Открытый урок на тему: «Етістік»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы, Асықата кенті

«Жеңіс» мектеп - гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Әбілбашарова Жанат Ортайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Етістік»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға етістік туралы мағлұмат беріп, сөйлем ішінен етістікті таба білуге үйрету.

Дамытушылығы: шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, дербес жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелілігі: балаларды мейірімділікке, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: дамытушылық.

Әдісі: сұрақ - жауап, топтық жеке, өз бетімен жұмыс.

Көрнекілігі: ереже жазылған плакат, етістікке байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Психологиялық дайындық.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты - жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

ә) Ережелерді пысықтау.

1. Зат есім дегеніміз не?

2. Адамға және жан-жануарға қандай сұрақ қойылады?

3. Зат есімнің неше түрі бар?

4. Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?

5. Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?

6. Жалқы және жалпы есім дегеніміз не?


  1. Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз.

1. Абай Құнанбаевтың әжесі (Зере)

2. Білім ордасы (мектеп)

3. Тікенекті аң (кірпі)

4. Ең жақсы баға (бес)

5. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар)

6. Киім ілуге қажетті зат (ілгіш)

7. Білім бұлағы (кітап)




Е







Т





І







С



Т






І





К






Жұмбақ

  • Жазда қыдырады, тынығады. (су)

  • Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн)

  • Қыдырады, тынығады, ашады, шашады деген сөздерге сұрақ қойып көрейікші

  • Не істеді? Қайтті?

  • Заттың нессін білдіріп тұр? Ендеше осыған байланысты ереже шығарып көрейік.


Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды?деген сұрақтар қойылады: өсті, ойнады, сайрады.
Оқулықпен жұмыс

412 - жаттығу. Суретке қара.

Балалардың, әженің не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауларын айт. Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?

414- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

Тоғайда түрлі аңдар ... . Терең шатқалға қояндар ... . Қызыл түлкілер тоғайда ... . Тиіндер ағаштан ағашқа ... .

Керекті сөздер: жүреді, жасырынады, болады, секіреді.

Сергіту сәті

Көңілді әуенге қимыл қозғалыстары.

416- жаттығу. Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.

Көгершін, жасыл, жинады, айтты, алыс, сөйлесті, ертең, байлады.

Топпен жұмыс.

І топ: Етістікті сәйкестендіру.

Оқушы емдеді

Дәрігер жазды

Әтеш оқыды

Жазушы шақырды

Ит биледі

Биші үрді

ІІ топ: Ұйқасын тап.

Мына тұрған арғымақ,
Мінем оған...
Тістемейді, теппейді,
Бос қойсам да...

Мына тұрған тайлағым,
Келмейді оны...
Сирақ, мойын көрік деп,
Жүр жирафқа...

ІІІ топ: Берілген жұмбақтағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді тауып қойып, шешуін тап.

Қар еріп, су . . . ,

Сарқырап сайға . . . .

Күн ұзарып, . . . ,

Бұл қай кезде . . . ?

Керекті сөздер: ағады, толады, жылиды, болады

Енді бүгінгі сабақтан алған білімімізді Вассерман технологиясы бойынша пысықтаймыз.

Вассерман технологиясы

1 кезең

Жалпы сөздік қоры

5 минут

2 кезең

Тақырыптық сөздік қоры

5,6,7 + 30 секунд

3 кезең

Өзін - өзі бақылау

5,6,7 + 30 секунд

4 кезең

Өзін -өзі бақылау

және бақылау. Рефлексия

3 тапсырма ұсынылады

Бағалау: Матрица бойынша әр оқушының өзіне тиісті бағаларын таныстыру.

Үйге тапсырма: 137-беттегі 415-жаттығуды орындау.



© 2010-2022