2-сынып Бейнелеу өнері. Тақырыбы: Сиқырлы орман

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнелеу. 2-сынып

Тақырыбы: Сиқырлы орман

Мақсаты:

1. Білімділік: «Гаттография» тәсілінің ұғымы мен анықтамасын беру;2. Дамытушылық: Аралас тәсілдегі сызу дағдысы және біліктілігін жетілдіру; аралас тәсілдегі сәндік әдістерді түсіндіру;

3. Тәрбиелік: Өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер:орман фотсуреті, суреттер, бояулар салынған суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: : «Гаттография» тәсілінің ұғымы мен анықтамасын беру Аралас тәсілдегі сызу дағдысы және біліктілігін жетілдіру; аралас тәсілдегі сәндік әдістерді түсіндіру

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Оқушылармен бірге фотосуреттерді қарап, ертегілік орманның бейнесі бар ертегілерді еске аламыз Граттографияны «тырналап сурет салу» деп аударуға болады. Бұл көпқырлы тәсілге біраз дағдылану керек, бірақ қай балалар болса да, өте қызық және тиімді.

3. Тақырыпты түсіндіру.

-Парақты кез келген тәртіпте майлы немесе балауыз борлармен бояп шығамыз. Бірақ бор сызбаларын ақ қағаздың бір жері де көрінбейтіндей бояп шығамыз.

-Содан кейін қара тушь, жалпақ қылқаламмен бормен боялған парақты тұтас бояймыз.

-Тушь кепкен соң қаламұшпен ағаш суретін тырналаймыз. Жайлап діңіне айналатын бұтақ бағытын салу өте оңай. Сонымен сиқырлы орман да пайда болды.

Сергіту сәті:

Далада жел тұрды,

Жел қатты тұрды.

Далада жаңбыр жауды,

Жаңбыр қатты жауды.

Найзағай жарқ етті

Жаңбыр басылды,

Күн ашылды

5. Сабақты қорыту.

Не білдік? Не үйрендік?

6. Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022