• Преподавателю
  • Начальные классы
  • Қазақ тілі. 7сынып. Сабақтың лексикалық тақырыбы: Менің әуес ісім-ән айту. Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Термин сөздері. Етіс түрлері

Қазақ тілі. 7сынып. Сабақтың лексикалық тақырыбы: Менің әуес ісім-ән айту. Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Термин сөздері. Етіс түрлері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің

А.М.Горький атындағы гимназиясы»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бекболатова Айгүл Адамбекқызы


Сабақтың жоспары.

Қазақ тілі

7 «Г» сынып.


Сабақтың лексикалық тақырып "Менің әуес ісім-ән айту"

Сабақтың грамматикалық тақырып: Термин сөздері. Етіс түрлері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың термин сөздер түрлері алған білімдерін іс жүзінде қолдану,ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізу. "Менің әуес ісім-ән айту"деген лексикалық тақырыбы бойынша балалардың білім, сөз қорларын, керекті,видео-аудио мәліметтерімен білімдерін пысықтау, тереңдету. Оқулықтағы "Менің әуес ісім-ән айту"диалогтің көркемдігін меңгерту,диалогке ат қою. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары мен халық әндері деген тақырыбын еске түсіру . «Менің әуес ісім-ән айту» тақырыбы туралы түсінік беру,лексикалық тақырыпты жан-жақты талдау.

2.Дамытушылық: Балалардың Қазақ халқының ән жанрын ерекшелігін салыстыра отырып, ауызекі сөйлеуге дамыту және жазу шеберліктерін арттыру. Ән айту туралы өзінше ой түюге баулу, этнолингвистикалық,музыкалық атаулардың мағынасын кеңейту, танымдық түсініктерін дамыту. Оқушылардың өз ойларын тиянақтауға дамыту, арнайы сұрақтарға толық жауап беруге үйрету және сауатты жазуларын қадағалау.

3.Тәрбиелік: Оқушыларға ән жанрын, мәдениетін, эстетикалық қалауын,мәнін түсінуге тәрбие беру. Оқушылардың қазақ халқының ұлттық халық ән жанрын ерекшелігін туралы дұрыс көзқарастарын қалыптастыру және пікірін мен түйін жасауға үйрету. Ән айту әуес ісін ретінде қастерлеуге сезімін арттыра отыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа сабағы

Сабақтың ұраны: «Ән-көңілдің ажары»

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау, топпен ән айту,мәнерлеп оқу,ойлармен бөлісу,әңгімелеу.

Сабақтың құралдары: Қазақ тілі оқулығы,дәптері,әншілердің фото суреттері ,сөз тіркестер,тірек сызба ,мақал-мәтел, интерактивті тақта,флипчарт

Пәнаралық байланыс: ән-күй ,қазақ тілі,орыс тілі сабақтары,этнопедагогика,

Қосымша материалдар:мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,грамматикалық тақырып.

Технологиялар: педагогика, ақпараттық , дамыта оқыту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (1-2слайд)

1.Сәлемдесу :

2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындау.

3. Сабақтың мақсаттарын айту.

  • Өткен сабақтың «Менің әуес ісім-фотоға түсіру» деген үй тапсырмасын 1 тапсырманы мазмұндау және ІІІ деңгейлі тапсырмаларды жазбаша орындағаны тексеру.

  • «Менің әуес ісім-ән айту» деген лексикалық тақырыбымен танысамыз.

  • Тақырыбын ашып, сөйлемдерді ауызша айтып жазбаша көшіріп жазып термин сөздерді, сөз тіркестерді теріп жазамыз.

  • Күрделі, термин сөздер туралы білімдерін іс жүзінде қолданып, талдау жұмыстарын жүргіземіз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (3слайд)

Сұрақтар:

  1. Сендер қандай фотоға түсіру үшін құралдарды білесіңдер?
  2. Жақсы, көркем фото суреттер жасалатын заттар қандай?
  3. Кәсіби фотосуретшілердің қандай фотоаппаратар түрлері мен салты,әдістері бар?
  4. Фото түсіруге нелер қажет?
  5. Фотоға түсіру адамнан қандай қасиеттерді талап етеді?
  6. Фото түсіру туралы білетінің термин сөздерді атаңдар?
  7. Фотоға түсіргеннен кейін міндетті не?
  8. Фотоға түсіру дегеніміз не?
  9. Сеннің отбасыңда фотоаппарат бар ма?
  10. Дамыған елдерде фотосуретшілердің еңбектеріне қандай жағдай жасалған?
ҮҚазақ тілі. 7сынып. Сабақтың лексикалық тақырыбы: Менің әуес ісім-ән айту. Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Термин сөздері. Етіс түрлерій тапсырмасын бекіту. «Менің әуес ісім-фотоға түсіру» (4слайд) Тірек сызба толықтыру

