Зат есім туралы түсінік

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зат есім туралы түсінікЗат есім туралы түсінікЗат есім туралы түсінікЗат есім туралы түсінікЗат есім туралы түсінікЗат есім туралы түсінікСабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға зат есім туралы түсінік беру.Зат есім жөнінде өткен білімдерін еске түсіру, тиянақтау.

2.Балалардың сөз байлығын, шығармашылық қабілеттерін жан - жақты дамыту.

3.Ұқыптылыққа , шапшаңдыққа , жауапкершілікке тәрбиелеу .

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ , интерактивті тақта , үлестңрме парақшалар .

Түрі : аралас сабақ

Әдіс: түсіндіру , сұрақ-жауап , әңгімелеу .

Пәнаралық байланыс : дүниетану , ана тіл

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар , бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр . Біз қонақтарға білімімізді , ұқыптылығымызды , тапқырлығымызды , ұйымшылдығымызды , көрсетеміз.

Олай болса , мақал- мәтелдер айтайық:

1. Жақсының қонағы бірге келеді

2. қонақ табалдырықтан с аттаса , үиге береке келеді.

3. Құтты қонақ келсе , қой егіз тауар

Психологиялық дайындық

Үстелімде түр кітап,

Ал дәптерім , мінеки.

Бүгін менің тығылмақ

Оинағымда келмеи түр

Уақыт жоқ үлгеруге

Жасап қағаз қайықты .

Бүгін бізде сабақ бар ,

Маңызды әрі лайықты .

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2. үй тапсырмасы тексеру:

Сөз таптары Ереже 7- жаттығу

3.Өткен сабақты қортындылау

1. Сөз таптарын ата

2. Осы сөз таптарының сұрақтарын білеміз бе?

3. Мысалы келтіру.

Бағалау

4.Жаңа сабақ

Оқушылар, сөзжұмбақ шешейік

Қ А З А Қ С Т А Н

Е Л Т А Ң Б А

А С Т А Н А

М Е К Т Е П

Б Е С

К І Т А П

М Ұ Н А Й

1. Біз тұрған республика қалай аталады?

2. Пырақты қос ат бейнеленген нышан қалай аталады?

3. Біздің бас қаламыз ?

4. Сендер оқитын оқу орын ?

5. Ең жақсы баға ?

6. Біз білімді неден аламыз?

7. Маңғыстау байлығы ?

Сергіту сәті

Орманың шетіне қонып , жаттығу жасаймыз

Тербелді ағаштар ,

Жел алдынын еседі.

Кіп - Кішкентай балалар ,

Үп- үлкен боп өседі.

2-Жаттығу

Суретпен жұмыс.

<<Кім көп зат есім тауып айтады?>>. Ауызша орындау

3-Жаттығу

Қыс.Қақаған аяаз.Қалың қар жәндік біткенде жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа алуға кірісті.

4-жаттығу

Төрт түлік: Сиыр , түие , жылқы, қой, ешкі.

Аңдар: Арыстан, қасқыр, түлкі

Қүстар: Қарылғаш, торғай, көгершін

Отбасы мүшелері: Ата, әже, әке , ана , аға

Қандай сөз шықты ? - Зат есім .

Олай болса , бүгінгі тақырыбымыз -Зат есім

Дәптерлерімізді ашып ,бүгінгі күннің жадын ,жаңа тақырыпты жазамыз .

Ережемен таныстыру .

Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз . Зат есімгн кім ? кімдер? Не? Нелер ? деген сұрақтар қойылады . Оқушы , қалам , жұмысшылар ,аңдар .

Оқулықпен жұмыс .

1 - жаттығу .

Суреттерге қара . Суреттегі құстардың атын білмеген жағдаида оларды білу үшін қандай сұрақ қойасың?

Бұл не ? - Қарылғаш, сауысқан , торғай.

Қарылғаш - жылы жаққа ұшатын құс.Сауысқан - қыстап қалатын суыққа төзімді құс

Жұмбақ

Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үи соғады (Қарылғаш) осы жерде Ө . Тұржамановтың <<Қүс ұяасын бұзбайық!>> өлеңнен мысалы келтіреин:

Балалық қып қызбайық !

Құс ұяасын бұзбайық !

Жұмыртқасын алмайық !

Обалына қалмайық !

Тақия тұзақ салмайық !

Қарғысына қалмайық !

Мақалды оқып, Кім? Не? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.

Ақыл- тозбайтын тон, шешен сөз бастар

Білім-таусылмаитын кен. Батыр қол бастар

3-топ

Зат есімдерді қатыстырып,<<Қыс>> мезгілі туралы әңгме жазу

5-Жаттығу. Аузша орындау

Ой қозғау

Ойын. <<Жыл мезгілдері>>

Зат есім туралы еске түсіреиік

Адамдарға Не? Нелер?

Зат есім

Кім? Кімдер? Жануарларға

Сабақты қорытындылау:

Бекіту сұрақтары :

1. Біз бүгін немен таныстық

2. Зат есім дегеніміз не?

3. Зат есім сұрақтарын ата.

Бағалау .

Үй тапсырмасы .

Ереже . 6 - жаттығу



© 2010-2022