Баяндауыш

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаттары: баяндауыш оның сөйлемдегі атқаратын қызметі туралы түсінік беру және бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгерту;

Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері, бастауыш туралы білімдерін кеңейте түсу және таза сауатты жазу дағдысын жетілдіру;

Пәнаралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту өз ойын тез жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өзт ана тілін сүюге, әдебиетті сүюге халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі-өнеге алуға, сол арқылы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың түрі: Жеті ата ауылына саяхат.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, ойқозғау.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қима қағаздар, плакаттар,қосымша әдебиеттер, венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

Мұғалім. Балалар.(хормен)

-Әрбір адам? Туысым, досым,жұрағат

-Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу,ұлағат.

-Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.

-Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әрбір ісіңізге мұқият болайық.

І. Ата ауылы.

Үй жұмысы. 158- жаттығу. Оқыту арқылы тексеру.

Сөйлемнен бастауышты тауып, сұрақ қою.

Күз дәнімен көрікті -Күз -не? Байлық, молшылық, «Алтын күз»

Қыс қарымен көрікті- Қыс-не? Ауа тазарады, Жер-Ана демалады, тыныстайды.(Күз бен қыс туралы оқушылардың ой-өрістерін түсініктерін байқау)

Қима қағаздар.

  1. Жуан дауысты дыбыстарды ата.

  2. Сөйлемді тап.

  3. Сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгіні ата.

  4. Сөйлемдегі бастауышты тап, сұрақ қой.

  5. Алма(кім?) серуенге барды.

  6. Бастауыштың ережесін айтып, мысал келтір.

ІІ. Әке ауылы.

Жаңа сабақ.

«Бұл кім?» ойыны арқылы жаңа сабақты бастау.

-Бұл кім?-Бұл дәрігер

-Бұл кім?- Бұл мұғалім.

-Бұл кім?-Бұл оқушы.

Берілген сөздерге қимылды білдіретін сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.

Дәрігер емдейді.

Мұғалім оқытады.

Оқушы жазады.

Осы сөйлемдердегі емдейді, оқытады, жазады өзінің алдындағы бастауыштардың іс-әрекетін білдіріп, тұрғанын ұғындыру және баяндауыштың ережесін оқушылардың өздеріне қорытып шығарту.

ІІІ. Бала ауылы.

Көркем жазу минуты.

180-жаттығу. Өлең жолдарын көшіріп жазып, бастауыш пен баяндауышты табу және өлеңдегі бұрын кездеспеген сөзге түсінік беру. Қыс құнар береді. (қыста қар көп жауса ылғал мол болады өсімдіктердің өсуіне, молшылық болуына негіз қаланады.)

ІY Немере ауылы.

Сергіту: Мақалдың сыңарын тап.

Мұғалім:

Оқушылар:

  1. Оқусыз білім жоқ... (Білімсіз күнің жоқ)

  2. Еңбектің наны тәтті...(Жалқаудың жаны тәтті)

  3. Алтау ала болса,ауыздағы кетеді...(Төртеу түгел болса төбедегі келеді)

  4. Ана тіліңді ұмытқаның,,,(Өз тіліңді ұмытқаның)

Y. Шөбере ауылы.

Өзіндік жұмыс.161-жаттығу.

YI Шөпшек ауылы.

Жаңа сабақты венн диаграммасы бастауыш пен баяндауышты салыстыру арқылы оқушылардың білімін пысықтау.

Айырмашылығы.

Бастауыш Зат есім, сұрақтары Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Баяндауыш, Етістік, сұрақтары Не істеді? Не қылды?

Ұқсастығы: Бастауыш та Баяндауышта сөз табы және сөйлем мүшесінің тұрлаулы мүшелері.

YII Немене ауылы: Оқушыларды бағалап, үй тапсырма берілді.

Үйге 162-жаттығу. Ережелерді жаттау.



© 2010-2022