ІІІ. Лексикалық жаттығу. Ой шақыру. (5слайд) -Балалар, бүгінгі жаңа сабақты «Дұрыс па,бұрыс па?» деген ойынмен бастағым келеді! Тапсырманың шартты мынандай. Экранда өтілген қазақ тілі сабақтарының лексикалық тақырыптары бойынша арнайы сөйлемдер беріледі, ал сендердің алдағы мақсаттарың сөйлемдердің дұрысын немесе бұрысын анықтау, дәлелдеу. (Мұғалімнің айтып берілген сөйлемдерді,тек қана дұрыс сөйлемдерді анықтау керек)

«Дұрыс па,бұрыс па?» (5слайд)

  1. «Кітап- білім бұлағы» дегеніміз дұрыс па,бұрыс па? (дұрыс)
  2. Фотоөнер қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі ме? (бұрыс)
  3. Кітап- арзан, сенімсіз досың дегеніміз дұрыс па,бұрыс па? (бұрыс)
  4. «Артық білім- кітапта» деп Абай айтқан. Дұрыс па,бұрыс па? (дұрыс)
  5. Зергерлік бұйым -пісірілген ет,қазақ халқының ең басты тағамы. (бұрыс)
  6. Сурет салу,киім тоқу(тігу), зергерлік бұйымдар жасау -кішкентай өнер.(бұрыс)
  7. «Кітап- көп ақылдың құйылған көлі» дегені терең түсінуіміз дұрыс па,бұрыс
па? (дұрыс) 8. Зергер - әшекей бұйымдар жасайтын шебер. (дұрыс) 9. Киім тіккен кезде қайшы,жіп, мата қажет. (дұрыс)

IV.Жаңа сабақ:Кiрiспе әңгімесі: (6слайд)

Сендер қандай ән жанрын ұнатасыңдар? Қазақ халқының музыка өнер саласында қандай күйші-сазгерлерді білесіңдер? Музыка байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер? Кәсіби әншілер, музыканттар, күйші-сазгерлер болу үшін қандай жағдайлар керек?

Балалар,бүгінгі сабақтың тақырыбы-«Менің әуес ісім-ән айту», сондықтан

сабақтың ұранымыз «Ән-көңілдің ажары». «Ән - көңілдің ажары» дегендей, адамның көңіл-күйі ,адамға қандай ыстық, кандай қымбат сезімдер тудырады. Осымен «Менің әуес ісім-ән айту» арналған сабағымызды бастайық!

а/ Оқылым. (7слайд) «Менің әуес ісім-ән айту» деген жаңа тақырыптың берілген диалогті мәнерлеп оқып түсіну,өзара сөйлесу, диалогке ат қою,талдау,түйін жасау керек. (Оқулықта 1тапсырма 148бетте)

ә/ Жазылым. Тақта мен дәптермен жұмыс. (7слайд)

1.-Балалар, «Менің әуес ісім-ән айту», лексикалық тақырыбы бойынша берілген 2 -ші тапсырмасын орындау. Көп нүктенің орнына тиісті еріндік дауыстыларды қойып жазыңдар .

(2 тапсырма.С..зді, ..зіңіз, с..нау, к...рінген, ...қ..лды, қ..лын, ...рман, т..й, ..нер, қ..ғам, ж,,,ғары, ..лең, к..ше, к..рік, ..қ..шы,т..рт, аққ.., б..гін, ..мір.)

2 -Балалар, берілген 3 -ші тапсырмасын дәптерге жазбаша орындаймыз көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, толықтырған сөзге сұрақ қойып жазыңдар. Немесе берілген хабарлы сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер құраңдар. 3 тапсырма. (8слайд)

(Әсет әнші болуды армандайды-Нені армандайды? -Ән айтуды

Біз ән айтқанына риза болдық-Неге риза болдық?- Ән айтқанына

Ол халқына сыйлы әнші-Кімге сыйлы? - халқына сыйлы

Мен қазақша әндер айтып жүрмін- Нені айтып жүрмін? -қазақша әндер

Олар қазақ әншілері жайлы сөйлесті.- Кімдер жайлы сөйлесті ?- қазақ әншілері .

