Тәрбие сағаты Бұрымды ару

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп: «№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММТәрбие сағаты Бұрымды ару

Мұғалім: Тишкамбаева Анар Канатовна

Тақырыбы: «Бұрымды ару» байқауы

Мақсаты: Оқушыларға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп,салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке,инабаттылыққа,ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы,дарын да талантты,бұрымды қыздарды елге таныстыру

І жүргізуші:

  • Қайырлы күн, аналар, әжелер мен сұлу қыздар! Міне,бүгін өздеріңізбен тағы бір мерекеге жиналып отырмыз. 8 - наурыз- отбасы мерекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, әпкелеріміз бен қарындастарымызға, қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн.

  • Көктемнің алғашқы шуақты күнінде келген мейрам сіздерге күннің шапағы мен жылулығын сыйласын. Мерекелеріңіз құтты болсын!

  • Бүгін, біздің сынып қыздар арасында «Бұрымды ару» байқауын өткізгелі отырмыз. Ендеше байқауға қош келдіңіздер!

Қыздарды сыйлау қазақтардың бар тілегі
Сол қыздарды сынайық біз бүгінгі
Нұрға толы көздері мен қыз жанарды
Қыз сыны, қыз әдебі, қыз өнері
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі
Бір көргеннен болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі- деп қыздарды әнге қоспаған ақындар кемде кем болар,

Қазақ қашанда қыздарын еркелеткен, төрінен орын берген.Біздің бүгінгі сайысымыз қыздар бойынан, ізгіліктің, қарапайымдылықтың, сонымен қатар талғампаздықтың үлгісін көргіміз келеді.

І жүргізуші: Байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар!

Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, қошеметпен ортамызға шақырайық.

  • Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
    Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. - деп әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
    1.

2.

3.


  • Сайысқа түспес бұрын «Бұрымды ару» сайысының бағдарламасымен таныс болыңыздар!

  1. «Сәлем беру салтымыз» таныстыру кезеңі

  2. «Өнерлі өрге жүзер» аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

  3. «Шашбаулым» Шаш өру өнері. Қалай өрілген, қандай өрім.

  4. «Жарнама». (таңдаған затқа байланысты шаш күтіміне жарнама жасау)

  5. «Мақал -сөз мәйегі» - деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз мақалды аяқтау керек. Мұнда аруларымыздың тіл шеберлігі, сөз байлығы сыналады.

  6. Қорытындылау.

І бөлім:

Баурап алар бір- ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлем- беру салтымыз» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.

ІІ бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі


Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.

ІІІ бөлім: «Шашбаулым»

  • Шаш -адамның, әсіресе қыздың көркі. Жастықтың өзі сұлулықтың, нәзіктіктің белгісі. Бұрын Шығыс қыздарының шаш өсіруі, әдемілігі бүкіл әлемге әйгілі болған. Абай арудың сұлулығын былай суреттеген:
    Білектей арқасында өрген бұрым
    Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
    Кәмшәт бөрік,ақ тамақ қара қасты
    Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? - демекші келесі шартымыз шаш өру өнері.

ІҮ бөлім: «Жарнама»

  • Шаш күтімі жайлы не біледі екен аруларымыз? Бұл сұраққа жауап алу үшін, әр ару мына тұрған заттарды таңдау арқылы, оған жарнама жасау ерек. Қане, дайын болсақ, жауап жарнамаға кезек берейік.

V бөлім: «Мақал -сөз мәйегі» Бұл бөлімде сайыскерлеріміз ана туралы мақал айтып жарысады. Мұнда аруларымыздың тіл шеберлігі, сөз байлығы сыналады.

Мақалдар:

1.Шебердің қолы ортақ,

(Шешеннің сөзі ортақ),

2.Шебердің саусағы (алтын)

3. Еңбек түбі- (береке)

4. Ана алдында - құрмет,
(Ата алдында - қызмет.)

5.Талаптыға (нұр жауар)

6. Анаңа ауыр сөз айтпа!
(Атыңа ауыр жүк артпа!)

7. Ағайын - алтау,
(Ана - біреу.)

8. Ананың сүті-бал,
(Баланың тілі - бал.)

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты - дей келе бүгінгі мерекеге арнап,

«Қыз сыны» атты әнді Тоқанов Бекарыс тарту етпек. Қабыл алыңыздар!

«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.

  • Қымбатты да, асыл жанды аналар, қызғалдақтай құлпырған қыздар және мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі «Бұрымды ару» байқауы өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет!

© 2010-2022