Түлкі мен тиін

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі

(2-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Түлкі мен тиін

Сабақтың мақсаттары: 1. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңнің негізгі ойын тауып, өлеңнің қай түріне жататынын анықтай білуге үйрету.

2. Ой-өрісін дамыту, өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, өз ойларын ашық айта білуге, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.

3. Мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. Адамгершілік қасиет-терге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы түлкі мен тиін бейнеленген сурет салынған плакат, тапсырмалар жазылған қағаздар, маркерлер.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.

Стратегия: топпен жұмыс, ой қозғау, сахналау, ассоциация, RAFT - әдісі, танымдық сұрақтар, әңгіме кестесі.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану сабағымен байланыстыру.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

1) Психологиялық дайындық

Мұғалім: - Көз не үшін керек?

Оқушылар: - Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?

Оқушылар: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?

Оқушылар: - Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: - Екі аяқ не үшін керек?

Оқушылар: - Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.

Мұғалім: - Дұрыс балалар, отыра қойыңдар. Олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

(Бүгінгі сабақтың күндегі сабақтан ерекше өтетінін хабарлап, оқушыларды сабаққа дайындап алу).

  • Балалар орманда жүретін қандай аңдарды білесіңдер?

  • Қасқыр, аю, түлкі, жолбарыс, т.б.

  • Жан-жануарлардың ішінде қулығымен танымал қандай аң?

  • Түлкі

  • Дұрыс айтасыңдар. Ағаштың діңіне ұя салып, жаңғақтар жинап, секіріп жүретін, ешқандай зияны жоқ аңды білесіңдер ме?

  • Ол - тиін

  • Дұрыс. Олай болса, біз бүгін түлкі мен тиін жайлы өлеңді өтеміз. (Тақтаға бүгінгі сабақ көрінісі бейнеленген суретті ілеміз)

  • Не көріп тұрсыңдар?

  • Түлкі, тиін, ағаш, дала. (Сабақ тақырыбын хабарлау)

Өлең авторы - Әбдрахман Асылбеков ( автор жайлы тоқталып кету)

ІІ. Мағынаны тану.

  1. Өлеңді өзім мәнерлеп, түсінікті етіп оқып беремін

  2. Оқушыларға оқыту

  3. Рөлге бөліп оқу (түлкі, тиін, автор)

  4. Сұрақтармен жұмыс

  • Түлкі тиінге кездескен сәтте не деді?

  • Тиін оған қалай жауап тапты?

  • Сол сәтте қандай жағдай болды?

  • Қай аңның айласы басына түсті?

  1. Өлеңнің толық мазмұнын айту.

  • Өлеңдегі негізгі ой не?

  • Мақтаншақтық әдеттен аулақ болу.

  1. Топпен жұмыс.

(Үш топ басшысы ортаға шығып, 1 карточкадан алады)

Тапсырма:

І топ: «Тоқсан тоғыз айлалы» дейтін сөз тіркесінің мағынасын түсіндір.

ІІ топ: «Тайраңдар» сөзінің мағыналас қатарын тауып көр

ІІІ топ: Бұл мәтін өлеңнің қай түріне жатады? Неліктен? (Әр топтан топ басшылары дайын болған кезде сигнал белгілерін көрсетеді).

Әр топ жауаптарын тыңдау, бағалау.

  1. Сөздік жұмыс жүргізу

Қиыр - алыс.

Маң - өте жақын жер.

Жайрады - сұлап жатты, өліп жатты.

ІІІ. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып қаламыз.

Алақанды соғамыз,

Орымызға қонамыз.

IV. Ой толғау. Бүгінгі өтілген сабақ жайлы білгендерін, бұрыннан білетіндерін пайдалана отырып жұмыстар жүргізу.

Топпен жұмыс. І топ - тиін; ІІ топ - түлкі; ІІІ топ - қасқыр.

Әр топқа плакат беру, әр топтағы оқушылар бүгінгі және бұрынғы білімдерін қоса отырып ассоциация құрады. Онда осы аңдар жайлы жалпы мәлімет көрсетілу керек. (Мінезі, жүретін жері, немен қоректенеді? Т.б.)

І

ТИІНТүлкі мен тиін топ жұмысы:

Секіріп жүреді

Пысық

Ешкімге зияны жоқТүлкі мен тиінТүлкі мен тиінТүлкі мен тиінТүлкі мен тиінТүлкі мен тиін

Момын

Құйрығы үлкен

Жаңғақ, саңырауқұлақ жейді

Ағаш қуысында өмір сүреді

Түлкі мен тиін

ІІ топ жұмысы:

Түлкі мен тиінТүлкі мен тиін

Түлкі мен тиінТүлкі мен тиінТүлкі мен тиінТүлкі мен тиін

Түлкі мен тиін

Түлкі мен тиін

Түлкі мен тиінТүлкі мен тиінТүлкі мен тиін

Түлкі мен тиінТүлкі мен тиінТүлкі мен тиін

Түлкі мен тиінТүлкі мен тиінТүлкі мен тиін

Түлкі мен тиінТүлкі мен тиін

Түлкі мен тиінТүлкі мен тиін

ІІІ топ жұмысы:

Қ

А

С

Қ

Ы

Р

Түлкі мен тиінМінезі өте жаман.

Түлкі мен тиінЖыртқыш.

Түлкі мен тиінОрманда, тауда жүреді.

Түлкі мен тиінАзулы аң.

Терісінен тон тігеді.

Түлкі мен тиінЕт жейді.

Түлкі мен тиінӨте кекшіл

Түлкі мен тиінАдамды да жеп қояды.

Түлкі мен тиінАңшылар атады.

Сахналау. Әр топ өздері келісіп алып сахналайды. Қай топтың сахналау өнері жақсы екенін айтып, бағалау.

V. Қорытындылау.

1) І, ІІ топ оқушыларына тапсырма: әңгіме кестесін толтыру.

Өлеңдер тақырыбы

«Тәкәппар»

«Түлкі мен тиін»

Авторы

Ш.Смаханұлы

Ә.Асылбеков

Оқиға орны

Суда

Далада

Негізгі кейіпкерлер

Балық

Түлкі, тиін

Негізгі ой:

Тәкәппарлық

Мақтаншақтық

Оқиға қалай аяқталды?

Балық өліп қалды

Түлкіні қасқыр жеп қойды

Қорытынды ой: Тәкәппарлық пен мақтаншақтық әдеттен аулақ боламыз.

2) RAFT - әдісі. ІІІ топқа тапсырма:

- Тиінге, түлкіге не айтар едіңдер?

Оқушылар жауабы:

  • Түлкі, мақтана бергеннің пайдасы жоқ.

  • Мақтанғаннан гөрі сақ болуың керек.

  • Тиін, сен де дұрыс істедің.

  • Сен өте ақылдысың, бір айланың өзімен аман қалдың.

  • Үнемі осылай жүре бер!

VІ. Үйге тапсырма. «Түлкі мен тиін» оқу, мазмұндау. Түлкі, тиін жайлы мәліметтер жинап келу.

VІ. Бағалау.

Түлкі мен тиін


© 2010-2022