Өтебай Тұрманжанов. Шал мен бала 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сынып:

Сабақтың тақырыбы:

Ө.Тұрманжанов.Шал мен бала


Мақсаты:

Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашу.

Оқу нәтижесі:

Өз бетімен, топта жұмыс жасау тапсырмалары арқылы мәтін мазмұнын игеруге мүмкіндік беру. Оқушыларды қиялдауға, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу .

Оқытудың түрлері

Топтық жұмыс. Өздерін бағалауы.

Оқыту әдістері

"Болжау" стратегиясы

Ұйымдастыру кезеңі


Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу:

Үй тапсырмасын тексеру


Тест және сұрақ-жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Топқа бөлу

Топ ережесі

Топқа бөлу.

1-топ: Жақсылық

2-топ: Қайрымдылық

3-топ: Ізгілік

Топ ережелерін еске түсіру

Топ ережесін айтады:

-Өзгені тыңда!

-Өзіңді тыңдат!

-Мүмкіндікті пайдалан!

-Уақытты сыйла!

-Ойыңды ашық айт!

-Өзгенің пікірі құнды!

Слайд


Қызығушылықты ояту

-Балалар бүгінгі сабағымыз жай ғана сабақ емес,ерекше сабақ,өйткені бізге көп қонақтар келіп отыр.Қазақта мынадай мақал бар, «Келгенше қонақ ұялады,келгесін үй иесі ұялады».Ендеше біз ұялмайтындай болып,қонақтарымызға жақсы білімімізді тарту етейік.

(Жерлес ақынымыз Қ.Мырзалиевтың "Қазақ осы" әнін тыңдату)

-Балалар осы әнді тыңдағанда не түсіндіңдер?Осы ән туралы не айта аласыңдар,не түсіңдіңдер?

"Болжау" стратегиясы-Сонымен,бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақ Мәтінді игеру Мәтінмен жұмыс

1. Топпен талқылау.

2. Мазмұндау

Өтебай Тұрманжановтың өмірбаянымен таныстыру .

«Шал мен бала» мәтінін 3 абзацқа бөліп, таратып беремін. Әр топ өздеріне берілген абзацты оқып болғаннан кейін , балалар оқыған мәтін бөлігін бір-біріне айтып береді.

Сөздік жұмыс

Төтелей жүру-ең қысқа жолмен жүру.

Қазан құлағын көтеру-құрметті қонаққа қазанға ет асу,ас дайындау.

Он екіде бір гүлі ашылмаған-жас бала.

Сергіту сәті

Оқушылар қағазға тілектерін жазып,бір-біріне таратады.

Шығармашылық жұмыс

«Әдеби үйірме» стратегиясы

1-топ:Қонақты қарсы алу туралы әңгімелеу
2-топ: Мәтіннің мазмұнына сай сурет салу
3-топ: Қонақ,қонақжайлылық туралы мақал жазу

Қорытынды -Әңгімеде ертедегі қазақ ауылы қалай суреттелген?
-Баланың ауылына келген қонақ қандай адам еді?

-Сабақты қортындылай келе,бүгінгі сабақтан не білдіңдер,не айта аласыңдар?

Бағалау Оқушыларды мадақтап, бағалау

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Рефлексия «Бешбармақ» 1.Жайма - позитивті комментарий: не ұнады? 2.Ет - сындарлы сын: нені әлі білуім керек? 3. Тұздық - келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...

Үй жұмысы

81-82 бет оқу ,мазмұндау


© 2010-2022