Поурочный план на тему Абай Құнанбаев Жазғытұры

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жазғытұры

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Абайдың "Жазғытұры" өлеңін оқыту.

2. Тәрбиелік. Жас ұрпақты өлең мазмұнын түсінуге тәрбиелеу. Абайдың табиғат лирикасына шеберлігін үлгі ету.

3. Дамытушылық. Баланы өлең талдауға баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, ақындардың портреттері, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. "Кім шапшаң?"

Бөлімді қайталау мақсатында тест сұрақтарына жауап алу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Суретпен жұмыс.

а) Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?

ә) Оны неден аңғардың?

2. Абай туралы мәлімет.

Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең - сөздің ұқсаған құдіретіне

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

Қарсы келер Абайдың кім бетіне?!

Осылайжыр алыбы Ж.Жабаев жырлаған екен. Абай атамыз туралы біз не білеміз?

3.Абай - табиғат туралы көп жырлаған ақын.

Әлем әдебиетімен үндестігі. И.В.Гете, М.Ю.Лермонтов

IV. Оқулықпен жұмыс.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Оқулықта берілген нақыл сөзді талдау.

3. Мазмұнын талдау.

Абай Құнанбаев "Жазғытұры"

1. Авторы - Абай Құнанбаев - қазақтың ұлы ақыны.

2. Тақырыбы - Көктемнің соңғы айын суреттеу

3. Жанр түрі - поэзия (өлең) - әрбір жолы үндесе ұйқасқан әдеби туынды

4. Шумақ саны - 2 шумақтан тұрады

5. Тармақ саны - 8 тармақты (өлеңнің әр жолы)

6. Бунақ - 3

7. Буын саны - 11-12 буынды

8. Ұйқас түрі - қара өлең ұйқасы, ААӘА

9. Әдеби - теориялық ұғымдар:

9.1.Теңеу - масатыдай

10. Сөздік - жазғытұры - көктемнің соңғы айы

Масатыдай - мақпалдай

11. Негізгі түйін - көктемгі тіршілік, табиғат

12. Тәрбиелік мәні - көктемгі тіршілікті, табиғатты сипаттау арқылы балаларды әсемдікті, қоршаған ортаны сүюге, аялауға тәрбиелеу.

V. Дәптермен жұмыс.

Жазғытұры - көктемнің соңғы айы

Масатыдай - мақпалдай

VІ. Сергіту сәті

VІІ.Шығармашылық тапсырма.

"Көктем несімен ұнайды?"

VІІІ. Қорытындылау

"Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс" Н.Назарбаев

ІX. Бағалау

Х. Үйге тапсырма: "Жазғытұры" өлеңді жаттау, өлең шығару. Сабақты Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" өлеңімен аяқтау.


© 2010-2022