Жолда жүру ережес сынып сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жолда жүру ережес сынып сағаты





Өткізген: Ажкаева А.Б

Бухаева С.С

Рахимжанова К.К










Сабақтың тақырыбы: «Қызыл, сары, жасыл» Сабақтың мақсаты: 1)Оқушыларға жүргіншінің жолда және көшеде жүру тәртібі жайында мағлұмат беру. 2)Есте сақтау, ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Жолд жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. 3) Тәртіптіліпкке , сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Түрі: Саяхат Көрнекілігі: жол белгілері, шарлар, билеттер, плакаттар, қала бейнесі, көше макеттері, көлік суреттері.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі -Балалар , бүгін біз таңғажайып жол ережелер қаласына бармақшымыз. Бірақ онда бару үшін поезға билеттер сатып алу керек. Егер сендер КЖТ дегеннің не екенін дұрыс йтсаңдар, билеттерді тегін аласыңдар. (Оқушылар КЖТ дгенді хормен көшеде жүру тәртібі деп айтады. Оларға билеттер үлестіріледі) 2.Поезд орынан қозғалу үшін «Бағдаршам»әні орындалады. 3.міне, жеттік! Бұл - жол жүру ережелер қаласы. 1-оқушы. Арманға алда күткен асығармыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз. Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Жүргізуші:Біздің қалада жүргіншілер бар. Жүргіншілер деген кім? 2-оқушы: Көшеде жаяу жүрген адамдарды жүргіншілер дейді. Жүргізуші:Жүргіншілерге қайда жүруге болады? 3-оқушы Көшеде қауіпсіз жүру үшін жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар бар. Адамдар жүргіншілер жолымен (ала жолақпен) және тротуармен жүру керек. Тротурдың оң жағына жүруге тырыс. 4-оқушы Көшенің келесі бетіне өту үшін ала жолақтан өту керек.Жұмбақтар шешу.
  1. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тосып аялдайды.
  1. Әкемнің торы тайы,
Май жалап, су ішсе, Тоқтамай жортады.
  1. Күні - түні көше кезіп,зырлайды.
Жолаушыға қызмет етіп, тынбайды. Жүргізуші:Жүргіншілерден басқа қалада машина жүргізушілер болады.
  • Адамға машина жүргізуге қандай құжат керек? (шофер куәлігі) кім шофер куәлігін алығсы келеді?ГАИ-ға емтихан тапсырасыңдар.5-6 оқушы шақырылады.
Сұрақтар:
  1. Қай түс жанғанда машиналар жанады? (жасыл)
  2. Қай түске машинаға жүруге болмайды? (қызыл)
  3. Жол деген не?
  4. Мына белгі нені білдіреді?(абайла, балалар)
  5. Неше жастан бастап велосипед тебуге болады?
  6. Машиналардың арақашықтығы қанша болу керек?
Дұрыс жауап берген оқушылар шофер куәліктерін алады. Жүргізуші: Жол бойының қозғалысын не реттейді? (бағдаршам) Бағдаршам болып киген оқушы: Көрегенмін, қырағымын, Үш көзім бар, үш сыншым, Сақтап халық өмірін, Тәртіпті мен орнаттым. Ортаға үш көмекшім, үш сыншымды шақырамын. Қайдасыңдар, достарым? Қызыл, сары ,жасыл гном тәрізді киінген үш бала билеп шығады, қолдарында қызыл, сары, жасыл шамдары бар.
  1. Қызыл көз.
Мен көзімді ашқанда, Ешқашанда баспа алға. Орныңда тұр қозғалма Ереже бұл «Сен тоқса!»
  1. Сары көз:
Мен көзімді ашқанда, Қарап қалма аспанға, Жүруге әлі болмайды, Дайындықты сақтайды.
  1. Жасыл көз:
Мен көзімді ашқанда, Көліктер саған тоқтайды. Ережені білгендер, Өтуге еш қорықпайды. Үшеуі бірге: Жолды есіп өтерде, Сол жағыңа қарайла, Жарты ортаға келгенде Оң жағына қарайла Білгеніңді басқаға Үйрете жүр жарай ма? Ойын: «Жолаушыларм мен жүргіншілер»Үш гном бағдаршам рөлін атқарады. Ойынға барлығымыз қатысамыз. Машиналарға : жасыл - жүреді. Жолаушыларға: қызыл - тұрады. Машиналарға:жасыл - жүреді. Машиналарға: қызыл тұрады. Көрініс. Көшеде. Жүргізуші: Жұмбақ.Бұл кім?
  • Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған Өміріңді күзеткен Ысқырығы күшті адам.
  • Бағдаршамнана басқ жолда Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады. Реттеуші инспектор көмекшілерімен бірге ортаға шығады.
  • Айналайын абайла,

Жүргізуші, жарай ма!

Жолда өткен кезіңде

Оң,солыңа қарайла!

Реттеуші инспектор ала таяқ ұстап, оқушыларға көрсетіп айтады, жас инспектор оған көмектеседі.

  1. Егер қызыл шам жанса, инспектор сендерге қарсы тұрады, ала таяғы түсіп тұрады.

  2. Егер сары шам жанса, ала таяғын көтереді.

  3. Егер жасыл түс жанса, жанынан тұрады, таяғы төмен түсіп тұрады.

Инспектор:

Кел,достарым, ойнайық,

Ойнйық та, ойлайық,

Босқа бекер тұрмайық

«Қызыл,сары,жасыл» ойынын ойнайық!

Қызыл,сары,жасыл.

Ойын .

Жасыл көз - шеңберде жүреді.

Сары - тұрады.

Қызыл - отырады.

Көрініс. «Алғашқы қауіп»

Жүргізуші: балалар жол белгілерін «Қада әліппесі» деп аатайды. (Белгілер ұстаған оқушылар шығады).

  1. Сақтандыру белгісі:

Қып-қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен боламын

Қауіптен сақ бол деп сәт-сапар жолдаған.

  1. Тайым салу белгісі:

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін,қаталмын, салмақты.

Мен тұрған жерлерде халқың жоқ жүруге

Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жаққа.

  1. Міндеттеу белгісі:

Белгілік көрсетер,жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол,шартымды міндетті орында!

  1. Нұсқау белгісі:

Баратын жерінің бағыты тұрғанда

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

Конкурс.

Өлең құрастыру.Әр топқа қағазда жазылған тілек сөздер беріледі.

Белгілі бір уақыт ішінде өлең құрастыру.

-------------балалар

-------------тротуар

-------------ұмытпа

-------------сақта!

Қорытынды. Бағдаршам мен инспектор қызметкері ортаға шығады:

Бағдаршам:

Үлкен - кіші қала бар,

Ой жүгіртіп қарап ал.

Көше заңы тым қатты

Сақ болыңдар, балалар.

Инспектор:

Қай көше, қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі Заңды тәртіп

Ол ортақ! Үлкен - кіші баршамызға.

Бірге:

Жол тәртібін білейін,

Аман - есен жүрейік!

Поезға отырып ән айтып қайтамыз.

Ән: Қызыл,сары,жасыл

© 2010-2022