Урок казахского языка. Сөйлем және мәтін

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы : Сөйлем және мәтін

Мақсаты : Мәтін сөйлемнен тұратынын баланың сезіміне жеткізу,сөйлемнің белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік беру, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру, сөйлемнің алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін қоюға дағдыландыру;өз пікірін дәлелдей білуге үйрету; бір - бірімен қарым - қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету;

сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқу машықтықтарын дамыту ;

туған елін, жерін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтар: ИБТ, тапсырмалар, флипчарт,

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілдері: топпен жұмыс, сұрақ- жауап

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Психологиялық көңіл күй.

ІІІ.Қайталау, тақырыпты анықтау.

ІV.Мәтінмен жұмыс



V.Сергіту сәті

VІ.Пысықтау

ИБТ

Флипчарт

VІІ.Суретпен жұмыс



Сергіту сәті

VІІІ.Оқулықпен жұмыс

ІХ.Рефлексия

Х.Қорытынды

ХІ. Бағалау.


Топқа бөліну, спикерді таңдау

Музыка ойналады.

Не сезіндіңдер?Қандай көңіл күйде болдыңдар?

Балалар, бұл Вивальди деген итальяндық композитордың музыкасы «Жыл мезгілдері» деп аталады.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Мына музыка күз мезгіліне арналған.

1топ : «Мәтін деген не ?»

2топ: «Мәтінмен жұмыс»

3топ: «Сөйлем деген не?»

4топ: «Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады ?»

Бүгінгі тақырыбымыз қандай?

Менің Отаным -- күн шұғылалы Қазақстан. Елімде көп ұлтты халық тату тұрады.

Қазақ жері асыл қазынаға бай. Мұнай, көмір, алтын сияқты пайдалы қазбаларға толы.

Мен өскенде өз Отаныма қызмет еткім келеді.

Тапсырма:

1-топ 1-ші сөйлемді көшіреді.

2-топ 2-ші сөйлемді көшіреді.

3-топ 3-ші сөйлемді көшіреді.

4-топ 4-ші сөйлемді көшіреді.

«Шашылған сөйлемдер» ойыны

Біздің ауыл табиғаты сұлу жерде орналасқан. Ауыл сыртында шағын көл бар. Жазда ауылдың бар баласы көл жағасында табылады. Балалардың көңілді дауыстары күні бойы тынбайды.

Мәтін құрастыр.

Оқы.

Мәтін не туралы?

Суретке сәйкес келетін сөйлемдерді ғана теріп жазу.

1-сурет Қандай ғажайып күн! Үйдің айналасында үйіліп қар жатыр. Балалар аққала соғып жатыр. Ағаштар қалың қардың астында мүлгіп тұр.Құстар тоңып , ағаш басында бүрсиіп отыр. Қыстың күні серуендеген қандай тамаша!

2-сурет Айнала шалғын шөп. Малдар рахаттанып жайылып жүр. Ербол ауырып қалған қозыны бағуда. Әжесі түскі шайын ішіп отыр. Ағаштардан көлеңке түсіп тұр. Атасы тау бауырында мал бағып жүр.

3-сурет Біздің үйіміз ағаштан жасалған. Алма ағашының жемістері пісті. Үйдің айналасында жеміс ағашы. Оларды балалар теріп жатыр. Алмалары тәтті-ақ! Алмада дәрумендер көп.

4-сурет Күн шуақты. Марат қой бағып жүр. Таудан сарқырап су ағып жатыр. Қойлар тойынып, көлеңкеде жатыр. Ағаштар әдемі ақшыл гүлдермен гүлдеген. Жайлауда киіз үй құрылған. Айнала жайылып жүрген мал.

Көзге арналған жаттығу.

76 бет, 4-жаттығу

Мәтінді сөйлемдерге бөлу.

1топ 1- сөйлемді оқиды

2топ 2- сөйлемді оқиды

3топ 3 - сөйлемді оқиды

4 топ 4- сөйлемді оқиды

Сөйлемдер қандай әріптен басталып жазылады?

Сөйлемнің соңына не қоясың?

Тест тапсырмаларын орындау

Рефлексия «Ағаш»

Алмаларды орналастыру

Қызыл алма - бәрі түсінікті

Сары - кейбір тапсырмалар түсініксіз болды

Жасыл - бәрі түсініксіз болды

Музыканы тыңдайды.

Күз

Сөйлем және мәтін

Оқу

Мәтінге жата ма? Дәлелде

Қандай ат қоюға болады?

Неше сөйлемнен тұрады?

Ауызша

Жеке әр жерде орналасқан сөйлемдерді ретімен орналастырып, мәтін құрау.

Топпен керекті сөйлемдердің астын сызу,

ортаға шығып оқу, көшіру.





Сөйлемдерге бөлу

Оқу

Жазу




© 2010-2022