн ұшақты, 3700дей танкті, 50 мыңнан астам зеңбірек пен минометті шабуылға шығарды. Қазақстаннан 1 млн 870 мың Қазақстандықтар жан аямай шайқасты. 518 адам соның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Ән «Майдангерлерім,қайран ерлерім» орындайтындар Ахмет Нұрасыл,Тастыбай Алина, Құттыбай Ділназ 8-оқушы: Жерден, көлден, аспаннан, Соқты жауды ел күнде. Берлинде алғаш басталған, Бітті соғыс Берлинде. Соғысты бастаған фашистер 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті. Соғыс бітті, ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшілік орнады. Кеңес армиясы Берлинге дейін даңқты жолдан өтті. Рейхстагқа бірінші болып жеңіс туын тіккендердің ішінде қазақ халқының, Ұлы Отан соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаев еді. 9-оқушы: 10-оқушы: Күн шапағы жарқырап, Қаладан,әрбір ауылдан, Шуағын тексе біздерге Табылар Талғат.Бауыржан. Ел қорғаған ерлерге Өсеміз дейді батыр боп, Есімдер мәңгі ұласқан Жаралған жаны дауылдан Бөбек боп бүгін бүр ашқан Төлеген,Сұлтан,Мәліктен, Табылар Мәншүк,Әлия, Есімін жүрсе алып кім Іздесең әрбір сыныптан. Қызыға біздер қараймыз Болар деп ұлы халықтың
Мұғалім:Фашистер оңайлықпен берілмеді 1710 қаламызды, 70 мың селомызды,32 мың өндіріс орнымызды қиратты.Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ 50 млн. Адамның өмірін жалмады.Соның ішінде 20 млн Кеңес адамдары да.Соғыс өрті қашанда халық есінде. 11-оқушы: Біз сүйеміз бейбіт күнді, Бейбіт күнде туғанбыз Біздің өмір күндей нұрлы, Бақыт құшқан ұланбыз. Қорытынды.Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлерді еске алу.(1минуттық үнсіздік) Хормен:Ешкім де,ешнәрсе де ұмытылмайды! Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады. Ақ сүт берген анасын қорғады. Пәк жүзді арай баласын қорғады. Ән «Әлия» орындайтындар Шәйлан Фатима,Сәлімбек Аққу

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы

Бірлестік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сеитова Баршын Жылкайдаровна


























































Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Бірлестік орта мектебі













Біз бірлесіп жеңіске жеттік

(2-сынып, тәрбие сағатынан)










Өткізген:Сеитова Б.Ж.










© 2010-2022