Внеклассное мероприятие Армысың, Әз Наурыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Армысың, Әз Наурыз.

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Қазақ халқының салт- дәстүрлерімен таныстыру. Білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар,.

Көңілің бар алаңдар,

Наурыз тойы басталды,

Бәрің бері қараңдар.

2- жүргізуші: Ау, халайық, халайық

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.

Көрініс: «Наурыз деген не?»

Бала: Әже, осы Наурыз тойы деген не?

Әжесі: Наурыз өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінде «нау» жаңа, «рыз» күн деген сөзден шыққан... Наурыз күні күн мен түн теңеледі.

КҮН: Сәулесі мол күнмін,

АЙ: Жұлдызы көп түнмін.

Бірдей болып біздер.

Теңелеміз бүгін.

1-оқушы: Келді, Наурыз жар салып,

Би билеп, ән салып.

Жылда келсін Ұлыс күн.

Тұрайық есен қарсы алып.

2- оқушы: Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді.

Күлімде, Наурыз, күлімде.

Мұғалім:Наурыз мейрамы шығыс халқында өте ертеден атап өтілген. Солардың ішінде әсіресе түркілер арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған. Тәңірдей құдай ел тіршілігіне кеңшілік әкеледі деп есептеген. Ескі ауыртпалықтың барлығы қыспен бірге кетіп, жаңа үміт, жаңа тіршілік иесінің есігі ашылған күн деп есептеген.

Ұлттық ойын: «Аударыспақ»

3- оқушы:Қыс өтті, қар кетіп.

Шырайлы жаз кетіп.

Шаруаны кеңелткен,

Мейрамы ежелден.

Құтты болсын,Наурыз.

4-оқушы: Бақта құстар сайрайды

Жайнап көктем нұрымен

Жаңа дәстүр жырымен

Ел Наурызды тойлайды.

Мұғалім: Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурыз көже. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінес ақ жағы басым болады. Өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез. Сондықтан тойшылар бір- біріне « Ақ мол болсын», «Сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы, наным- сенімі бойынша осы кезде ҚЫДЫР БАБА барлық босағаға аттап, қуаныш әкеледі, жақсылық шашады деп есептеген.

БИ: ҚАРА ЖОРҒА.

Көрініс: Наурыз көже.

Бала: Әже, Наурыз көже деген не?

Әжесі: Наурыз көже кем дегенде 7 түрлі дәмнен жасалады. (Жасалу жолдарын тү

сіндіру).

Көрініс: Бесікке салу.

5- оқушы: Әнім де саған, биімде саған.

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме.

Күлімде Наурыз ,күлімде.

6- оқушы: Жарқыра , жайна Наурызым.

Қабағы жаудың түйілсін.

Береке - байлық дәм тұзың

Халқыма мәңгі бұйырсын.

Хор: Қош, келдің Наурыз!

Келген қонақтарға сөз беру, дайындалған Наурыз көжеден ауыз тигізу,бата бергізу.



© 2010-2022