Ашық сабақтың тақырыбы Буын. Оқымысты

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Буын. Оқымысты бала

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Буын туралы түсінігін пысықтау. Буынға бөліп оқу, жазуға машықтандыру й, ң, у - дыбыстарының буынға бөлінуі жайлы түсіндіру, орындау.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқымысты бала мәтінін оқу арқылы баланың бойына жақсы мінез - құлық қалыптастыру.

Тәрбиелігі: өзімшілдік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақтықтан бойын аулақ салу, білімді, әдепті, инабатты әрі еңбекшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: жаппай түсіндіру, сұрақ - жауап арқылы жаттығу, буындармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сурет, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Үлкендерді құрметтеп,

Бас иеміз біз.

3 топқа бөлінеді

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

1. 64 - жаттығу.

ерт - те құ - мырс - қа

ұрт - та жұ - мырт - қа

айт - па ше - гірт - ке

2. «Төзім» мәтінді түсініп оқу. Сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу.

А) Аяулым ертегіні көңіл қойып тыңдамады.

Мен ойлаймын: Аяулым төзімі жоқ қыз

Ә) Гүлдана бар ықыласымен әжесінің айтқан ертегісін тыңдады.

Мен ойлаймын - ол өте төзімді, инабатты қыз.

Б) Гүлдана әжесінің ертегісін бар ықыласымен тыңдап отырғандықтан, ол ертегіні жалғастыра алды.

В) Аяулымға ынта, ықылас және төзімділік қажет.

Қане, буын дегеніміз не?

Жаңа тақырыппен жұмыс.

1. Ой қозғау.

- Ал, балалар, қазір әріпті жұмбақты тыңдайық, оның шешуін табайық. (Слайд)

Табада бар

Танада жоқ,

Сабада бар

Санада жоқ. (Б)

Дабылда жоқ

Дауылда бар,

Далада жоқ

Ауылда бар. (У)

Қылда бар

Жүнде жоқ,

Жылда бар

Күнде жоқ. (Ы)

Нарда бар

Қарда жоқ,

Нанда бар

Майда жоқ. (Н)

Буын ұғымына мағлұмат беру

Буын

Кетемен жұмыс

Буынға бөлу үлгісі ---------------------- И, ң, у дыбыстарынан басталатын буындар

қа - йық ------------------------------------- Ойыншық, қайың, мойын

жа - ңа -------------------------------------- Жаңалық, қоңырау, қоңыр, жаңылтпаш, жеңіс, теңіз,

та - уық ------------------------------------- Ауа, ауыл, дауыс, қауын, бауыр

Бұл дыбыстар әр кезде екі дауысты дыбыстың ортасында келетінін есте сақтаймыз.

2. Дәптермен жұмыс

о - йын - шық қа - йық

қо - ңы - рау же - ңіс

а - уыл ба - уыр

3. Сергіту сәті

«Қара жорға» биі

4. Ойын: «Адасқан буынды тап»

Әр топқа әртүрлі буындар беріледі. Солардан сөз құрайды.

5. Суретпен жұмыс.

Суретте көрсетілген заттардың атын жазу. Буынға бөлу.

6. Оқымысты бала (Слайд)

Сурет бойынша әңгімелеу.

Бүгін біз «Оқымысты бала» деген мәтінді оқып талқылаймыз. Оның авторы Міржақып Дулатов Қостанай облысында туған. Ауыл мектебінде мұғалім болған ақын.

Мәтінді оқып, жақсы және жаман әдеттер туралы ажырату.

7. Сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу.

Өзімшілдік, менмендік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақ - тық жат қылықтардан алшақ болу.

Балаларға ой тастау!

Жалқаулық, еріншектік, менмендік адамның өз соры екендігін, қашанда маңдайына таяқ болып тиетінін саналы түрде ұғындыру.

8. Тақтамен жұмыс. 66 - жаттығу.

9. Ойын: «Ойлан, тап»

Сөздерден сөз құрау. 3 топқа 3 түрлі сөз беріледі.

Кемпірқосақ………..

Жауқазын ………..

Балдырған……………

Сабақты қорытындылау. Смайликтер арқылы көңіл - күйін білдіреді.

Сұрақ - жауап алу.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Оқымысты баланы оқу.





Ашық сабақ.

Пәні: Сауат ашу

Тақырыбы: Буын. Оқымысты бала

Ақтөбе қаласындағы

№35 орта мектебінң

бастауыш класс мұғалімі

Ибатуллина Гаухар.


Ақтөбе, 2015



© 2010-2022