Шыршы ағашы туралы түсінік. Шырша ойыншықтарын жасау

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып Пәні: еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Шырша ағашы туралы түсінік. Шырша ойыншықтарын жасау.

Мақсаттары:

  1. Шырша, оның ойыншықтарын жасау жолдары туралы түсінік беру;

  2. Қағаз және қатырмақағаздан түрлі заттар жасауға үйрету, шығармашылыққа баулу;

  3. Эстетикалық талғамын арттыру.

Сабақтың әдісі:практикалық

Сабақтың типі:аралас сабақ

Еңбек объектісі: ағаш жапырақтары

Сабаққа қажетті материалдар: қарындаш, қайшы, циркуль, қылқалам, қайшы, сызғыш.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

Қайшы, біз, циркульмен жұмыс істеу

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

Қағазбен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Қолды жарақаттайтын үшкір тастарды пайдалануға болмайтынын ескерту.

VІ. Жаңа сабақ.

Аппликация - көркемдеу техникасының бір түрі. Ол латын тілінен аударғанда - «жабыстыру, бастырмалау» деген мағынаны білдіреді.

Алдымызда Жаңа жыл мерекесі жақындап келеді. Барлық адамдар осы мерекені қуанышпен қарсы алады. Шырша - «Жаңа жыл» мерекесінің көркі. Онсыз мереке өтпейді.

V. Практикалық жұмыс.

  • Симметрия пішіндерді белгілеу, қию. Үш бірдей тіктөртбұрыш қағазды ортасынан бүктеу

  • Бүктелген қағаздарды суреттегідей бірінің ішіне бірін орналастыру;

  • Қағаз беттері жылжып кетпес үшін, қыстырғышпен қысып шырша бейнесін сызу;

  • Сызық бойымен оны қиып алу;

  • Пайда болған бірдей үш шырша қиындысының арасына желім жағып, бір-біріне біріктіру;

  • Қызыл түсті қатырма қағаздан бірдей 3 дана жұлдызша қиып алып, бір-біріне біріктіріп, шыршаға орналастыру;

  • Дайын болған шыршаны көркемдеу;

  • Шырша қасына ақ қағазды қолмен жырту арқылы аққала дайындау;

  • Қиялмен жұмысты толықтыра түсу.

VІ. Білімді бекіту кезеңі.

  1. Құрал жабдықтарды жинастыру;

  2. Үстел үстіндегі материалдарды жинау, орнына қою;

  3. Жұмыс орнын тазалау.

VІІ. Үйге тапсырма.мозайка құрастыру

Қорытынды: бағалау



© 2010-2022