Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ Тамырын жайып теренге

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік






өзін-өзі тану. 7 сынып

Тақырыбы :Тамырын жайып тереңге

Мақсаты: оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.

Міндеттері:

-отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру;

- туған үйлері мен отбасына деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

- Отбасы адамдарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

« Кәрілікті сыйламаған халықта- болашағы жоқ.»

Шығыс даналығы

Үлкен алдында жас қарызы, ата-алдында

бала қарызы- әдеп пен сый

М. Ауәзов

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің».

Халық мақалы

1. Шаттық шеңбері

Мұғалім : Қайырлы күн! Барлығымыз шеңбер құрайық.Оң қолдарыңды алақанымен аспанға қаратып, сол қолдарыңның алақанын жерге қаратып жаныңдағы алақандармен бірімен қосайық. Біз жер мен аспанның көмегімен күш-қуат жинап алдық.Біздің колдарымыз сол күш-қуатты жіберушілер. Ал қазір мен айтқан создер осы қолдарымыз арқылы әр қайсымыздың жүрегімізден өтіп жылу береді.

Мен асығыспын «Сәлеметсіздер ме!»-деп айтуға,

Жақсы денсаулық тілеуге,

Мен асығыспын айтуға; «Жақсы болсын» деп!

Жаңа бақыт тілеуге ,

Мен асығыспын айтуға; қуаныш, сәттілік, болсын деп.

Барлықтарыңызда жақсы көңіл-күй болсын деп.

Ал енді осы күш--қуатты қолдарыңызға алып, кеуделеріңізге басыңыздар.Барлықрарыңызға жақсылық тілеймін деп қолдарыңызды жайыңыздар.

Әңгімелесу

-Өздеріңнің жақындарыңа деген сый-құрметтеріңді қалай білдіресіңдер?

-Отбасы мүшелерінің ой -ниетімен, қөзқарасымен, сезімімен санаса білесіңдер ме?

-Отбасындағылармен пікірлерің тоғыса ма?

Ал алуан түрлі болса ше?

-Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?

Бүгінгі сабақты мен аңыз әңгімеден бастағым келіп отыр. Бұрынғы заманда бір ғажайып отбасы өмір сүріпті. Ол отбасы үлкен болған екен , отбасында 100 адам тату-тәтті өмір сүріпті.Отбасы адамдарының арасында махаббатт, келісім қасиеттері жақсы қалыптасқан екен.Бұл отбасы туралы ел басқарушысы естіп , отбасын көргісі келіп. Отбасындағы ғажайып қарым-қатынас оны таңқалдырады. Отбасына келіп, ел басқарушысы отбасы иесінен сұрайды: Сіздер ұрыспай ренжіспей, қалйөмір сүресіздер? Үй иесі қағаз алып бір сөз жазды. Ол жазған сөзін 100 рет қайталады да ханға берді. Хан қағазға жазылған сөзді оқып таңқалды.

-Ол қандай сөз жазды?

100 РЕТ «СҮЙІіСПЕНШІЛІК»

100 РЕТ « КЕШІРІМ»

100 РЕТ «БІРЛІК» және « ШЫДАМДЫЛЫҚ» деген екен.

Сабақтың дәйек сөзімен таныстыру


«Үлкен алдында жас қарызы, ата-алдында

бала қарызы- әдеп пен сый» М. Ауезов

Мәтінмен жұмыс

«Питер Джонның « Боз орамал» шығармасын оқып шығу.

-Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

-Жасөспірімнің ата-анасынан қолын үзіп кеткен себебі неде деп ойлайсыңдар?

-Оның сағынышының сыры неде?-Ата-анасының ұлына деген сезімін сипаттап беріңдер?

Тапсырма

Олеңді оқыңдар. Өздеріңнің ата-әжелеріңнің өнегелі істерін әңгімелеп беріңдер.


Мен қарттарды сүйем

М. Мақатаев

Мен қарттарды сүйем

Не деген керім еді!

Не біледі осы жұрт, не біледі?!

Бабалардың баласы-қариялвр

Сиреп бара жатқандай көрінеді.

Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар,

Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?

О, тірі шежіреле,р қалдырыңдар,

Кәнеки нелерің бар салтқа жароар?

Кәнеки, нелерің бар Аталарым?

Ұрпағыңа ұран қып апарарым.

Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да,

Сендердің мұрагерің атанамын.

Осылай деп қарттардан қалап келем,

Өнеге өсиетін санап көрем.

Санап көрем, тоймаймын, сұранамын,

Себебі мен де бір күн жауап берем.

Өздеріңнің ата-әжелеріңнің өнегелі істерін әңгімелеп беріңдер.

Мағынаны тану

Түсініктеме сөздік

Әдептілік дегеніміз- өзіңнен гөрі өзгелерді ойлау, тәртіпті биязы, сыпайы

Елгезектілік- үлкендердің тілін алу, айтқан тапсырманы тез орындау.

Меймандас- қонақжайлық, қонақты қарсы алып, күту.

Адалдық- өтірік айтпау, біреуді алдамау.

Ынтымақты -тату-тәтті, бірлікті


Бабалар сөзі -ақылдың көзі ( тәрбиелік сөздерді есте сақтау)

1. Үлкен адамға сәлем беру

2. Ата-анаңа әдеппен сөйле, құрметпен қара

3.Үлкендер сөйлесіп отырғанда, олардың сөзін бөлме

4. Қарияларды ренжітпе

5.Атаңа не істесең ,алдыңа сол келер

Тыныштық сәті

Музыка

Мақал-мәтелмен жұмыс

1.Ата-асқар тау

Ана -бауырындағы бұлақ

Бала -жалғасындағы құрақ

2.Ата-бәйтерек, бала-жапырақ.

3.Үлкенгеқұрмет, кішіге ізет

4. Кешірімділік -анадан , кішіпейілділік данадан.

5. Аға әдепті болса, іні әдепті.

Жағдаяттярды талдау

Қарым-қатынас жақтардың дәлелдері қандай болды?

Оқиғаның нәтижесі қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Өз нұсқаларыңды ұсыныңдар

Шығармашылық жұмыс


Төмендегі сұрақтарды қатыстыра отырып , эссе жазыңдар.

Отбасында қандай аға, іні, қандай қарындас, әпкесің?Ағалыққа лайықты қандай іс-әрекеттер жасап жүрсің? Лайықты іні болып жүрсің бе?

Жүректен-жүрекке


© 2010-2022