Тәрбие сағаты Менің Отаным-Қазақстан

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
1 қыркүйек - білім күні, оқушыларға Ата Заңымыздың қабылданғанына 20 жылдығы туралы және Қазақ хандығының құрылғандығына 550 жыл толуы туралы тусінік беру,жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, слайд, Астана қаласына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру)
«Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Мұғалім : Бүгін балалар «Бірінші қыркүйек -Білім күні». Бұл күн ата -ана үшін де, бала үшін де үлкен мереке.Елбасымыз айтып өткендей: «Еңбегіңмен алған білімің өзің ушін де, Елің үшінде таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін»- деп сендерге үлкен үміт артып отыр.

Хор : Әнұран

ІІ.Негізгі бөлім. Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!-деп Қасым Аманжолов
ақын ағамыз жырлағандай, бугінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы : «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.(слайдтан көрсетіледі)

- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)
- Қандай өлең жолдарын білеміз?
1 - оқушы:
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.
2 - оқушы:
Отан - жерім, Отан - суым, Сүйемін мен Отанымды,
Отан - қуат, нәр береді. Гүл жайнаған жерімді
Отан - ұран, Отан - туым, Сүйемін мен ата - анамды,
Отан мәңгі гүлденеді. Мені өсірген елімді.
Мұғалім:

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.

Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.

1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды. 1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар:ту,елтаңба,әнұран.Тудың
түсі-көк.Көк түс-бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.Тудың ортасында күн орналасқан.Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген.Ені-1 метр,ұзындығы-2 метр.
Елтаңбаның авторлары:Шот Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібеков.Елтаңбаның
реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті.Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі-
шаңырақ.Шаңырақтың айналасында уықтар.Оны пырақтар қанаты қоршап тұр.Елтаң
баның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз , астыңғы жағында «Қазақстан»жазуы
орналасқан.
2006 жылдың 6 қаңтарында жаңа әнұран қабылданды.Әнұранның сазын,яғни әуенін
жазған «қазақ вальсінің королі» атанған атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов,ал сөзін жазған көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеднеов және Нұрсұлтан Назарбаев.
Адамды мұратқа жеткізер- ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.1995 жылы30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.

Адам дүниеге шыр етіп келген күннен оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын
мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.Әр оқушы тұңғыш мектеп табалдырығын
аттаған күннен бастап Конституцияда жазылған өз құқығы жайлы білуі керек.
Мектепте ол өзінің білім алу құқығын пайдаланады.Құқық бойынша мемлекет
оны ақысыз оқытады.Оқушының бұдан кейінгі мақсаты,борышы-жақсы оқу,
терең білім алу.
Мұғалім: биыл Қазақ хандығының құрылғандығына 550 жыл толды. Абылай сынды ақылгөй ханы бар қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билері , «Жеті жарғысы» болған. Сол ата -бабаларымыздың дәуірінде Заңға бағынған.


-Енді балалар кезекті ойынға берейік.
Кел,балалар келіңіз,
Тамашаны көріңіз,
Томсырайып отырма
Мақал ,ребусты ойла
Шешімін таппай қойма.


Сөзжұмбақ «Отан»

1.Ұлттардың бірлігі, татулығы (Достық)

2.Елордамыз қай қала (Астана)

3. Біз қай ұлтпыз (Қазақ)

4.Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі (Әнұран)


Мұғалім:
- Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады?
- Қызылорда
Туған жеріміз Қызылорда біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз.
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?

1. Туған жер - тұғырың 2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
Туған ел - қыдырың.. 4. Туған жердің топырағы да ыстық
3. Туған жер - алтын бесік. 6. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
5. Отан от басынан басталады 8. Отан оттан да ыстық.
7. Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл
9. Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.
ІІІ. Қорытындылау.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен сұрақ шашылды.(оқушыларға жоғарыда айтылған
материалдар бойынша сұрақтар қойылады).

Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Отан - әр адам үшін оттан да ыстық.Сабағымызды жақсы оқып,еліміздің адал,еңбекқор азаматы болайық.Ер жетіп
еліміздің одан әрі көркеюіне ,гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
(оқушылардың барлығы тақтаға шығып,келесі әріптерді көтереді).
Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгергн
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор,
Болашағы елімнің!

Ән «Атамекен



© 2010-2022