Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру (2 класс)Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру (2 класс)Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру (2 класс)Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру (2 класс)2 сынып

Бейнелеу өнері

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішіндерден адамның дене-тұлғасын құрастырайық. Адам денесінің суретін саламыз.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Адам денесі мен кейпін бейнелеу, құрастыру тәсілдерінің

ерекшеліктерімен таныстыру, адам тіршілігі үшін

маңыздылығын ұғындыру, тіршілік иелерінің біртұтастығын

түсіндіру.

ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін

тереңдетіп, ойлау қабілетін, жұмыс істеу икемдігін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да

қанағатшыл, әдепті болуға, оларды адамның дене

құрылысының қызметтері жайлы таныстырып, дене күтімін

сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, адам денесі мен кейпі бейнеленген фотосуреттер, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, дидактикалық материалдар және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: Түрлі түсті қағаздан геометриялық пішіндер қиып ал. Пішіндердің қайсыбірінен адамның басын, денесін, аяқ-қолын бейнелеуге болатынын ойлап көр. Бір түсті қағаз бетіне геометриялық фигураларды әр түрлі етіп құрастыру арқылы қуыршақ адамға түрлі қимылдар жасата аласың. Байқап көр, ең сәтті және қызықты шыққан бейнеңді қағаз бетіне жапсыр.Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру (2 класс)Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру (2 класс)Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру (2 класс)Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру (2 класс)


Адам денесінің суретін саламыз.

Адамның дене-тұлғасын жасап қана қоймай, оның қимыл үстіндегі суретін салуға да болады. Ол аса қиындық тудырмайды. Мына көңілді тақпақ сенің есіңде болар:Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру (2 класс)

Нүкте, нүкте, үтір қой,

Бір сызықша - сықпатың.

Екі таяқ, бір қияр -

Шықты емес пе суретің?!


Міне, осылай адамның суреті салынады. Сонымен бас - шеңбер немесе сопақшадан, ал аяқ-қолдар, мойын, дене бірнеше тік бұрыштар мен сопақшалардан тұрады. Досыңды, ініңді немесе қарындасыңды қол-аяқтарын бүгіп, қызықты бір кейіпте алдыңда тұруын өтін. Өзің оның схемалық суретін салуға кіріс.Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру (2 класс) Тек қана сопақша, цилиндр мен үшбұрыштардан дене құрастыру шарт емес. Сонымен қатар әсерлі сызықтар мен еркін пішіндерді қолдана отырып та адам денесін бейнелеуге болады. Ол үшін айна алдында мына сияқты жаттығулар жасай отырып, өз дене мүшелеріңнің қимылын мұқият бақыла. Содан кейін сурет салуға кіріс.


Жас футболшылардың аяқтарында тыным жоқ. Олар жүйрік әрі қайратты болуы тиіс. Егер сен өзің жақсы көретін футбол ойынын бейнелегің келсе, қозғалыстағы денелерді бейнелеуіңе тура келеді Біздің дене-тұлғамыз да қозғалғыш, оны жан-жақка иілтіп қозғалта аламыз. Адам күні бойы мыңдаған күрделі және қарапайым қимылдар жасайды. Жалпы біздің дене мүшелеріміз өте қозғалғыш, әрі ырыққа көнгіш механизм. Егер сен әр түрлі кейіптегі және қозғалыстағы адам денесін бейнелеуді үйренсең, салған суреттерің неғұрлым әсерлі де тартымды болып шығады. Бірнеше жаттығулар жасап, аяқ-қолдарыңның, басыңның және денеңнің қимылдарына назар аудар. Содан

Өз біліміңді тексер.

1. Адам денесінің құрылысы туралы не білесің?

2. Адам денесінің мүшелерін қандай геометриялық денелерге ұқсатуға болады?

3. Адамның аяқ-қолдары қандай жұмыс атқарады?

4. Геометриялық денелерді пайдалана отырып, адам бейнесін құрастыр. 5. В. Перовтың мына туындысындағы аңшылардың әңгімесін сен естімейсің. Алайда олардың бет әлпеті мен әсерлі қимылдарынан әңгімелері аңшылық кезіндегі ерекше бір жағдай туралы екенін түсінуге болады. Осы сурет бойынша әңгіме құра.

Үйге тапсырма беру: Түрлі-түсті бояуларды пайдалана отырып, адам денесін бейнеле.

Бағалау.



© 2010-2022