Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Синтаксис бойынша теориялық білімдерін практикада көрсету Оқушылардың құрмалас сөйлемдерді ажыратып, олардың мағыналық түрлерін анықтай білу біліктерін тексеру ,сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін меңгерту, оқушылардың ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуге төселдіру;

Дамытушылық: Тапсырма беру арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу, белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру; Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу; Тәрбиелілік: Елбасы жолдауын түсіндіру, ана тілін сүюге қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу; Сабақ түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, тілдік талдаулар, іздендіру тапсырмалары Көрнекіліктер: слайд, үлестірмелі карточкалар, мәтіндер. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау ІІІ. Жаңа сабақ

  • Сызбамен жұмыс-сұрақ-жауап



СИНТАКСИССинтаксис тарауы бойынша қайталау сабағыСинтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы

Сөз тіркесі

Сөйлем
Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағыСинтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағыСинтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі тіркесі

Жай сөйлем

Құрмалас сөйлем

  • Сөйлемдер оқу, мағынасын түсіндіру, жай сөйлемге синтаксистік талдау жасау, сөз тіркестерінің түрін ажырату

1.Жолдауда Елбасымыз негізгі салалар бойынша басым бағыттарға тоқталды. 2.Ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын ұсынып, халқымыздың өмірін жарқын ете түсетін стратегиялық бағыттарды айқындап берді. Басым бағыттары, бағыттарға тоқталды
  • Мәтінмен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп оқу, сөйлем түрлерін ажырату, сөздердің түрін анықтау Сұлулық. Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады... Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді. Көңіл бөледі, кереметтілігіне тамсанады
  1. құрмалас сөйлем, 3 салалас құрмалас сөйлем, 1 сабақтас құрмалас сөйлем

  • Семантикалық картамен жұмыс


Семантикалық карта Салалас түрі жалғаулықтар Ыңғайлас Қарсылықты Себеп- салдар Түсіндірмелі Талғаулы Кезектес Да, де, та, те, және, әрі

+






Сондықтан, себебі, сол себепті,өйткені



+




Бірақ, дегенмен, әйтсе де, сонда да


+





Сонша,сол, сондай




+



Болмаса, әйтпесе,не болмаса я, яки





+


Біресе,бірде, кейде






+

  • Сөйлемдерді оқу, тыныс белгінің қойылу себебін түсіндіру,салалас құрмалас сөйлемді табу, сөйлем мүшелеріне талдау, сөздердің байланысу тәсілін анықтау.

Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы


Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсаты - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.

саяси бағдарын, қатарына қосылуы, ол- келбеті


  • Венн диаграммасын орындау

Салалас құрмалас сөйлем Сабақтас құрмалас сөйлем
  • Сөйлемдерді оқу, сабақтас құрмалас сөйлемді табу, сөйлем мүшелеріне талдау, сөздердің байланысу түрін анықтау

Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырып, мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

Асыл арман, елдің іргетасын, ақиқатқа айналдырып, ойып тұрып орын алатын

  • Тест орындау

Баламалы тест (ия-жоқ)

  1. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты, бір -біріне тәуелді болмайды.(ия)
  2. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін.(ия)
  3. Ыңғайлас салаластың «және» жалғаулығы ешқашан қайталанбайды.(ия)
  4. Қарсылықты салалас жалғаулықтары түсірілсе, тек үтір қойылады.(жоқ)
  5. Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте қойылады.(ия)
  6. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады.(жоқ)
  7. Қарсылықты салаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге айналдыруға болады.(ия)
  8. Аралас құрмалас кейде төрт жай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады.(ия)

  • «Сыңарыңды тап ».( Сөйлемдердің әр сыңары таратылып беріледі, бір сыңары оқылғанда, екінші сыңарын келесі оқушы оқу керек.)

  1. Жақсы дәстүр ұзақ уақытта жасалса, ұзақ өмір сүрсе , кейінгілерге даңғыл жол болып қалады.
  2. Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме, оны өзің есіңе түсіруге тырыс.
  3. Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озғанына біраз уақыт өткенмен, халық өзінің ардақты басшысын ұмытпайды.
  4. Бабамнан қалған асыл бар: ол- мынау жатқан кең байтақ жер.
  5. Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес.
  6. Адам ымырт кезінде ұйықтамайды, себебі сол уақытта өлім мен өмір ауысады.
  7. Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра
  8. Тасболат басын төмен салып, біраз жерге шейін ойланумен отырды.

  • Қорытынды-сызба бойынша ереже айту


Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы
Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

«Қазақстан 2050» - мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік!-деп Елбасы айтқандай, еліміздің өсіп-өркендеуіне терең білімімізбен, болашаққа деген сенімімізбен үлесімізді қосайық! Ел болашағы-біздің қолымызда. ХХІ ғасырда дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар!


  • Бағалау «Қазақ тілі сабағы бүгін мен үшін...» ( әр оқушы өз ойын бірер сөйлеммен қорытып айтады және өзін-өзі бағалайды)

  • Үйге тапсырма: Елбасы жолдауына байланысты құрмалас сөйлемдер жазу, толық синтаксистік талдау жасау


























© 2010-2022