Өзін - өзі тану пәні сабақ жоспар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: «Үстірт орта мектебі» ММ Мерзiм 06.03.2014

Тақырып: Жақсылық жан тыныштығы

Құндылық: _Жан тыныштығы. Қасиеттер: Өмірдің қас қағым сәтін бағалау, қуанышты кездерін қадірлеу, кез келген жағдаятты дұрыс қабылдай білу, жан тыныштығына қол жеткізетін жолдарды таба білу, кешірімді болу, өзгенің жан дүниесін түсіне білу, адамның өзгере алатына сену т.б.

Мұғалiм: Аманова Н Класс 10 Оқушылар саны 22

Сабақ мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;

Адамның жан тыныштығының байланысын қарастыру;

Жан тыныштығына әкелетін жолдарға үйрету.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Музыкалық орталық, табиғат әуендері жазылған диск,

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi. «Мой Нур»

Балалар денелеріңді түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезініңдер.

1. Дәйек сөз. «Жан дүниемде тыныштық болса, бүкiл әлемде тыныштық». Халық даналығы

2. Сұрақтар: 1. 1. Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер? 2. Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады? 3. Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма? 4. Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма? 5. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады? 6. Жан тыныштығы деген сөзді қалай түсінесің?

7. Мәтінмен жұмыс

Мұғалім оқушылармен бірге А.Құнанбаевтың «Жиырма үшінші сөз» атты қара сөзін тыңдатып, талдау жасау арқылы олардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына және жаман қасиеттерді болдырмауға, әр істен өздері қорытынды жасап жан тыныштығын сезінуге үйрету.

8. Шығармашылық жұмыс, жеке орындалады.

Адамға жақсылық жасау, жан тыныштық дегенге өз ойларын жазу

9. Топпен ән айту.

«Шақырады көктем» әні орындалады.

Елестеттің көктемді гүл ашқан,

Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан.

Алыстарға жетеле, еремін,

Сені ғана бақыт деп сенемін.

Қайырмасы:

Арманымдай алдағы,

Ақ шуақтай таңдағы,

Аялай бер, арманым, аялай бер.

Сандауғаштар жырлаған,

Көктемдерге бір барам,

Шақырады біздерді көкорай бел.

Қолыңды бер, жатсынба, арманым,

Сәуледей боп аяла тандағы.

Шақырады жас көктем гүлімен,

Шақырады жасыл бақ жырымен.

10. Үй тапсырмасы. «Бүгін біз не туралы мәселе көтердік? Адамды әуреге салып, тыныштығын алатын не екен? Бүгінгі сабақ сіздерді неге үйретті? деген мәселе бойынша ой толғанысыңызды жазып келу

Соңғы тыныштық сәтi. Сабақтың соңында «Мен бүгін өзіме қандай жақсы жан тыныштығы туралы жаңалық аштым? - деген мәселе бойынша ой толғаңыз.



© 2010-2022