«Ертегілер елінде»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М«Ертегілер елінде»

Щучинск қаласы

№8 мектеп-гимназиясы



Ертегілер елінде



Өткізген:Г.Ж.Оразбаева

Тақырыбы:Ертегілер елінде

Мақсаты:

1.Оқушылардың ертегілер арқылы өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

2.Қызығушылықтарын,талғампаздық қасиеттерін,ой-өрісін,тіл байлықтарын,сөздік қорларын дамыту.

3.Өз Отанын сүюге,ана тілін қадірлеуге,адамгершілікке,еңбексүйгіштікке,жолдастыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Түрі:саяхат сабағы

Әдісі:түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап,көрнекілік

Көрнекілігі:ертегі кейіпкерлерінің суреттері,жұмбақтар,сөзжұмбақ,слайдтар

Пәнаралық байланыс:ана тілі

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ.Жаңа тақырып.

1.Қызығушылықты ояту.

Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін мына суретті сөзжұмбақты шешейік.

Сөзжұмбақ шешу.«Ертегілер елінде»

Қандай сөз шықты?-Ертегілер.

Бүгінгі тақырыбымыздың аты «Ертегілер елінде» Балалар бүгін сендермен ертегілер еліне саяхат жасаймыз.Ол үшін екі топқа бөлінеміз,берген жауаптарыңа мынадай фишка беріп отырамын,сабақ соңында фишкаларды санап жеңген топты анықтаймыз,бағалаймыз.

1.Кіріспе әңгіме.

Ертегі халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұраларының бірі,ауыз әдебиеті.Ертегі арқылы халқымыздың тарихын,тұрмыс-салтын,әдет-ғұрпын,нанымын,дүниетанушылық көзқарастарын білеміз.Ертегіні тек қана балалар ғана жақсы көріп оқымайды,сонымен қатар үлкендер де сүйіп оқиды.Ертегіде шындық,әділдік,батырлық,ержүректілік,зұлымдық бірге жүреді.Әр халықтың өз ертегілері бар.Мысалы:қазақ халық ертегілері,орыс халық ертегілері,шетел ертегілері.

Ал,балалар,ертегілер қалай басталады? Ерте-ерте-ертеде.....,баяғы өткен заманда,болған екен деп басталады.Ертегінің түрлері:қиял-ғажайып,тұрмыс-салт,жануарлар туралы, батырлық,хикаялық.

2.Балалар,енді қазір саяхатымызды бастаймыз.Саяхатқа жаяу шықпай автобусқа отырамыз.Автобусқа отыру үшін мынадай тапсырманы орындаймыз.Сұрақтарға жауап беріп,торкөздерді толтырамыз,ондағы қызыл сызықта шыққан сөзді оқимыз.

«Ертегілер елінде»

Сұрақтары:

1.Қыздар сағызды кімнен алды?

2.Түлкі нені қонаққа шақырды?

3.Қожанасыр нені ескірмейді деді?

4.Өз атын шақыратын құс.

5.Бейбітшілік құсы.

6.Бауырсақты не алдады?

7.Көлде қандай балық болмайды?

8.Бойына сеніп жылдан құр қалған жануар .

9.Әрі еңбекқор,әрі күшті жәндік.

Бұл тапсырманы жақсы орындадық,енді автобусқа отырып,саяхатқа аттанамыз.

3.Бірінші тоқтайтын аялдамамыз «Жұмбақтар» аялдамасы,онда бізді ертегі кейіпкері Буратино күтіп тұр.Ол балалар сендерден жұмбақ шешуге көмек сұрайды.

Жұмбақтар

1.Мен ақ қалам,ақ қалам,

Жазған сайын жоқ болам. (Бор)

2.Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ татпайсың (Тұз)

3.Қардай аппақ,

Балдай тәтті-ақ. (Қант)

4.Күндіз шайқасады,

Түнде айқасады. (Кірпік)

5.Жұпар иісі еседі,

Жайнап бақта өседі. (Гүл)

6.Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

4.Автобусқа отырып,келе жатырмыз.Екінші аялдамаға келіп тоқтадық,мұнда бізді ертегі кейіпкері Кірпі күтіп тұр екен.Оның сендерге тапсырмасы бір ертегіден көрініс көрсетіп берсе екен дейді.

Көрініс көрсету:

1 топ- «Мақтақыз бен мысық» ертегісі

2 топ- «Шалқан» ертегісі

5.Автобусқа мініп тағы сапарға аттандық.Шаршап «Сергіту» аялдамасына тоқтадық,онда бізді Тышқан күтіп тұр екен.Оның тапсырмасы ертегілер жайлы бір ән айтып берсек дейді.

«Ертегілер» әні

6.Автобусқа отырып саяхатымызды жалғастырайық.Келесі тоқтайтын аялдамамыз «Суреттер құрастыру» аялдамасы,онда бізді Қоян күтіп тұр екен.Оның тапсырмасы қиылған суреттерден ертегінің көріністерін құрастыру.

1 топ- «Бауырсақ» ертегісі

2 топ- Алдар көсе мен бай

7.Балалар, біздің келесі аялдамада сендерді Ертегілер елінің патшасы Тазша бала күтіп тұр екен.Ол қырық өтірік өлең айтып патша болған.Ол сендердің барлық саяхаттарыңды бақылап,барлық тапсырмаларыңды тыңдап риза болды.Оның сендерге мынадай тапсырмалары бар.Онда ертегілерден үзінділер берілген,сендер оның қай ертегі екенін табуларың керек.

1.Түлкі:Әу,құмыра!Біраз ойнадың жетер,жібер менің басымды. (Түлкі мен құмыра)

2.Мысық:Сиыр,маған қатық берші. (Мақтақыз бен мысық)

3.Атамнан қаштым,апамнан қаштым,енді сенен де қашып кетемін. (Бауырсақ)

Тазша бала: Балалар сабаққа қатысқандарыңа көпкөп рахмет.Өте ақылды,әдепті балалар екенсіңдер.

Рефлексия: Бүгін сабақта не туралы білдік?Не ұнады?

Бағалау:Әр топтың фишкаларын санау.

Үйге тапсырма:Өздеріңе ұнайтын ертегінің суретін салып келу.

© 2010-2022