Разработка урока на тему

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Оюлар

Фариза Оңғарсынова

Сабақтың мақсаты: : Ою- өрнектің күнделікті тұрмыста қолданылуын қарастыруы тиіс,ақынның ойын түсіну,жаңа сөздерді зерттеу.

Күтілетін нәтиже:

1. Өлең мазмұнын түсінеді;

2.Әр шумақтың мазмұнын талдайды, қорытындылайды

3.Адамдарда жылы сезім қай кезде пайда болатынына назар аударады, жаңа сөздердің мағынасын анықтайды.

Қолданылатын әдістер:1.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету(постер құрастырады,каллаж жасау,бірге ойлайық, «ыстық орындық»)

2. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер(метатану-танымдық қабілетті игереді)

3.Диалогтік оқыту(зерттеушілік әңгіме) 4.АКТ (тыңдау аудиовизуалдандыру интерактивті тақта)

5.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.(қалыптастырушы және жиынтық бағалау)

Жұмыс түрлері:жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта,ватман, түрлі-түсті қағаз, қайшы,клей,маркерь,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру,сыныпты түгендеу.

2.Психологиялық ахуалды орнату: «Кел,сәлемдесейік!» бір-бірімен қолмен арқамен, бетпен амандасу

Топқа бөліну.Бір,екіге санап екі топқа бөліну

3. Бағалау түрімен таныстыру,

2.Топ ережесін еске түсіру

-әр оқушы бір ережеден бірін-бірі қайталамай айтып береді(топтық бағалау)

-өз тобындағы рөлдерін анықтау

3.Үй тапсырмасын тексеру:

-жаттап келген мақалдарын кезекпен айту арқылы екі топ жарысады.

4.Жаңа тақырып.Блум таксономиясы бойынша

1. Білім деңгейі.Слайд- таныстырылым

-оюланған қазақтың киіз үйін көрсету арқылы бүгінгі тақырыпты анықтайды.

-өлеңнің авторы туралы білетін мәліметтерін айтады.

-Фариза Оңғарсынова туралы қысқаша таныстырылым

2.Түсіну деңгейі. Оқулықпен жұмыс

- топ ішінде өлеңді мәнерлеп оқу,

-С оқушы мәнерлеп оқиды, А оқушы өлеңді талдайды, В оқушы «Ыстық орындық» арқылы сұраққа жауап береді.

3.Қолдану деңгейі.Сөздікпен жұмыс

-1-топ «Желбау»

2-топ «Басқұр» сөздерін зерттеп ,қорытынды жасайды, әр топ өз жұмысын қорғайды,келесі топты бағалайды. (топтық бағалау)

4. Талдау деңгейі.

-Өзі білетін оюларды қиып жапсырады,

-оюлардың түрлерін атайды.

5.Жинақтау деңгейі. «Бірге ойлаймыз!» сұрақты талқылау

-ұлттық ою-өрнектер біздің өмірімізде, күнделікті тұрмыста қалай, қайда қолданылады?

6. Бағалау деңгейі.Берілген сұрақтарға жауап беру:

-Ақын текемет түрінен неге әжесін, оның саусақтарын көргендей болды?

-Текемет оюларын көргенде ақында қандай жылы сезімдер болды?

-Қандай ою түрлерін білесіңдер?

5. Үйге тапсырма.Өлеңді, жаңылтпашты жаттау, А оқушы Алма Қыраубайқызының өмірбаянын біліп келу.

6. Бағалау

Кері байланыс. «Тілек ағашы»

Бағалау критерийлері бойынша кестені толтыру

Оқушының аты

үй жұмысын орындауы

топтағы рөлін атқаруы

Мәнерлеп оқу

Белсенді қатысу

Постер жасау

барлық тапсырмаларды орындау

Жалпы ұпай саны






© 2010-2022