Тіл-халық қазынасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл-халық қазынасы

Тіл - халық қазынасы.

1-тәрбиеші: Алтын бесік, ағайын-жұрт, туғаным,

Дос бөліссе қыза түсер думаның

Барлық ұлт өкілдері жарасып,

Асырайық іс жүзіне Тіл заңын.

2-тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар, сүйкімді бүлдіршіндер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесімен құттықтаймыз! Ең алдымен бұл барша елге ортақ жалпы халықтың мерекесі, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген зор құрмет. Сол халықтармен достықта, бірлікте өмір сүрейік! Әрқашан аспанымыз ашық болсын!

1-тәрбиеші: Қазақстан Республикасында жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әр елдің өз елтаңбасы, туы, ұлттық биі, киімдері, ұлттық тағамдары болады

Сондықтанда құрметті қонақтар, сүйікті бүлдіршіндеріміздің «Орыс» еліне деген сый-құрметін қабыл алыңыздар.

2-тәрбиеші: Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, менде бірге өшемін

Туған тілім сенімен бірге өсемін,

Айсұлтан

Ана тілім бойымда

Ағып тұрған бұлағым

Ана тілім ойымда

Жанып тұрған шырағым.

Жанэля

Ана тілің біліп қой,

Бостандығың тендігін

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышын елдігің.

Аружан

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тілінді құрметте.

2-тәрбиеші: Бал-бұл жанған гүл шағында

Біз Отаннң ұланымыз.

Бақытты елдің құшағында

Қошақан әнін шырқаймыз.

Ән: «Қошақан»

Айткүл

Ана тілім қуатым,

Ана тілім мұратым.

Ана тілім болмаса,

Ай, күнім болмас туатын.

Ерсайын

Ана тілім менің

Әлдилеген әнім

Ана тілім демім

Ана тілім дінім.

Жалғас

Ана тілім -елім,

Қажыр қайрат-күнім.

Айым

Ана тілім құралым

Ана тілім ұраным.

Ана тілім болмаса

Болмаса еді жыр әнім.

1-тәрбиеші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Би: «Қара жорға»

Ербол

Ана тілім-анам

Аппақ қардай арым

Айым

Бабамыздың тілі деп

Ана тілің сүйеміз.

Аружан

Қазақ тілім-ана тілім

Орыс тілі-таныс тілім.

Құтты болсын мерекең.

Ерсайын

Ана тілім елдігім

Ана тілім ерлігім

Жалғас

Ана тілім менің

Бабам артқан сенім

2-тәрбиеші:Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге сырлы ой салар

Әнді сүйсен менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Ұзын құлақ»

Дарина

Қазақ тілің сүйемін

Отан үшін күйемі

Адема

Ана тілің біліп қой,

Бостандығың тендігің.

Айсұлтан

Ана тілім- елдігім,

Ана тілім -ерлігім.

Би: «Орыс халқы»

1-тәрбиеші: Айдың шалқар көлім бар

Ну ормандай жерім бар.

Күннен күнге көркейген,

Менің байтақ елім бар.

2-тәрбиеші: Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

Ана тілін сақтау үшін жауапты.

Еліміз бірлікте, ұрпағымыз өрлікте болсын ағайын! Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!





























Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Лесной ауылы











Тақырыбы: «Тіл халық-қазынасы»

Өткізген:Ахмедбекова М.М.

Лесной ауданы 2014 ж



© 2010-2022