Оқушылар ән үйірмесі туралы сөйлесті.- Не туралы сөйлесті ?- ән үйірмесі) б/ Айтылым: (9слайд) -Балалар, «Менің әуес ісім-ән айту» тақырыбы бойынша қандай синоним,антоним, омоним сөздерін білесіңдер, айтып беріңдер.

  • Халық= …, бірінші = …, елұран= …, ұлы = …, ән орындаушы = ….(синонимдер)
  • қҚазақ тілі. 7сынып. Сабақтың лексикалық тақырыбы: Менің әуес ісім-ән айту. Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Термин сөздері. Етіс түрлеріҚазақ тілі. 7сынып. Сабақтың лексикалық тақырыбы: Менің әуес ісім-ән айту. Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Термин сөздері. Етіс түрлеріҚазақ тілі. 7сынып. Сабақтың лексикалық тақырыбы: Менің әуес ісім-ән айту. Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Термин сөздері. Етіс түрлеріҚазақ тілі. 7сынып. Сабақтың лексикалық тақырыбы: Менің әуес ісім-ән айту. Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Термин сөздері. Етіс түрлеріҚазақ тілі. 7сынып. Сабақтың лексикалық тақырыбы: Менің әуес ісім-ән айту. Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Термин сөздері. Етіс түрлеріазақша .., жаңа ... , соңғы ... , көне ... , қария ... . (антонимдер)
  • жас- ..., оқу-... (омонимдер)
в/ Айтылым. Лексикалық жаттығу.
  1. - Қазақ халық әндерін зерттеген ғалымдар кім?
  2. - Сен қандай ән жанрын ұнатасың?
  3. - Сен қазақша ән айта аласың ба?
  4. - Ата-анаңмен бірге ән айта аласың ба?
  5. - Отбасыңда көбіне қандай ән жанрын ұнатады?
  6. - Өзің қазақ,орыс тілдерінен басқа қай тілде әндерді білесің?
  7. -Қазақстан Республикасынының гимні қалай меңгеріп жүрсің?
  8. -Музыкалық ноталарды толық меңгеру үшін не істеу керек? Қалай ойлайсыңдар?
Берілген 4тапсырмадағы сұрақтарға жауап беріңдер,өзара сөйлесіңдер.Оқулықта 4тапсырма 149 бетте. (10слайд) V.Сабақтың бекіту кезеңі: (11 слайд)

Сонымен балалар, бүгін біз «Менің әуес ісім-ән айту» тақырыбымен таныстық тақырыбы бойынша арнайы мақал-мәтелдердің сыңарын табамыз.

Электрондық тақтада берілген мақал-мәтелдердің олардың бір дұрыс аудармасын тауып алу керек. (Балалар эл. тақтада берілген мақал-мәтелдердің аударма сыңарын тауып тұрады) А) Ақын мен әнші -адамзаттың бұлбұлы. (Поэт и певец - соловьи человечества) Б) Жігітке өлең де -өнер, өнер де- өнер (Для жігіта и песня искусство и ремесло-искусство) В) Өлең-алтын, сөз -күміс (Слово- серебро, песня золото) Г) Өлең- сөздің патшасы. (Песня-царица слова ) Ғ) Ән- көңілдің ажары (песня раскрывает красоту души) -Балалар, ән айту өнерінің негізін білсеңдер. Өйткені, қазіргі ХХІ ғасырда өнерлі, дарынды, жан-жақты болу -өмір талабы.

Сондықтан бүгінгі «Менің әуес ісім-ән айту» деген жаңа сабақты аяқтау үшін бір әнмен аяқтағым келеді! (12слайд)

VІ Үйге тапсырма: (13слайд) а/Балалар, үйде 5тапсырманың149 бетте берілген тапсырманы жасау. ә/ Дәптерге «Менің әуес ісім-ән айту» деген шағын әңгімені жазып дайындаңдар.
VІІ.Сабақтың қорытындысы: (14слайд)

1. Бағалау .

2. Мадақтау

3. Қорытын шешу

4. Қоштасу:

© 2010-2022